Қайталау.

Сабақтың тақырыбы. Қайталау.

Сабақтың мақсаты 1.Оқушылардың өзін-өзі тану сабағынан алған білімдерін ары қарай жетілдіруге ықпал ету.

Міндеттері:

  • оқушыларға мақсатқа ұмтылушылық, мұратқа жету туралы түсінік беру;
  • еңбекқорлыққа, табандылыққа тәрбиелеу;
  • оқушылардың эстетикалық талғамдарын дамытуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: қайталау сабағы.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер,

Сабақтың  әдіс-тәсілдері: сұрақ, жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:   І. Шаттық шеңбері

                                     ІІ. Әңгімелесу

                                     ІІІ. Тыныштық сәті

                                     ІV. Оқу ақпараты

  1. Дәйексөз

                                     VІ. Жүректен жүрекке                  

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шаттық шеңберін құрып бір-біріне ізгі тілектер айтады.

Әңгімелесу.

  1. Адамдармен тіл табысудың қандай жолдарын білесіз?
  2. Адамның шын ықыласпен істеген іс – әрекеттері қандай сезім тудырады?
  3. Сіз өмірде қандай әдеп қағидаларын ұстанасыз?

Тыныштық сәті.

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Оқу ақпараты.

Адамдардың берік бірлігі, ынтымағы, сыйласымдылығы, бір-біріне қамқорлық танытуынан татулықты байқауға болады. Адамдар арасындағы татулық, жақсы сыйластық пен келісімді бірліктің көрінісі ретінде достық қарым-қатынасқа ұласады.

Адами қарым-қатынастағы маңызды іс – әрекеттің бірі – бұл сөйлесу болып табылады. Сөйлеу мәдениеті тілден, тілдің тазалығынан басталады. Әрбір адам ана тілінде сөйлегенде ғана ұлт өркен жаяды. Ақын Ә. Тәжібаевтың

«Туған тілім – тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы

Өссе тілім, мен де бірге өсемін

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін» деген өлеңі өте орынды айтылған.

Әдептілікке адамның ізеттілігі, сыпайылығы сияқты көркем мінездері мен өнегелігі, қарапайымдылығы, тәрбиелілігі, инабаттылығы жатады. Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым-қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.

Дәйексөз.

«Алтау ала болса,

Ауыздағы кетеді.

Төртеу түгел болса,

Төбедегі келеді».

Жүректен жүрекке.

Оқушылар шеңберге тұрып бір-бірлеріне жақсы тілектер айту арқылы сабақты аяқтайды.

Үй тапсырмасын беру.

«Шуағын шашқан көктем!» тақырыбына шығарма жазыңдар.

Бағалау.