Желтоқсанда -мұзға жанған алауым, Желбіретті тәуелсіздік жалауын.

157

 

Желтоқсанда -мұзға жанған алауым,

Желбіретті тәуелсіздік жалауын.

 


 

Мақсаты:

  1. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында еліміздің тарихына шолу жасау.
  2. Оқушыларымызды ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде Отанды,елін сүю ,еліне,халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
  3. Ұлттық сана,ұлттық болмысымызды қалыптастыру .

 

Барысы

1-жүргізуші:

Мен қазақпын,мың өліп мың тірілген

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

2-жүргізуші:

Талай-талай заманды кешкен елім,

Жұт арытып,шөл қысып кешкен елімін.

Өліп кетіп бір жылда жер бетінен,

Өзге орында балалап өскен елмін.

1-жүргізуші:

Таңба-таңба тәнімнің тыртықтары,

Қатпарында қаншама сыр тықпады ?

Шежіренің беттерін ашар о да,

Оқи алсаң кітаптай,сүртіп қанын.

2-жүргізуші:

Бостандық ! –деп аталатын асқақ арман жолында қаншама қан төгілді, қаншама батыр мерт болды.Бұл арпалыс бір күн,бір жыл.бір мезет емес, талай  ғасырларға созылған.Осы арпалысты жай тілмен тарих дейді.ендеше тарих беттеріне тағы да зер салайық.

              (Музыкалық фон : «Көшпенділер фильімінен»)  ойнайды.

  • оқушы:

Жоқ, қазақ деген ел болмайды  жер бетінде,

Мал соңына құл емей,желдейтін не ?

Мен –жоңғармын,атыңды өшіремін,

Менмін сені тірідей жерлейтін де.

2-оқушы:

Шегірткедей қаптаған ат тұяғы ,

Тозаңдатып талқандап жатты ұямды.

Ит үркітті түтеген түтіндерден,

Шат күлкілі даланы жат күй алды.

3-оқушы:

Қарсыласпай өлімді, қан татырдым,

Құлап қалсам атымнан қайта тұрдым,

Сансыз басты диюдай сан тірлігі,

Мен қазақпын  дегенді айта тұрдым.

4- оқушы:

Қан да,көздің жасы да сорықпады,

Күреңітті көлдердің борықтары.

Азан-қазан ақтабан шұбырынды,

Ала топан жоңғардың жорықтары.

5- оқушы:

Ықпағын ығыр заман ыңғайына,

Бозторғай ұя салған таңдайына.

Үш бидің тастап кеткен өсйеті,

Ғұмырлық қағида боп тұр бойымда.

 

6- оқушы:»Төле бидің» монологы

«Алтау ала болса,ауыздағы кетеді, төотеу тұгел болса төбедегі келеді.Тұрған жерің тұраұтаған,тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, атам қазақтың елдігін сақтап қалар кез келді».

 

1-жүргізуші:

Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып, елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлердің тарихы сахнасына әкелді.Тарыдай шашырап,жер бетінен жойылып кетер шақтат қазақтың басын біріктірген тәуекелге бел буған Абылай хан еді.

7- оқушы: «Абылай» монологы

Азаттық жолы-азапты,

Төземісің әлеумет !

Төзсеі егер әлеумет,

Зорлықты жеңер ынтымақ.

Қорлықты жеңер            ар-намыс,

Шығарара тарыдан тәуекел.

Тәуекелге бел байлап,

Қазақтың қайсар намысы.

Болмасын деп қара жер,

Жойқан жаудың жолында.

Жойылмасын деп қайран ел,

Азаттықтың қаны үшін.

Болашақтың бағы үшін.

Ұлы жорық бастаймын !

Еремісің ,әлеумет !

  • оқушы:

Қазақ халқының XVIII ғасырдағы тарихы арпалысқа ьолы, жер бетінде бар болуы, не жоқ болу деген кешті тынымсыз заман еді.

Доста іздедім жау тисе болыстан.

Қыс қыстап, жаз бірге қоныстан,

Еділ,Жайық,Ертіс жағаладым,

Үміт көрдім құдіретті Ресей елін.

 

1-жүргізуші:

Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты.Осы саясатқа көзін жұмып қарап отырған жергілікті хандер мен билерге,орыс үкіметінің озбыр саясатына қарсы Исатай мен Махамбет,Кенесары,Сырым,Есет,нұрмұханбет бастаған көтерілістер найзағайдай бұрқ етті.

 

8- оқушы:«Махамбет» монологы

 

Өздеріңдей хандардың,

Қарны жуан билердің,

Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шықыртып,

Басын кессем деп едім.

Еділдің бойы ен тоғай

Ел қондырсам деп едім,

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім.

Еңсесі биік ақ орда

Еріксіз кірсем деп едім,

Керегесін қиратып.

Отын  етсем деп едім,

Туырлығын кескілеп,

Тоқым етсем деп едім.

Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір ақ-тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы !

9- оқушы:

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Күн күркіреп,жал ойнап,жетті түзге

Жиырмасыншы жасғасыр,дауыл ғасыр,

Қайтарымен бірақ мен жүрмін әлі,

Жатқа неге есеміз жем болғаны ?

 

 

 

2-жүргізуші:

Енді бұрынғыдай атқа мініп,зеңбірекке қарсы шауып,қанға бөккенен мән шықпайтын еді.ендігі жол-қараңғы қазақ халөының санасына сәуле шашып,қнер,білім арқылы ұлыттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы.олардың із ашары Ұлы-Абай.

  10- оқушы: «Абай» монологы

Қалың елім қазағым, қайран жұртым.

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

Жақсы менен жаманды айырмадың,

Көрсеқызар келеді байлауы жоқ,

Бір күн тыртың етеді, бір күн бұртың,

Бас-басына би болған өікей қиқым,

Мінекей бұзған жоқпа елдің сиқын.

1-жүргізуші:

ХХ ғасыр ұлыттың ұлт ретінде өзін, тануы ұлыттың болашағы не боладыдеген сұраққа жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілді.

11-оқушы: Ахмет Байтұрсынұлы

Талабы жоқ халықпыз.Қатерлі жерде қаперсіз отырады.Өткен өтті не істемек керек ? Ақысын жібермейтін дәрежеге жеткенше қазаққа қай жағынан болса да теңдігі жоқ.Бұл заманда қолы жетпегенді теңдікке жеткізетін өнер-білім.Сол өрен-білімге  мезгіл өтпей  тұрғанда  үйренейік, тұрмысымыз да  тұзеліп,басқалардың аяғының  астында жанашымас едік.Басқалардан кем  болмас үшін біз білімді һәм  күшті болуымыз керек.Күшті болуға бірлік керек.Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына үлес қосу –қазақ баласына-міндет.

 12-оқушы :Міржақып Дулатов монологы

Адасып қараңғыда сорлы қазақ,

Ай тумай,күн һім шықпай бір таң атпай.

Көзіңді аш,оян қазақ,көтер басты

Өткізбей қараңғыда бекер жасты

Жер кетті,нашарлап,хал харам боп.

Қазағым енді жату жарамасты.

13-оқушы: С.Торайғыров монологы

Қараңғы қазақ көгіне.

Өрмелеп шығып,күн болам,

Қараңғылықтың кегіне

Күң болмағанда кім болам ?

Мұздаған елдің жүрегін.

Жылатуға кірермін.

Еңбек,бейнет тарауы

Рахатқа сарқылар

Қыздырып күннің,қарауы

Надандық теңізді тартылар.

1-жүргізуші :

Қазан төңкерісінен кейін ұлт зиялылары не істеу керек,қалай ел боламыз деп ойын сан соққа жүгіртіп,алдымен мемлекетімізді құрып алайыұ,ұалғанның бәрі содан соң болады деп қазақ автономиясын жариялады.Бұл ұлы қадамның көшбасшылары Ілнйхан Бқкейханов пен Мұстафа Шоқай еді.

14-оқушы:

Азаттық таңы оятты.Тілекке құдай жеткізді.Кұні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік.Біздің іздегеніміз алаштың аты-бійгеден келгені.

Бұл болып тұрған заман алаштың азаматы зор жүк бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылыса, алаштың баласы бақыт жолына түсті.кейінгі ұрпақ не алғыс,не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шарттар бар.осыны аңғар жұртым қазақ !

 

2-жүргізуші:

Алайда бұл қуаныш ұзаққа созылмады.Қазақтың еркіндігінен қорыққан Қызыл империя көсемдері Алаш туының астына біріккендердің бәрін құртты.Қазақтың өз билігі еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя қиналған жоқ.

16-оқушы:

1932-1933 жылдардың ашаршылығы.

1936-1938 жылдардың репрессиясы.

17-оқушы:

1941-1945 жылғы соғыста ең көп  қырылған қазақ еді.

Ең сұмдығы 1949 жылдан бастап Қазақстан атом полигондарының сынақ алаңына айналды.

18-оқушы:

1954-1956 жылы қазақ жеріне өзге ұлттарды толтырды.

1970-1980 жыл тілі мен салт-дәстүрлерінен айырылып,рухани аз,ындыру күшейді.

          20-оқушы:

1986 жыл қазақтың рухын таза құртпаұшы болды.1986 жыл 16-желтоқсанда алматыда Қазақстан комунистік Партиясы орталық комитетінің бар жоғы 18 минутқа созылған Пленумы болды.Пленумда Республика басшысы Д.Қонаевты орнынан алып,Республикаға мүлде белгісіз біреу Г.Кольбинді отырғызды.

23оқушы:

Жанартаудай булығып жатқан  ұлыттың ыза-кегі бұрқ етіп,қазақ жастарының көтерілісі басталды.

Қайрат Рысқұлбеков,Сәбира ,Ербол Спатаев,Ләззат Асановалар тәуелсіздік жолында мерт болды.

 

 

2-жүргізуші:

Құрбандарым жазықсыз,құрбандарым,

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым

Қаралы жылдардай боп тұрғандарым,

Халқының мәңгі есінде тұрғандарым

Құрбандарым,жазықсыз құрбандарым.

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным.

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнің.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан

Жалтақтап кете барған боздақтарым.

            Көрініс: Сахнада мұңлы күй орындалады Ана  шығып отырады.

Сахна сыртынан Қайраттың даусы естіледі.

Елбең-елбең жүгірген,

Ебелек отқа семірген.

Арғымақ мінген жаратып,

Ақсауыт киген темірден.

Алатаудай бабалар

Аруағыңмен жебей көр !

Ана :

Ойпырмай, биіктен құлаған тау суындай бұрқаған тасқынды бұл үн кімдікі екен өзі ?Жас тұлпар тұяғы естіле ме өзінен ?оқыстан шыұұан айқай-шуды,сол шуға бүйірі өызған дара боздың шабысындай мына үнді қайдан естіген едім ? Ойпырмай сол дауыс қой Қайратымның даусы ғой иә сол қзі иә ?

1-жүргізуші:

Ол күні  тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 86-ның 16-желтоқсаны еді.Таңертең сағат 10-да бар жоғы 18-минутқа созылған Пленум себепші еді ғой.

Көрініс :

Ортаға дабырлай басып бір топ жастар шығады.Жастар (дабырласа )

Естідіңдер ме ? Бұл не масқара ? Неге халықпен санаспайды ?Қашанғы шыдаймыз ?Ең болмаса ішімізден неге сайламайды ?Ел қамын біз ойламаңағанда кім ойлайды ?Жан-жаққа жатаханаларға ,инситуттарға хабар барды ма екен ?

  • оқушы:

Дүр сілкінді  қайдан  да қоңыр аймақ,

Бағы жанама,қала ма соры қайнап,

Ұран жазып қып-қызыл ту көтерген.

Біз де шықтық алаңға «Елім-ай-лап»

 

  • оқушы:Ербол Саптаев

Демократияны бұғудан босатыңдар,әр халыққа өзінің кқсемі керек.

  • оқушы:Сәбира Мұхамеджанова

Бұл дегенің ОКП-да беделдің қалмағаны құрып барады емес пе ?

  • оқушы:Ләззат Асанова

Сүймейтғұн болды қой күймей ғұмыр,

Көлеңке кұннен де тимеді нұр.

Колбин кім екен қайдан келген,

Уа,сыртымыздан қашанғы билейді бұл ?!

  • оқушы:Гүлнар

Өгй қозы біз бодық енемізге,

Келімсектер шықты ғой төбемізге

Ақиқат жоқ, маңайың толған аңыз,

Жүр екенбіз тұманды жолда нағыз.

Осы кезде жан-жақтан милиция,солдаттар қоршай дөкей шығып сөйлейді.

  • Тыңдаңдар әйтпесе күш көрсетеміз.Ешкімде орынынан қозғалмайды.Жаңағы дқкей қолын сілтіп қалады.Сойылмен соғу,қыздардың шашынан сүйреу,тепкілеу айқайлау.

Сол кезде жігіт:

Бар болғаны осы еді қылмысымыз

Савецкиді көрген жоқ бір кісіміз.

Кейін соның қазасын таңылғанда.

Аң-таң болып,қан жылап тұр ішіміз.

Қыз:

Темір құрсау біздерді бүгін шын,

Мұң шағады қапаста кімге құсың.

Ақ-қараңды тексерер түрме деген.

Концлагерь болды ,ой біздер үшін.

2-жүргізуші:

Иә, тарихта «Құйын-86» деген атпен мәңгі  қалатын бұл жойқын  шабуылдың құрбаны болып қазақ қыздары мен жігіттері біздің арамыздан кете барды.Ортада Сабира,Ләззат,Қайрат,Ерболдың суретін ұстаған  4-оқушы шығады.

1-жүргізуші:

19 желтоқсан.Ауруханаға бас сүйегі сынған миы жарахаттанған энергетика инситутының ІІ-курс студенті Ербол Спатаев әкелінді,23-желтоқсанда есін жимай қайтыс болады.Ербол біреудің жалғыз баласы еді, «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

2-жүргізуші:

Сол бір ерете түскен қыс тоқырау жанжалының табанында аяусыз тапталған,арнамыстың ышұынған дауысы құлағымызда әлі шыңдалып түрғандай.Бұл дауыстың ішінен қызғалдақтай Ләззат сенің де ләззат үнін талып естіледі.Сен тірі болсағ,қазағыңның мәдинетін дамытуға үлкен үлес қосар

едің-ау.

Еліңнің намысы үшін

Құрбан еттің жаныңды,

Мазақ етіп қорлай алмас.

Ешкім сенің арыңды.

1-жүргізуші:

Сәбира Мұхамеджанова 16 жаста еді.26 желтоқсанда өзінің ар-намысына,анасына,атасына масқара сөздер айтып,балағаттағанына училищиден жазықсыз шығарылғаны үшін Қскемен пеучилищесінің І-курс студенті Сабира Мұхамеджанова  5 қабаттан құлап өлді.

 

Желтоқсанда шындық жырын шырқыраймын деп шарқ ұрдың,

Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Айналайын,айналайын,жас  өркені халқымның,

Ерте айтылды,сондықтанда келте айтылды бұл әнің.

 

2-жұргізуші:

Қазақ азаматы Қайрат 1987 жылы 1 қаңтарда күні тұтқындалды.

Кқрініс:

Тергеуші : Қайратқа сұрақ қояды.Сен қзіңнің Совецкиді өлтіргеніңді мойындайсың ба, жоқ па ?

 

Қайрат : Жоқ мен,Совецкиді  өлтіргенім  жоқ !

 

Тергеуші:     «Ақымақ» әкетіңдер атыңдар !

Көзін құртыңдар !

Қайрат :

Күнәдән таза басым бар,

21-де жасым бар.

Бозторғайдай жаным бар ,

Алам десең алыңдар

Қайрат деген атым бар.

«Еркек  тоқты -құрбанлды»

Атам-десең атыңдар .

 

1-жүргізугші:

Бостандықтың жарқ сәулесі үшін аянбай арпалысып жатқанда, оның тағдырына бүкіл әлем құлақ түрген еді.1987 жыл дың шілдесінде  КСРО Жоғарғы Кеңесінің тқрағасы А.Громыконың атынан Венгрияның  41 адамы қол қойған хат келді.Чехословиякиядан 77 адам қол қойған үндеу кқтерілді.Варшавада  үн қосты.70 адам қол қойған Лех Валенса бастаған хат кешірілім берілуін  талап етті.

1987 жылы 31 тамызда ГХДП жастар бқлімінің тқрағасы Христооф Брокет Қ.Рысқұлбековты босатуды талап етті.

 

  1-жүргізуші:

Уа дариға !

Еркіндік пен Егемен !

Қадіріңді түсінбейін неге мен ?!

Байтақ елдің ырысына айналып,

Бақыт нұрын себелеп тұр төбеден.

 

Сахнада «Қара жорға» биін қабыл алыңыздар.

 

2-жүргізуші:

Мен қазақпын,биікпін байтақ елмін,

Қайта тудым,өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Жаса,жаса мәңгі туған елім !

 

Сахнада :Ән «Атамекен»

(Саханаға жас жеткіншектер шығады)

 

1-жүргізуші:

Туған жер,еш нәрсе жоқ сенен ыстық,

Себебі,сенде туып,сенен ұштық.

            Ортаға ана шығып:

Ана  сөйлейді:

Иә, айналайын балапандарым !

Өсер елдің қай сәттеріде бірлік болмақ қалауы.

Лаула,лаула,Желтоқсанның мұзға жанған алауы.

Өздеріңдей ар-намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда тиісті емес еңкеюге  Жалауы !

 2-жүргізуші  :ӘН «Сары жайлау»

Әнұранмен тәрбие сағатын жабу.

Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар бүгінгі 8 «А»сынып оқушыларының »Желтоқсанда –мұзда жанған алауым,Желбіретті Тәуелсіздік  жалауын» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.Қош сау сәлеметте болыңыздар.