Өнер — өмір өрнегі

Сабақтың  тақырыбы:  Өнер — өмір өрнегі

Мақсаты:  Оқушылардың адам өміріндегі өнердің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • Адамның жасампаздық мүмкіндіктері мен рухании – адамгершілік тұлғасының өзара байланысын ашу:
  • Жасампаздық қабілеттерінң дамуына ықпал ету;
  • Өмірде сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, пікір алмасу,

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:             

Оқушылармен  амандасу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып тексеріп шығу.

Шаттық шеңбері:

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, төмендегі «Өмір — өнер» өлеңімен танысып шығады.

Өнер – өзен, жан – тәніңді шаятын,

Өнер – өріс, рухыңды жаятын.

Өнер – өмір, әлдилейтін санаңды,

Өнер – өткел, серуендейтін саятың.

Тыныштық сәті  Балалардың қабілетін арттыру мақсатында осы тәсіл арқылы олардың денесі, ойы сергітіледі.Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп,ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды,айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады.

Жаңа ақпарат:

Өнер адамды асқақ сезімге бөлеп, жан дүниесін нұрландыра түсетін құдірет. Ол өмірді кемелдендіріп, ізгілік шуағын таратады.

Өнер арқылы адам өзінің өмірге деген ерекше құштарлығын, сүйіспеншлігін білдіреді және өзге адамдардың да өмірге деген көзқарасына ықпал етеді.

Адамның өмірі, пейілі және іс – әрекеті – оның өзіне деген махабатының көрінісі, өнер арқылы өмірге деген көзқарасымызды білдіреміз. Нағыз өнер адамның  игілігіне қызмет етеді.