Денсаулық құпиялары

Мектеп: Малыбай жалпы орта білім  беретін мектеп

Тақырып: Денсаулық құпиялары

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: жауапкершілік, қамқорлық

Мұғалім: Ыбрай Алтын Серікбайқызы

Сынып: 4

Сабақ мақсаты: Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

-Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

-Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.

-Денсаулықты күтуге, бағалауға тәрбиелеу.

Сәлемдесу:

Амансың ба, күн,

Амансың ба дос.

Амансың ба, қонақтар,

Баршамызға сәлем!

Тыныштық сәті:

Балалар, жақсылап жайғасып отырыңдар, енді көздеріңді жұмып, әркім өзін адамға денсалық сылайтын, балаларды аурудан қорғайтын қорғаныш қасиеті бар нұр ретінде сезініңдер. Сендер нұрларыңда шашқан сайын айнала нұрланып, нұры тиген адамдар аурудан сауығады. Көзі көрмейтіндер әлемді көріп куанса, есту қабілетінен айырылғандар барша дауыстарды ести алады, қатерлі аурумен ауыратындар жазылып, бәрі де сауыққандарына қуанып, шаттықтың нұрына бөленді. Сен де сол адамдарға жақсылық сыйлағаныңа риза болдың. Енді көздеріңді ашыңдар. Адамдарға денсаулық сыйлағанда қандай сезімде болдыңдар?

Үй тапсырмасын тексеру

Дәйексөз

Дені саудың – жаны сау

Денсаулық-зор байлық

Пікірлесу:

  • «Денсаулық- өмір негізі» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Денсаулықтың адам өмірінде қандай маңызы бар?

Әңгімелесу

Мәтінмен жұмыс

«Тәтті алма»

М. Әбдірашева

Баян бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдынан топ етіп алма түсті. Өзі қып-қызыл, үп-үлкен. Баян қуанып кетті. Қызығып қолына алды.

Дереу жемек болып, аузына апара бергенде алма оған:

-Баян, сен алдымен мені жу – деді қолынан сусып түсіп.

-Неге?-деді Баян таңырқап.

-Жумай жесең, ішің ауырады,деді алма сілкініп қалып.

-Міне, көрмейсің бе, үсті-басың шаң-тозаң.

Баян ұялып қалды. Апасы да ылғи «қолыңды жу» дейтін. Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Баян ақылды алманың айтқанын істеді.

-Сендерде осындай жағдай болды ма?
-Тазалықтың денсаулыққа қандай әсері бар?

 

Ойын «Орныңды тап»

Қазір біз есімізге түсірейік денсаулыққа пайдалы не еді? Бұл ойында айтылған шарттарды кім орындаса солар бір – бірімен  орындарын алмастырады.

  • Кім бүгін тістерін ысып келді?

Мектепке жеткенше кім жүгірді?

 

  • Кім сабаққа көңілді келді?

 

  • Таңғы асты кім ішті?

 

  • Кім кеше доппен ойнады?

 

Кім кеше кешкі сағат онда ұйықтады ?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық тапсырма:(өлең жазу)
1- топ:
…………………………………баламыз,
………………………………….аламыз.
……………………………………….
……………………………………санамыз.

2- топ:
…………………………………күлеміз,
……………………………………жүреміз,
…………………………………………
……………………………………сүреміз.

 

Топпен ән айту
(«Қошақаным» әнінің әуеніне салып орындау)

Денсаулықты сақтайық

Шынығайық, баптайық.

Жаны саудың-дені сау

Жаман жолға баспайық

Тән саулығы-тазалық

Таза бала болалық.

Бойымызды күтеміз

Қалысын бізде балалық.

 

Үй тапсырмасы:

Жұмыс дәптерлеріңе «Денсаулық» тақырыбына мақал-мәтелдер жазып келіңдер.

Әйтеке бидің «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл – үшеуімен болады бақытты өмір…» деген нақыл сөзінің негізінде өз ойыңды тұжырымдап жазып келу.
Оқулықтағы «Аппақ бала»мәтінін оқып, Асанның кебетін суретке бейнелеу.

Тыныштық сәті:

-Балалар, денелеріңді  түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, тыныштық пен махаббатқа толы таза, шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.
Қорытындылау. Шығу парағын балаларға таратып беремін Олар әр кім өздері сабақтан алған білімдерін жазады.
Мен бүгін……………………………….білдім.
Сабақтың………………………………қызықты болды, ал………………………қиындық туғызды. Мен……………………..тапсырмаларды орындадым. Өмір үшін бұл сабақ маған ……………………берді.Енді мен……………………………………….орындай аламын.
Жүректен жүрекке