«Алтын орындық » атты ойын – сайыс

37

  Құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар !

Бүгінгі  5 а— 5 б— 6 – кластар  аралығында   «Алтын орындық » атты  ойын – сайысқа  қош  келдіңіздер. Біздің  бұл  ойынды  ұйымдастырудағы  мақсатымыз : кеудесінде  оты, санасында  сәулесі  бар  ертеңгі  ел  тірегі  осы  оқушыларымыздың  интеллектуалдық  сайыс  арқылы  білімін  тексеру, санасын  жетілдіру.

Халық  даналығы  айтпақшы :

Білімнен  қымбат  нәрсе  жоқ,

Көңілде  жатса  баспай  тот- деп, оқушылар  бүгінгі  ойын – сайысымыздан  қосымша  мәліметтер  алып, білімдерін  молайтады  деп  ойлаймыз.

Ендеше, ойынымызды  бастаймыз:

  1. Әр класқа  сұрақ  қою  арқылы, әр  кластан  2 ойыншыдан  іріктеп  алып, ортаға

3  кластан  6   ойыншы  шығаруымыз  керек. Әр  класқа  2 сұрақ  қоямын. Дұрыс  тапқандар  ғана  ортаға  шыға  алады.

Сұрақтар :

  1. Ауылымыздағы Ұлы Отан  соғысының  ардагері?
  2. « Қазақстан – 2030 » стратегиялық жобасына биыл  неше  жыл  толып  отыр?
  3. 7 – кластың класс жетекшісі  кім ?
  4. Мектебіміздегі 10 – класта неше  оқушы  бар ?
  5. Біздің мектеп қандай  спорт  түрлерінен  ауданда  бірнеше  мәрте  І орынға  ие  болды ?
  6. Шатнга көтеруден үш рет  әлем  чемпионы  болған  жерлесіміз ?
  7. Биыл тәуелсіздікке неше  жыл ?

Іріктеу  сыннан  сәтті  өтулеріңізбен  құттықтаймын !

Енді  ойыншыларды  ойын  шартымен  таныстырып  өтейін.

Ойын – сай         ысымыз  5  айналымнан  тұрады.

  1. І айналым « Қызықты  жетілік »
  2. ІІ айналым « Ойлан, тап »
  3. ІІІ айналым  « Дода »
  4. ІҮ айналым  « Ойды  ой  қозғайды »
  5. Ү айналым  « Кім  шапшаң »

 

І айналым   « Қызықты  жетілік »  деп  аталады. Бұл  турда  берілген  ұяшықтардағы  сұрақтарды  кезекпен  ашып, соларға  жауап  бере  аласыздар. Ұпай  саны  деңгейіне  байланысты  қойылады. Мыс : ( Оң  жақтағы  10,  ортадағы  20,  сол  жақтағы  30 )

Мысалы :

7 пәннен  сұрақ  беріледі.

  1. Математика
  2. Шет тілі
  3. Биология
  4. География
  5. Тарих
  6. Қазақ тілі
  7. Әдебиет

 

ІІ  айналым   « Ойлан, тап ». Аты  айтып  тұрғандай  бұл  турда  түрлі  жұмбақтар  шешіп, ұпай  санын  көбейте  аласыздар. Ескерту : бұл  турдан  соң  ұпайы  аз  екі  ойыншымызбен  қоштасамыз. Әр  жұмбақтың  шешуі  10  ұпаймен  бағаланады.

Мысалы :

Бұл  турда  жұмбақ  қойылады(жауабын екі тілде айту керек ). Әр  жұмбақтың  жауабына  10 ұпайдан  беріледі.

 

ІІІ  айналым  « Дода ».  Мұнда  әр  пән  бойынша  тест  сұрақтары  қойылады. Бұл  турдан  кейін  де  ұпайы  аз  ойыншы  ойыннан  шығады.  ( Әр  жауапқа  10  ұпай  беріледі )

Мысалы :

Тест  тапсырмалары  беріледі.Яғни  15 сек.ішінде бірнеше  сұраққа  жауап  беру  керек.

 

ІҮ  айналым   « Ойды  ой  қозғайды » Бұл  турда  әрбір  оқушыға  бір – бір  әріп  беріледі. Сол  әріптер  бойынша  мақал – мәтел  айтуы  керек. Ең  кемі  5  мақал. Әр  мақалға  10 ұпайдан  қосылады. Бұл  турдан  кейін  тағы  бір  ойыншымен  қоштасамыз.

Ескерту : Мақал – мәтел  қолдарыңыздағы  әріптеріңізден  басталуы  керек.

Мысалы :

Ж. Қ, Е  әріптері

 

Ү айналым   « Кім  шапшаң » деп  аталады. Мұнда  бір  сөз  беріледі, сол  сөздің  ішіндегі  әріптерден  ғана,  мағынасы  бар  бірнеше  сөздер  құрау  керек.

Мысалы :

« Талдықорған » сөзі

 

Ойын – сайыстың  соңында   жеңіспаз  болған  ойыншыны  алтын  орындыққа  отырғызып, сый – сияпат тапсырамыз.

 

Құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар !

 

Осымен  « Алтын  орындық » атты  интеллектуалды  ойын – сайысымызды  жабық  деп  жариялаймыз.

Көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға  рахмет !