Экологияның бұзылуының қоғам мен адамға кері әсері.

455

Экологияның бұзылуының  қоғам мен адамға кері әсері.

 

Еліміздің    экологиялық жағдайын қалыпты ұстап, табиғат байлығын сақтау және оны молайту тек бүгінгі күннің қажеттілігінен туындамайды, ол ертеңгі күннің проблемаларына да жауап береді. Сондықтан бұл мәселе  Қазақстанның 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамуына арналған бағдарламада басым міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.
Қоршаған ортаның қазіргідей ауыр жағдайында еліміздің келешек иелерінің экологиялық сауатын көтеру бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселелерінің бірі болып отыр.Республика қалаларында атмосфераның ластануының көбейе түсуі туған табиғат тепе-теңдігінің бұзылуына әкеліп соғуы, адам денсаулығына айтарлықтай зиянын тигізуде  және қоршаған ортаның ластануына байланысты әр түрлі аурулардың пайда болуы, т.б. жағдайлардың айта берсек соның ішінде республика халқының өміріне кез-келген сыртқы қатермен бірге экологиялық қауіп-қатердің тигізер әсері өзекті мәселеге айналып отыр. Қоғамның тұрақты дамуына деген беталыс экологиялық проблемаларды шешуден бастау алады. Еліміздегі осындай ірі экологиялық ластанудың ошақтарын есепке алып, оны жою бойынша тиісті бағдарламалар жүргізілсе, орындалатын негізгі міндеттердің бірі болып саналады.Мұнда қарастырылатын мәселелер ішінде экология және табиғи ресурстардың қоғамда қалай пайдаланылып жатқандығы сөз болады, табиғат пен адам арасындағы кейбір елеулі қайшылықтар салыстырмалы түрде көрсетіледі. Сонымен қатар, еліміздегі экологиялық дағдарыстың орын алуы.
Бүгінде экология ең бір өзекті мәселелердің қатарына шығып отыр.

     Ғаламдық жылыну себептерінің толық ашылмауы жер шары тұрғындарын, мамандар мен ғалымдарды барынша алаңдатып отыр.

Сол себепті, ядролық сынақтарды болдырмау, жаппай қырып-жою қаруларын түп тамырымен жою бағытында Қазақстан тарапынан жүргізіліп жатқан барлық бастамаларға әлемдік қоғамдастық әлі де қолдау-көмек көрсеткені қажет.  Бұл өз кезегінде ғаламдық қауіпсіздікке де өз ықпалын тигізер еді.    

Адамдардың ластанған суларды пайдалануының  аймақта онкологиялық аурулардың артуына әсері бар.

Онкологиялық аурулардың көрсеткіші бойынша Қызылорда облысының республикада алдыңғы орын алуын да сонымен байланыстырады

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басталған шағында адамзат қоғамының даму мәселесі адам мен табиғаттағы қарым — қатынасының дұрыс жүргізілмеуінің арқасында мүлдем шиеленісіп кетті.Осы жағдайды саналы азаматтың барлығы түсіну қажеттігін және әрбір азаматтың  өмір сүру барысында табиғат пен табиғат қорларын пайдалану үрдісінде оны таза, мол  қазыналы көркем қалпында мәңгілікке сақтау ешбір кезек күттірмейтін мәселе екенін мемлекет деңгейінде түсінудің қажеттігін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2030» бүкіл халыққа Жолдауында бірнеше рет  айтып өтті.

7

Қазіргі кезде Семей полигоны, Арал қасіреті, Байкоңыр ғарыш аймағында және тағы басқа. жерлердегі экологиялық апаттар орын алуда.

Табиғат–адам–қоғам–өндіріс; «қоршаған орта мен қоғам» арасындағы ара – қатынас табиғатын сақтауға бағытталған адамдардың қызметі бірлікте болуы тиіс.

Қазіргі кезең — экологиялық жағдайдың  шиеленген сәті. Қазақстан жерінің экологиялық жағдайын тәуір деп айтарлықтай емес. Солардың ішінде экологиялық шырғалаңға түскен Арал өңірі бәрінен ерекше тұр. Арал теңізінің кепкен табанынан үздіксіз көтеріліп миллиондаған тонна тұз аралас шаң-тозаңды, әр түрлі химиялық заттармен қаныққан, суы ішуге жарамсыз Сырдариясын, аппақ соры бұрқыраған егістік, шабындық, жайылымдық жерлерін айтсақ та жеткілікті. Айнала қоршаған ортаны ластаушы «Байқоңыр» ғарыш айлағының өзі не тұрады?

Қазіргі өркениетті даму барысында адамзат ғаламдық деп аталатын бірқатар проблемаға кездесті. Қазіргі кезеңнің ғаламдық проблемаларының мәні неде және олардың қандай түрлері бар? Ғаламдық проблемалар деп бір елдің немесе мемлекеттер тобының ғана емес бүкіл адамзат бірлестігінің өмірлік мүдделерін қамтитын және олардың теріс салдары бүкіл өркениетке қауіп төндіретін бірқатар жалпы дүниежүзілік құбылыстар мен процестерді айтады. Олар адамзат қоғамының тіршілік әрекетінің әр алуан жақтарын әсер етеді – дүниежүзілік саясат пен экономикаға, мемлекет аралық және ұлтаралық қатынастарға , бұқаралық салаға адамдардың тіршілік ету жағдайына тікелей байланысты. Дүниежүзілік  ғаламдық проблемаларға мыналар жатады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8

Ғаламдық проблеманың пайда болу себептері

 

1-кесте

Әлемдік экологиялық проблемалар Пайда болу себептері Шешу жолдары
Халық санының артуы Табиғат ресурстарын барынша пайдалану Демографиялық тұрғыда реттелу,қолайлы мекендерге қоныс аудару
Климаттың өзгеруі(озон қабатының тесілуі,қышқылдық жауындардың пайда болуы) Атмосферадағы газдардың тепе – теңдігінің бұзылуы,климаттың жылынуы Қалдықсыз немесе аз қалдықты жаңа технологияны енгізу,экологиялық мониторинг
Су ресурстарының тапшылығы Суды барынша пайдалану және ластау,ақаба сулардың көбеюі Суды пайдалану технологиясын жақсарту және жауапкершілікті арттыру,экологиялық мониторинг
Жарамсыз жерлердің көбеюі Ландшафтылардың жарамсыздануы және климаттың өзгеруі Жерді тиімді пайдаланудың жаңа экотехнологиясы,экологиялық сараптама жүргізу
Жер ресурстарының тозуы Топырақ эрозиялары,ластануы мен құнарсыздануы Жерді пайдалануды қайта түлету,экотехнология экологиялық сараптама.
Биокөптіліктің азаюы Адамның іс – әрекеттері,табиғи биоценоздың жойылуы,түрлердің азаюы Табиғи ланшафтыларды қайта түлету,экожоспарлау,жер сіндіру , экологиялық мониториг
Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың көбеюі Өндірістік қалдықтармен ластануы Қайта өңдеу немесе қалдықсыз технологияға көші,экотекнология экологиялық мониторгинг,сараптама
Табиғи ландшавтылардың азаюы Улы заттардың шығарылуы орта сапасының нашарлауы,түрлі қауіпті аурулардың көбеюі. Табиғи ландшавтыларды қайта түлетк, экожоспарлау,экологиялық мониторинг,экологиялық сараптама,экологиялық төл – құжаттар әзірлеу

9

 

Экологтардың есебі бойынша ауаны ластайтын  ластағыш заттегінің саны 2000-ға жуық. Барлық ластағыш заттектер агрегаттық күйіне байланысты қатты,сұйық және газ  тәрізді болып бөлінеді.Газ тәрізді заттектер атмосфераға шығарылатын ластағыштардың шамамен 90%-ің құрайды. Ғалымдардың есептеуі бойынша әлемде жыфл сайын адамның іс-әрекеті салдарынан атмосфераға 25,5 млрд тонна көміртек оксиді,100 млн тонна күкірт оксиді,65 млн тонна ,азот оксиді 1,4 млн тонна қорғасынның  органикалық қосылыстары,көмірсутектер соның ішінде канцерогенді ауру туғызатын  көмірсутектер таралады.Батыс Қазақстан облысында қазіргі кезде іс-әрекеті атмосфераның күйіне тікелей  әсер ететін 200-ден астам бірлестіктер мен кәсіпорындар бар.Оның ішінде жылына 100 тонна лас бөлетін ірі кәсіпорындар: Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг -12900 тонна,Конденсат Ақ-491 тонна,Орал мұнай құбыр басқармасы, Казтрансойл –Ақ-1520 тонна, АқЖайықжылуэнерго-646,3 тонна. Ластанған аймақтарда адамдардың әсіресе балалардың ауруы оның ішінде тыныс алу жолдары мен қан аурулары,аллергия,бронх демікпесі аурулары.

   Қазақстанда экономиканың дамуының негізі болып минералды-шикізат комплексі болып саналады.Яғни бұнда тау-кен,энергетика,металлургия және химия өндірісі үстем болады. Осы аталған  өндірістер  табиғат ортасының негізгі ластағыштары.Қазіргі бар технологиямен минералдық ресурстарды өндірген,тасымалдаған және өндеген кезде олардың тозына және экологиялық жағдайына әсер етеді. Көмір,мұнай,газ,металл және тағы басқа табиғат ресурстарының кен орындарын игерген кезде жер қабаттарында белгілі бөлігі қалып қойяды. Әдетте мұнайдың35-40% қоры алынады,ал алдынғы қатарлы технологияны қолданғанда 80%-ке жеткізуге мүмкіндік туады.

Интинсивті мұнай өндіру аймақтарында биогеохимиялық провинция түзілетін процес жүруде,онда токсикалық заттар құрамының барлық нормалары жоғары болады. Жыл сайын Республикада 50 мың тонна  мұнай шламы және мазутталған топырақ пайда болады.Мысалы каспий маңы аумағында мазутталған жердің жалпы ауданы 200 мың гектар,алтөгілген мұнай көлемі миллиондаған тонна.

2015 жылға дейін Республикада Каспий мұнайын өндіру жылына 150 млн тоннаға  жеткізу жоспарлануда,бірақ осы кезге дейін Каспий және оған жақын аудандарға зиянының есебімен оптимальды өндіру деңгейі  анықталмаған. Қоршаған ортаның ластануы проблемасы және болуы мүмкін  техногенді апат осы аймақ үшін қауіптілік деңгейі бойынша алдыңғы жоспарға шығып отыр.

Республикада ядролық отынды  өндіру,тасымалдау,игеруге ерекше орын берілген.

 

 

 

10

Казатомпром әкімшілігі берілгені бойынша жыл сайын 2,5 мың тоннадай уран өндіріледі,бұл дүниежүзілік өндірістің 5%-ің құрайды және 2005 жылда 7%-ке  жетеді.Дүниежүзілік тәжірибеден белгілі жерден уран өндіргенге қарағанда,қалдықты көму 10 есеге қымбат.Біздің елде осы кезге дейін экологиялық талаптарға жауап беретін ұлттық радиомагильник жоқ,ядролық қалдықты жоюдың сенімді технологиясы жоқ.Сондықтанда күрделі проблема болып ядролық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз сақтау және оларды өңдеу саналады.

Республикада 20 миллиардттан астам қатты өнеркәсіп және тұрмыс қалдықтары,соның ішінде 237 миллион  тоннасы радиоактивті және6,7 миллион тоннасы токсикалық қалдықтар.Еліміздің 1 тұрғынына 16 тонна радиоактивті және 0,5 тонна токсикалық қалдықтан келеді.

Қалдықтардың негізгі массасы Қарағанды,Алматы,Өскемен қалаларында жинақталған. Ақтөбе облысында құрамында өте қауіпті токсикалық алтывалентті хром,ал Жамбыл облысында-фтор,фосфор және  Шығыс Қазақстан облысында-ауыр металдар тұздары қалдықтары жинақталған.

Батыс Қазақстан  облысына келер болсақ  Капустин Яр полигонының ядролық ракеталар сынағын жүргізу аумағының жалпы көлемі 6,5 гектар болса,Орда және Жаңақала  аудандарында зиян шеккен жердің аумағы 1,5 млн гектар болды. Полигонға іргелес жатқан Бөкейорда ауданында қалыптасып отырған экологиялық жағдай химиялық жағынан кешенді зерттеді. 60 жыл астам Капустин Яр полигонның,10 жылдан астам Азғыр полигонының қармағында болған бұл жерде 177 түрлі ракеталық әскери техникалар сыналды. Ресейдің әскери сынақтары әлі күнге дейін жалғасып отыр. Нәтижесінде,радиациялар залалдың деңгейі 11о микроген болып белгіленді. Ең сұмдығы  жарты ғасырдан астам уақыт ішінде зардап шеккен халық денсаулығын қорғауға ешқандай көңіл бөлінбеген.

Мұндағы сәби өлімі көрсеткіші тіпті Семей атом полигоны маңындағы елдегіден де жоғары.Ауданда қатерлі ауру көп.Зерттеу  нәтижесі ауыз судың жарамсыздығын көрсетті:нитраттар мен ауыр металдың мөлшері нормативтен әлде қайда жоғары.