Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті үйымдастыру

124

Қарауылдық қызметті тағайындау және оның міндеттері. Қарауылдық қызметті үйымдастыру

Қарауылдық қызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке қүрамнан Гарнизондық және қарауылдык қызметтер жарғысының (ГжҚҚЖ) барльщ ережелерін дөл орындауды, мейлінше қырағылықты, батыл шешім қабылдау мен бастамашыл-дықты талап етеді.

Қарауылдық қызметтің талаптарьш бүзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе кылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қарауылдық кызметті атқару үшін қарауылдар тағайындалады. Жауынгерлік туларды, әскери жөне мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ак гауптвахтада және төртіптік батальонда үсталатын адам-дарды күзету үшін тағайындалган қаруланған бөлімше царауыл деп аталады.

Қарауылдар: гарнизондыц жөне ішкі (кемелік) болып бөлінеді; олар: тщрацты және уацытша болуы мүмкін.

Гарнизондык карауыл жалпы гарнизондык маңызы бар объекті-лерді жеке-жеке немесе бір-біріне жакын орналаскан бірнеше өскери бөлімдердің объектілерін күзету үшін тағайындалады.

Ішкі (кемелік) қарауыл бір өскери бөлімнің (кеменің) объектілерін күзету мен корғау үшін тағайындалады. Өуежайдағы авиациялык бөлімнің үшактары (тік үшактары) мен баска объектілерін авиация-лык-техникалык бөлімнен тағайындалатын ішкі карауыл күзетіп, корғайды.

Қарауыл күрамына:

  • карауыл бастығы;
  • постылар мен ауысым саны бойынша карауылдар;
  • жүмыска таратушылар, ал кажет болғанда, карауыл бастығының кемекшісі;
  • техникалык күзет күралдары женіндегі карауыл бастығының көмекшісі (оператор) немесе операторлар ауысымы (екі-үш адам, оның бірі карауыл бастығының техникалык күзет қүралдары женіндегі көмекшісі болып тағайындалуы мүмкін);
  • қарауыл иттерінің қызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік қүралдарының жүргізушілері тағайындалады.

Штабтарды, бірлестіктер мен одан жоғарыларын басқару пункт-терін күзету жөніндегі, сондай-ақ мекемелерді күзету жөніндегі қа-рауылдарға аталған адамдардан басқа бақылау-әткізу пунктінің қа-рауылдары, ал гауптвахта жанындағы қарауылға шығарушылар мен айдауылдар тағайындалады.

Объектілерді тікелей күзету және корғау үшін қарауылдар қүрамына сақшылар бөлінеді.

Сақшы дегеніміз — ©зіне тапсырылған постыны күзету және қорғау жөніндегі жауынгерлік тапсырманы орындайтын қаруланған қарауыл.

Сақшының өз міндеттерін орындайтын белгілі бір орын немесе учаске пост деп аталады. Постыға сондай-ақ қарауылдың техникалық күзет жабдықтары арқылы күзететін, сол жабдықтар орнатылған объектілері мен жергілікті жер учаскілері де жатады.

Сақшылар объектілерді қорғауды объектілер маңындағы сыртқы және ішкі қоршаулар арасын немесе егер объектіде коршау біреу болса, қоршау бойын ішкі жағынан патрульдеу жолымен, сондай-ақ мүнарадан бақылау әдісімен жүргізеді. Кейбір объектілерді сақшылар бір орында қозғалмай түрып күзетуі мүмкін.