Адалдық – адамдық белгісі

67

 

Сабақтың тақырыбы: Адалдық – адамдық белгісі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамдықтың белгісі негізінде ақиқат құндылығын ашу.

Сабақтың міндеттері: 1. Шындықты жалғаннан ажырата білуге

тәрбиелеу.

  1. Жауапкершілікті түсіне білуді ұғындыру
  2. Мәңгілікті уақытшадан ажырата білуге

дағдыландыру.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.16 сабақ

Қ. Толыбаевтың «Ақиқат»әңгімесі бойынша түсініктерін айту..

  1. Адалдық адамдық белгісі дегенді қалай түсінесің?
  2. Адалдықты қандай жағдайда, қандай әрекеттерден көруге болады?
  3. Өз адалдығыңды дәлелдеген кездерің болды ма?
  4. Дәйексөз

«Әділ болсаң қараға- ақ, аққа жақ

Ұрпақтарың жақсы атыңды сақтамақ»

Ж. Баласағұни

Дәйексөзді оқып , сұрақтарға жауап береміз.

Дәйексөзді дәптерге жазамыз.

  1. Қараға – ақ, аққа жақ болу дегенді қалай түсінесің?
  2. Қандай қасиеттер арқылы ұрпаққа үлгі боласың?
  3. Ақиқат қандай болады?
  4. Мұғалім сыйы. Әңгіме «Отыз жұмыртқа»:

Ол бараларға үнемі әділдік, иман, адамгершілік, біреудің «ала жібін аттамау» жайлы көп айтатын. Сондықтан да оның өз аты Әділ болмаса да, «Әділ мұғалім» деп кеткен. Оның баласы Қуандық та әділдікті өзіне мұрат тұтып өсіп келе жатыр. Ол өз әкесін ерекше үлгі тұтатын, мақтаныш ететін. Бар ынта – пейілін жақсы, қайырлы істерге жұмсайтын. Бірақ ойына алғанын істемей қоймайтын еркелігі, аздаған құлығы да бар еді. Бір күні күнделікті әдеті бойынша ол қораны тазалап, бұзауларды суарып келген. Жиулы шөптің үстіне жүгіріп шыққан. Сол-ақ екен табанының астынан «ғо-қо-қақ, ғо-қо-қақ» деп көршінің ақ тауығы тура қашқаны.

Алғашында шошып қалған ол біраздан соң өз-өзіне келіп, тауық шыққан жерді дұрыстап қадай бастады. «Ақ мекиен мұнда тегін жатқан жоқ, жұмыртқалап жатыр» деп ойлайды. Ол жұмыртқалапты. Дәл осы кезде әкесінің ел мақтайтын әділдігін бір сынағысы келіп кетті.

  • Ә – к – е! Деп үй жаққа жүгірді.
  • Не, не болып қалды, балам? – деп әкесі бұған қарай жүгірді.
  • Әке бері келіңізші. Мен жұмыртқа, к-ө-п жұмыртқа тауып алдым–деді.
  • Жұмыртқаң не, қайдағы жұмыртқа? – деді әкесі.
  • Кәдімгі жұмыртқа. Көп. Отыз. Көршінің ақ мекиені барғой, сол біздің шөптің үстіне жұмыртқалап жүріпті.
  • Әке ешкім көрмей тұрғанда жинап алайық. Үйден юір ыдыс әкеле қойыңыз, — деді.

Әкесіне ойлауға да мұрсат бермеді. Ойында ештеңе жоқ әкесі:

  • Жарайды, тұра тұр, мен… қазір, — деді де үйге кіріп кетті. Ілінбей қайта шыққан ол Қуандыққа шешесінің жаулығын ұстатып жатып:
  • Абайла, жан-жағын қара, біреу-міреу көріп қоймасын, — деді.

Ойында «біреу көріп қалмаса екен» дегеннен басқа түкте жоқ. Ол есік көзіне таяи бергенде артынан Қуандығының «Әке» деген үні естілді. Ол кілт тоқтап «Балам» деді. Сонда ғана жүрегінің дір еткенін білді.

  • Әке мені кешіріңіз. Иен сізді сынап көрейін деп едім. Сіз де мені сынап едіңіз. «Біреудің ала жібін аттауға болмайды» дегенді күнде айтасыз, ал өзіңіз неге ала жіпті аттап тұрсыз? деген Қуандық сықылықтап күліп.
  1. Біреудің «ала жібін аттама» дегенді қалай түсінесің?
  2. Өзіңе-өзің адал болу деген не?
  3. Әкең екеуіңнің араларыңда болған өзіңе әсер қалдырған ерекше оқиға бар ма?

 

5     Шығармашылық жұмыс. Ойын «Ақиқатты табу».

Бес оқушыны тақтаға шығарып, көздерін байлаймыз. Бір затты алып,   мысалы қамшыны,  әр  жерінен әрқайсысына ұстатып көреміз. Заттың қамшы екендігін, яғни ақиқатын табу керек.

6    Топпен ән айту.

Ән «Өмірге немқұрайлы қарама».

Сөзі: С.Сейітман

Әні:  С.Дәрібаев

7   Үй тапсырмасы: 17 сабақ 93 бет.

А.Хамзаұлы «Бала жетектеген әйел» оқуға.

8   Соңғы тыныштық сәті.

Енді бір сәт көзімізді жұмайық . Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз бен жақсы ойларыңызды жүректеріңізде сақтап, жақсы сезімдеріңізді алақанға салып, барша әлемге сыйлайық.