«Зерде» білім сайысы

49

Тақырыбы: «Зерде» білім сайысы

Мақсаты : Музыка пәні бойынша алған білімдерін саралау.

Музыка өнерін құрметтейтін, халқымыздың мәдени асыл

мұраларын ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырушы азамат тәрбиелеу.

Музыкаға деген қабілеттерін, ұлттық өнер негізінде шығармашылық

ойлауын дамыту.

Әдісі: ой-қозғау, ой-дамыту

Түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі : интеррактивті тақта, компьютер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымбастыру кезеңі

ІІ.Командалармен таныстыру: 6а кл оқушылары мен 6б класс оқушылары арасында.

ІІІ.Сайыс ережесімен және кезеңдерімен таныстыру.

Бүгінгі біздің «Зерде» білім сайысы музыка пәні бойынша алған білімдеріңді саралау. Осы орайда сендердің пәнге деген қызығушылықтарыңды арттыру.Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады:

  • кезең : 1 минутта неше сұраққа жауап берсең , сонша монета жинайсың
  • кезең: ноталар астына жасырылған сұраққа жауап беру.Дұрыс жауап берген кезде ғана сол сұрақтың құнына сәйкес монета қосылады.
  • Кезең .: Бір сұрақтың көп жауабын табу. Мұның әр жауабы 1 монета тұрады.

Сонымен сайысымызды бастаймыз.

1 кезең сұрақтары.

  1. Қазақ халқының аспапта ойнайтын музыкасы : күй
  2. Әнді орындайтын адам : әнші
  3. Төрт-түлік мал туралы күйлер: төрт-түлік малға арналған күйлер
  4. Үйлену тойында айтылатын әндер жар-жар
  5. Нота таңбаларында пайдаланылатын кілт скрипка кілті
  6. Бірінші сызықтың өзіне жазылатын нота ми
  7. 4-ге саналатын нота бүтін
  8. Оратория неше бөлімді бірнеше
  9. Әйелдердің жіңішке дауысы сопрано
  10. Жыраудың әңгімесі баллада
  11. Ерлердің жуан дауысы бас
  12. Әншілердің үлкен тобы хор
  13. Екінші сызықтағы нота соль
  14. Аттас дыбыстар аралығы октава
  15. Қазақтың халық аспаптар оркестрін алғаш құрған А.Жұбанов
  16. Қазақтың алғаш драма театры қай жылы ашылды 1926ж
  17. Кәсіби музыка мәдениеті неше кезеңнен тұрады 3 кезеңнен
  18. Әйелдердің жуан дауысы альт
  19. неше дыбыс басқыштары бар 7 дыбыс
  20. Арнайы нота жазатын дәптер нота дәптері
  21. Екі әншінің қосылып орындауы дуэт
  22. Аспаптар неше топқа бөлінеді 4 топқа
  23. Музыкадағы үлкен арна қос арна
  24. Музыкадағы негізгі тақырыптың құбылып отыруы вариация
  25. Күйді орындайтын адам күйші
  26. «Балбырауын» кімнің күйі Құрманғазы
  27. Тез арада өз жаныңнан өлең мен күй шығару суырыпсалма
  28. Әннің, күйдің тез, жай, орташа орындалуын не дейміз жылдамдық
  29. Жазба кәсіби музыка қай жылы қалыптасты 1930ж.
  30. 2-ге саналатын нота жартылық

әр командадағы монета есебін санаймыз.

Келесі кезеңде дұрыс жауап болмаса келесі команда сол сұрақты сатып алуға болады.

2-кезең:    1 нота екі монета тұрады

Екпін нешеге бөлінеді                                3-ке

2 нота  3 монета тұрады

Бір әуенді бірнеше дауыстардың қайталау ережесі            Канон

3 нота 5 монета  тұрады

Алғашқы театр сахнасында қойылған пьеса

М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек»

4 нота 1 монета тұрады

Нотада неше сызық бар                               5 сызық

5 нота 4 монета тұрады

Альтерациялық белгілерді ата                    Диез, Бемоль, Бекар

6 нота 8 монета тұрады

Сыдық Мұхамеджановтың ораториясы          «Ғасырлар үні»

      3 кезең :

Опера терминдерін ата :

  1. Либретто
  2. Лейтмотив
  3. Увертюра
  4. Ария
  5. Ариоза
  6. Хор

Айтыс өнері дегеніміз не?

  1. Сайысу
  2. Дауласу
  3. Тартысу
  4. Сынасу
  5. Сөзбен жарысу

Терме дегеніміз не?

  1. Ақыл-нақыл
  2. Өсиет-өнеге
  3. Сөз өнері

Көп монета жинаған команданы марапаттау.

Осымен тоқтап қалмай әрі қарай білімдерімізді шыңдай түсейік.Біздің әлі алдымызда талай сайыстар күтіп тұр.ХХІ ғасыр көшбасшысы, Жұлдызды сәт, Әуенді тап, Кім? Не? Қашан? Интеллектуалды ойындарда өз білімдеріңмен, өз тапқырлықтарыңмен білімдеріңді шыңдай түсе беріңдер дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтауға рұқсат етіңіздер.