Әдептілік-адамгершіліктің бастауы.

70

Сабақтың тақырыбы. Әдептілік-адамгершіліктің бастауы.

Сабақтың мақсаты 1. Оқушылардың әдептілік, инабатталық, сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.

 Міндеттері:    

  • әдептілік, инабаттылық, сыйластықтықтың адамиқарым-қатынастағы мәнін ашу;
  • ізетті, сыйластықты қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
  • әдептілікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер.

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу

Сабақтың барысы:  І. Шаттық шеңбері

                                ІІ. Назар аударыңдар

                                ІІІ. Шығармашылық жұмыс

                                ІV. Дәптермен жұмыс

  1. Түйіндеме

                                VІ. Жүректен жүрекке

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастайды.

Назар аударыңдар

Иә бүкіл дүниенің тұтқасы адамдардың сыйластығына ғана сыйып тұр десек, артық айтқандық емес. Көрші екеш көршімен жақсы болмасаң, арадағы береке кетеді. Оны айтасыз, бір отбасының ынтымағы болмаса ше, бүкіл шаңырақ шайқалып кетпей ме?!

Адамдарға адамдар жақындауға асығып жүрсе қандай жарасады. Айтыңдаршы, өмірде «Сіз» деп, бір-біріңді іздеп жүргеннен, адамға қуаныш сыйлағаннан артық бақыт бар ма?!

Ақ ниетті жандарға шын көңіліңді білдіріп, таза пейіліңді арнап жатсаң, одан артық шаттық барма?!

Әрине, пенде болған соң жақсыны да жаманды да бастан өткерсің. Өзіңше ой түйесің. Болған істі қорытындылайсың. Кейде түзу дегеннің қисық, қисық дегенің түзу болып шығады. Бұлтарыс – қалтарыстары… өткелдері …. көктемдері…күздері… іздері… көп өмір ғой бұл!

Ә. Ысқақов

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар оқулықта берілген ұғымдардың өзіңе ұнағанын таңдап алып, шағын әңгіме жазыңдар.

Дәптермен жұмыс.

Оқушылар дәптерде берілген барлық тапсырмаларды орындайды.

Түйіндеме.

Әдеп әлеміне барар жол.

  • Әдеп – сана;
  • Әдеп – мәдениет;
  • Әдеп – ізет;
  • Әдеп – парасат;
  • Әдеп – тәрбие;
  • Әдеп – инабат;
  • Әдеп – асыл ой;
  • Әдеп – өмір сыны;
  • Әдеп – отаншылдық сезім;
  • Әдеп – мінез;
  • Әдеп – намыс:
  • Әдеп – әдемі сөз.

Жүректен жүрекке.

Оқушылар шеңберге тұрып, оқулықтағы Д. Әлімжановтың «Көңіліңе ұстап, тоқып ал» өлеңін бәрі бірігіп оқып шығады.

Үй тапсырмасын беру.

Әдепті болу үшін не істеу керек, тізбектеп жазыңдар. Мысалы:

  • Әдепті болу үшін –тәрбиелі болу керек;
  • Әдепті болу үшін –білімді болу керек.

Бағалау.

 

 

БӨЛІСУ
Алдыңғы жазбаҚайталау.
Келесі жазбаӘдептен озбайық.