Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың жалпыәскери жарғылары — әскери қызметшілер мінез-құлқының қүқықтық негізі

295

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің,

басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың

жалпыәскери жарғылары — әскери қызметшілер

мінез-құлқының қүқықтық негізі

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өмірі мен қызметі әскери жарғылар болып табылатын нормативті-құқықтық құжаттармен қатаң түрде белгіленеді.

Заң тұрғысынан алғанда, әскери жарғылар — дара басшылық негізінде әскери қызметшілер қарым-қатынасының әртүрлі жағын, әскери тәртіптілік пен заңдылықтарды реттейтін, мемлекет бекіткен нормативті-құқықтық актілердің жиынтығы. Олар әскери өмір мен оның әрекеттерінің сан түрлі қырын реттейді: әскери қызметшілерді оқыту мен тәрбиелеудің міңдеттерін, нормалары мен әдістерін, әскердің күнделікті өмірін ұйымдастыру тәртібін; ішкі, гарнизондық, қарауылдық, патрульдік, парк, лагерьлік және басқа да арнайы қызметтердің күн тәртібін; әскерді орналастыру, материалдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз етуді; әскери қызметшілердің құқығын, міндеттері мен тәртіптік жауапкершілігін; жауынгерлердің кызметтегі және одан тыс уақыттағы өзара қарым-қатынасы мен мінез-құлқын; қатаң жарғылық тәртіпті, жоғары ұйымдастырушылықты, әскери тәртіптілік пен ұрысқа дайындықты сақтаудың құқықтық жағы мен әдістерін реттейді.

Ішкі қызмет жарғысы әртүрлі санаттағы әскери қызметшілердің жалпы жөне лауазымдық қызмет міндеттерін, бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін, әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез-құлқын, яғни әскери қызметкерлердің негізгі ішкі тәртіп ережелерін анықтайды. Осы жарғы ережелеріне сәйкес жеке құрам орналастырылады, күн тәртібі белгіленеді, әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету, әскери киім кию үлгілері, бөлімнен олардың сейілге шығуы, дабыл бойынша шақыру ұйымдастырылады. Жарғыда сондай-ақ тәуліктік күзет пен ішкі кызметті атқару тәртібі баяндалған. Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер және әскериленген құрылымдардың барлығына да міндетті болып табылады.

Тәртіптік жарғыда әскери тәртіптілік мәні, жауынгерлердің міндеттері мен армиядағы белгіленген оның негізгі талаптары, реті, көтермелеулер мен сөгіс жариялаудың түрлері, бастықтар мен командирлердің тәртіптік құқықтары баяндалады. Сондай-ак, ол әскери кызметшілерден келіп түскен арыз-шағымдарды, ұсыныстарды қараудың реті мен мезгілін, оларды жүзеге асырудағы командирлердің (бастықтардың) міндеттерін де қарастырады. Жарғы Қазакстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер және әскериленген құралымдардың барлығына да міндетті болып табылады.

Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында гарнизондық және қарауылдық қызметті тағайындау мен ұйымдастыру мәселелері белгіленеді. Жарғыда гарнизондағы лауазымды адамдардың және қарауылдық қызмет атқарушы әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары, әскердің қатысуымен гарнизондық және басқа да шараларды өткізу тәртібі айқындалады. Жарғыда сондай-ақ тәуліктік күзет пен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған. Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер және әскериленген құрылымдардың барлығына да міндетті болып табылады.

Саптық жарғы әскери қызметшілердің және бөлімшелердің саптық тәсілдерді орындау ережелері мен тәртібін, саптық байқау өткізу ретін, сап алдында Жауынгерлік туды алып жүру ережелерін, сап алдындағы әскери қызметшілердің міндетін, сондай-ақ ұрыс алаңында жылжи білу жолдарын баяндайды. Жарғыда сондай-ақ тәуліктік күзет пен ішкі қызметті атқару тәртібі баяндалған. Жарғы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер және әскериленген құралымдардың барлығына да міндетті болып табылады.

Сарбаздардың ұрыстық іс-әрекеті мен қызметі, оқуы және өмірінің барлық жақтары жарғылармен, командирлер және бастықтардың бұйрықтарымен белгіленеді. Жарғылар олардың өмірі мен қызметіне айрықша нақтылық пен үйлесімділік енгізеді, әскери қызметшілер бойында қажетті дағдылар мен әдеттерді қалыптастыруға ықпал етеді, олардың ерік-жігері мен мінезін шынықтырады, ішкі тәртіптілікті қалыптастырады. Онсыз ұйымдасу мен тәртіптіліктің жоғары деңгейіне, флот күші мен әскердің тұрақты ұрысқа дайындығына қол жеткізу мүмкін емес. Жарғы талаптарын барлық сарбаздар қай жерде болса да, мысалы, сапта немесе саптан тыс, бөлімше, бөлім аумағынан тыс жерлерде болсын орындауға міндетті.

Әскери жарғыларда армия дамуының көпқырлы тәжірибесі берген барлық жаңалықтар жинақталған. Оларда қорғаушыларға қойылатын талаптар қысқаша, анық түрде мазмұндалады. Қарулы Күштер үшін жарғылардың мәні орасан зор болғандықтан, оларды Президент бекітеді. Жарғыларда жауынгерлерге қойылатын талаптар, қызмет ету ретін анықтайтын ережелер заңды түрде бекітілген. Ондағы ережелердің, талаптардың жеке құрамда жоғары моральдық-ұрыстық және жауынгерлік сапаларды қалыптастыруға байланысты жүргізілетін жұмыстар үшін маңызы зор. Қатаң жарғылық тәртіп, қызмет пен тұрмыстағы жоғары ұйымдастырушылық оқуда жетістіктерге қол жеткізуге, жауынгерлердің тәртіптілігіне ықпал етеді.

Тәртіпті жауынгер деп әскери анттың, жарғылардың, заңдардың талаптарын жақсы білетін, оның талаптарын күнделікті іс-әрекетінде қатаң басшылыққа алатын, жарғы талаптарын орындауда командирге көмектесетін, жолдастарының лайықсыз қылықтарын тоқтататын, бөлімдер мен бөлімшелердің жоғары дәрежеде ұрысқа дайындығын ұстап тұруға қатысты міндеттерді сапалы да тиімді шешетін, өз әрекетін басқара алатын, шыдамдылықпен өзін ұстай алатын жауынгерді айтуға болады.

Біздің жарғыларымыздың басты талабы — әскери қызметшілердің Отанды қорғаудағы жеке басының жауапкершілігіне, өз халқына, Отанына адал қызмет етуіне, жоғары қырағылық пен тұрақты ұрыстық дайындықты ұстап тұруына негізделеді. Жарғыларда адамгершілік принциптері қатаң сақталған, сонымен бірге ол әскери қызметшілердің мінез-құлқының құқықтық нормалары да болып табылады. Ең алдымен, жарғылар әскери атағы мен қызмет жағдайы бойынша қатаң бағынушылықты қарастырады. Ішкі қызмет жарғысына сәйкес кейбір әскери қызметшілер өз қызмет жағдайы мен әскери атағына байланысты — бастық және бағынушы, басқаларға қарым-қатынасына қарай — үлкен және кіші болуы мүмкін. Бастықтар өз бағынушыларына бұйрық беруге құқығы бар және оның орындалуын тексеруі тиіс. Бағынушылар өз бастықтарының айтқанын қапысыз тыңдауға міндетті. Тәртіптік жарғыда былай деп көрсетілген: «Командирдің (бастықтың) бұйрығы — барлық бағынушылар үшін заң. Бұйрық дәл өз уақытында бұлжытпай орындалуы тиіс».

Біздің барлық жарғыларымыз адамгершілік принциптеріне негізделіп жасалады. Сонымен қатар жарғылар әскери қызметшілердің бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы сыпайылықты, қайырымдылығын, адамдардың мұқтаждықтары мен талап-тілектерше барынша қамқорлық көрсетуді де қарастырады. Әскери жарғылар әскери қызметшілерден қоғамдық орындар мен көшеде өзін абыроймен ұстау және мораль талаптарын қатаң сақтауды, ұстамдылық пен қарапайымдылықты, жоғары мәдениет үлгісі бола білуді талап етеді. Әскери қызметшілер қызмет мәселелері бойынша бір-біріне «сіз» деп тіл қатулары тиіс.

Әскери қызметшілер арасындағы қарым-қатынастарды заң жолымен тәртіпке келтіруге қанша ұмтылыс жасалғанмен, жарғыларда оны бүге-шігесіне дейін қарау мүмкін емес. Қызметте кейбір қарым-қатынастардың жарғы талаптарына сәйкес келмейтіндігі былай тұрсын, оған кайшы келетін жайлары да кездесіп қалады. Әскери бөлімшелерде жеке құрамға, әсіресе жаңа толықтырмаға белгілі дәрежеде ықпал жасайтын «ресми емес көшбасшылар» (жетекшілер) де кездесуі мүмкін. Олардың ішінде қалыпты моральдық көңіл күйді орнатуға кедергі келтіретін жағымсыз қылықты адамдар да кездеседі. Бұл айнала кепілдікке алу, достық пен жолдастықты дұрыс түсінбеу, кіші жолдастарына өз «үстемдігін, артықшылығын» рұқсат етілмейтін жолдармен көрсету әрекеттері арқылы көрініс табады. Олар көбіне дөрекі теріс қылықтардың, қылмыстардың негізгі себебі болып жатады. Республика Қарулы Күштері мұндай құбылыстармен аяусыз күрес жүргізеді. Әскери ұйымдар жарғы ережелерінсіз, олардың талаптары мен нормаларынсыз жұмыс істеулері мүмкін емес. Жарғылар сарбаздардың бойында идеялық сенімділікті, ерлікті, батырлықты, әскери жолдастықты, бастамашылдықты, осы заманғы ұрыстарда жеңіске жету үшін қажетті моральдық жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу жолындағы қуатты құрал болып табылады.