«Жанұяда балаға зорлық-зомбылық болмасын!»

2266

 

Тақырыбы: «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық  болмасын!»

 

 

Мақсаты: балаларға қатыгездікпен қарау  мәселесі бойынша ата-аналарды ақпараттандыру және жәбірлеуді болдыртпайтын және оның алдын алуда ата-ананың міндетін түсіндіру.

Барысы:

            Тренинг: «Балаңызды қаншалықты танисыз?»

Кіріспе сөз

Құрметті ата — аналар! Бүгінгі  жалпы ата-аналар  жиналысына қош келдіңіздер. 20 қараша Дүниежүзілік балаларды қорғау күні болып саналады. 1-19 қараша аралығы Республикалық «Балалық шақ – зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз» акциясы болып жарияланды. Осыған орай   бүгінгі шара  «Жанұяда балаға зорлық-зомбылық  болмасын!» тақырыбында өтпек.

 

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.
Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.

Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.
Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.

Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.
Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.

Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.
«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.

Балаларға зорлық көрсетудің бірнеше түрлері бар:

Физикалық күш көрсету зорлық — зомбылығы: дене күшiн қолданып, дененi ауыртып денсаулыққа  қасақана зиян келтiру, яғни соққыға жығу, жармасу, алақанмен не жұдырықпен немесе басқа да нәрселермен ұру. Бұл зорлықтың әсерінен бетке немесе денеге жарақат түседі. Ал денеге жарақат түспеген болса, онда адамның ішкі органдарына зиян тиюі әбден мүмкін.
Күш көрсету зорлық — зомбылығының белгілері:
• адамның бетіне, не денесіне әр түрлі топтағы, яғни көк таңбалардың, сондай – ақ жіптен, өтектен, темекіден болған әр түрлі нысандағы жарақаттардың белең алуы;
• ауыз қуысының, еріннің жырылуы немесе қол мен аяқ, дене мүшелеріндегі дақтар;
• буындар ауруы немесе дене мүшелерінің ісігі, белгісіз сүйек сынықтары;
• тістің босауы немесе сынуы;
• адам тістерінің іздері;
• шаштың жұлынуы;
Күш көрсету зорлық – зомбылығынан кейін балалардың мінез – құлығындағы байқалатын өзгерістер:
• балалар ересектерден, ата – аналарынан үнемі қорқатын болады;
• балалар агрессивті, тез ашуланғыш немесе тұйық болады;
• қарым – қатынас дағдысы баяу дамиды;
• оқуда туындайтын қиыншылықтар: үлгермеушілік, жинақылық қасиетінің жоқтығы, тіл дамуының баяулығы;
• үйден қашуы немесе құқықбұзушылыққа бейім болуы;
• кездейсоқ дене жарақатына тап болу себебін түсіндіре алмауы;
• икемсіз қозғалуы мен дене мүшелерінің ауыруы;
• қажеттілік болмаса да денесін киіммен бүркеуі;
• нашар баға алғаннан кейін үйге қайтуға жігерсіздігі.

Психологиялық зорлық – зомбылық — адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмiрге немесе денсаулыққа қауiп төндiретiн, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетiн әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу (ерiксiз көндiру) арқылы ар – намысы мен абыройын кемсiту. Осы зорлық – зомбылықтың түрі үлкен адамдар арсында жиі кездеседі. Көбінесе ондай адамдар өздерін аурумыз деп санайды.

Психологиялық зорлық – зомбылық кезінде баланың мінез – құлқында кездесетін келеңсіздіктер:
• мазасыздық немесе қобалжу;
• ұйқының бұзылуы;
• тәбеттің төмендеуі;
• ұзақ уақыт дегбірсізденуі;
• эксцентременталды мінез – құлықтың пайда болуы;
• өз – өзіне қол жұмсау немесе қауіп – қатері;
• басқа да адамдармен дұрыс қарым – қатынаста болмауы;
• ең төменгі бағаға ие болу.

Эмоционалды және сөзбен қорлау:
Жоғарыдағы зорлық – зомбылық түрі шынайы өмірде жиі кездеседі. Кей уақытта адамдар ұрыс, керіс, айқай – шу, дауыс көтеру сияқты келеңсіз қасиеттерді зорлық деп те санамайды. Алайда бұл негізінен осы зорлық түріне енеді.
Осы зорлықтар барысында анықталатын жәйттер:
• адамның намысына тиетін ғайбат сөздер айту,
• сөзбен қорқытқан кезде, адамның бойына қорқыныш ұялайды;
• кей адам көмек көрсетуден бас тартса, онда көмек қажет еткен адам өзін керексіз санауы мүмкін, сондықтан сөйлесуге құлқы болмайды;
• өз қатарластарымен көрісуге, кездесуге рұқсат берілмейді, ата – аналары туысқандарымен хабарласуға немесе ажырасқан ата – аналар балаларына бір – бірін көруге де тиым салады.
Осы зорлық – зомбылық түрлерінде:
• баланы ашық сынау;
• ар – намысына тию;
• баланы сөзбен қорқыту;
• баланы ешқайда шығармау;
• баланың жасын ескермей, қатал талаптар қою;
• ересектер тарапынан жалған сөйлеу, өз уәдесінде тұрмау, бала сенімінен шығу;
• баланың психологиясына әсер ететін психикалық өрескел мінез көрсету сияқты келеңсіздіктер бой көрсетеді.
Эмоционалды және сөзбен қорлауды бастан кешкен балалардың мінез – құлықтарында:
• даму баяулығы;
• түрлі ауруларға шалдығуы (тез арада салмақ жоғалту, семіру, ұлтабар, тері ауруларына шалдығу және т.б.);
• ішкі жан күйзелісі тәрізді өзгерістер жиі байқалады.
Балаларға қатысты эмоционалды зорлық – зомбылық кезінде ересектердің мінез – құлықтарында байқалатын ерекшеліктер:
• баланы жариялы түрде, ашық балағаттау, кемсіту, қорлау ;
• баланың қорыққан немесе күйзеліс кезінде демеу бермеу, өз қателігін мойындаттыру;
• баланы ашық түрде жек көру.
Сексуалдық зорлық-зомбылық — адамның жыныстың тиiспеушiлiгiне немесе жыныстық еркiндiгiне қауiп төндiретiн құқыққа қарсы қасақана iс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы iс- әрекеттер.
Жоғарыда аталған зорлықтың түріне баланың көзінше жыныстық қарым – қатынас жасау, сүйісу тәрізді жат қылықтарды көрсету, өзін жаман сезінетін ашық киімдерді киюге мәжбүрлеу сияқты келеңсіздіктер жатады. Кейбір қыздар өздерін өктем көрсету мақсатында «Міне менің жігітім бар…» деген жалған мақтанмен осындай зорлықтың құрбаны болады.
Инцест. Сексуалдық зорлық – зомбылықтың бұл түріне әке немесе өгей әке мен бала, шеше немесе өгей шешесі мен бала және аға мен әпкесі арасындағы жыныстық қарым – қатынас түрлері жатады.
Экономикалық зорлық-зомбылық — адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйiнен, тамағынан, киiмiнен, мүлкiнен, қаражатынан қасақана айыру, бұл дене саулығының және (немесе) психикалық денсаулығының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн.
Ақшаны тартып алу және тек сұранысына немесе қажеттілігіне қарай (кітап, дәптер, қалам сатып алуға) шектеп қаражат беру, сыныптас достарының туған күндеріне ақша жинау, сондай – ақ дүкендерге барғанда ақша жұмсауына үнемі қадағалау жүргізу сияқты жәбірлеудің бұл түрі де зорлық – зомбылыққа жатады. Балаға қатыгездікпен қарау ата – ананың шарасыздығын көрсетеді және бала мен ата – ана арасындағы өзара түсінбеушілік белең алып, қарым – қатынас дұрыс жолға қойылмайды.
Бұл зорлықтың түрін балалар көбінесе бастан кешірмейді, ал олар осы көріністің куәгері жиі болуы ықтимал. Жоғарыда аталған көріністен кейін балалар өздерін жайсыз эмоционалды жағдайда сезінеді, атап айтсақ:
• отбасындағы болып жатқан жағдайларға өзін себепкер санайды;
• отбасы мүшелері физикалық зорлыққа тап бола ма деген бала санасындағы үрей мен қорқыныш;
• тек жоғарыдағы жағдайдың сол отбасында ғана қайталануына ұялу;
• ата – аналары өз міндеттерін орындамағандықтан, қалай көмек көрсетемін деп үнемі қобалжуы және ішкі жан дүниесінің күйзелісі (басқа балаларға алаңдауы, ақшаны қалай тапсам деген ойға берілуі);
Экономикалық зорлық – зомбылықтың, яғни отбасындағы айғай – шудың куәгері ретінде жәбірленуді бастан кешірген балаларда кездесетін мінез – құлықтар немесе олардың бойынан табылатын келеңсіз әрекеттері:
• отбасылық зорлық – зомбылық жөнінде біреулер біліп қоя ма деген үреймен мектепке бармау;
• өзгелердің жағдайына алаңдаушылық танытуы;
• мінез – құлқында қатыгездік пен немқұрайлылық қасиеттерінің байқалуы;
• өздеріне айтылған сын – ескертпелерді ауыр қабылдауы;
• өздеріне өзгелердің үнемі назар аударуын қалайды;
• үнемі айналасындағы балалар мен жануарларға зиян келтіруге бейім;
• ішімдік пен нашақорды пайдалануы;
• өз – өзіне қол жұмсау өлімі туралы айту;
• жыныстық қарым – қатынас жөнінде өзіндік таным-түсінігінің бар болуы;
• өздерін ересек немесе кішкентай азамат ретінде мінсіз тануы;
• үйде аз тұрақтау мақсатында қоғамдық қызметте белсенділік танытуы;
• асқа аса тәбеті болмайды.
Балаларды қауіп-қатерден қорғау:
Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Барлық қылмыстардың ішінде ең ауыры зорлау болып табылады. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтанда балаға мынаны түсіндірген жөн:
— Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
— Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
— Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.
-Көшеде, автобуста, пойызда танымайтын ересек адамдармен сойлеспе.
— Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
— Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;
— Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден білікті билік органдарына хабарлаңыз.

Егер сіздің балаңыз жәбірленгенін айтса, не істеу керек?

А) Оған сеніңіз.Ол басынан өткен жәбірлеу туралы өтірік айтпайды, егерде толқып, бүге — шүгесіне дейін айтса да.

Ә) Оған ұрыспаңыз. Себебі, жәбірленуші бөтен біреу, ал зардап шегуші — сіздің балаңыз.

Б) Оған түсіністік көрсетіп, оны мұқият және шыдамды тыңдаңыз.

В) «Қатерлі ешнәрсе болмады, барлығы да өтеді» деген сөздермен оның ауыртпалығын кемітпеңіз.

Г) Оған теріс бұрылмаңыз: егер ол сізге келіп, ұрыс, үрей және ашуға кезіксе, ол оған жәбірленуден де ауыр тиюі мүмкін.

Ата — ана үшін ескерту:

  1. Өз балаларыңызбен сенімділік қатынасын сақтаңыз.
  2. Отбасында бала кез келген мәселелерді, оның ересектермен қатынастарын қоса, талқылай алатындай арақатынастар жасау керек.
  3. Балалар өз өмірлерінің құбылыстары немесе достары туралы айтып жатқанда, оларды мұқият тыңдаңыз.
  4. Баланы жан қобалжуларымен бөлісуге ынталандырыңыз, бұл апаттан сақтаудың маңызды шарттардың бірі.
  5. Сіз балаңыздың басқа балалармен немесе ересектермен қатынастарын білуіңіз керексіз. Бір — біріңіздіен еш нәрсе жасырмаңыз, себебі, балалар қатерлі жаңғадайларды жиі жасырады.

Сергіту сәті:  «Жақсы және жаман» әдеттер

 Қорытынды:

Шынына келсек, бала өмірі-қобалжулар тізбезі. Бала бәріне тәуелді, ешнәрсеге құқығы жоқ, ересектер оны адамға санамайды. Атажананың есіне отбасының көңіл-күйі мен баланың сыртқы және ішкі жәбірлеуден дайындыққа әзірлігінің дәрежесі арасында тікелей тәуелділік бар екенін естеріне түсіремін. Жиналысты  ата-ана үшін ескертуді таратумен аяқтаймын.