8 саны және цифры

64

Ашық  сабақ.

Сабақ тақырыбы: 8 саны  және цифры

Сабақ мақсаты: а)Білімділігі:  Оқушыларды  8саны  мен және цифрымен  таныстыру.

8 санының  құрамын  анықтау. Өрнек құра білуге  үйрету.

ә) Дамытушылығы: Оқушылардың  танымдық  қабілетін  ойлау  деңгейін және  белсенділігін, қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілігі: Оқушыларды  ұқыптылыққа, саналылыққа,  тапқырлыққа,  шапшаңдыққа  тәрбиелеу.

Түрі:  Жаңа  сабақ.

Әдісі:  Сұрақ – жауап, түсіндіру.

Көрнекілік құрал:Плакат, сандар, үлестірме қағаздар, ноутбук.

Сабақ барысы.

  1. Ұйымдастыру.

а) Шаттық шеңбері.

ә) Оқушылар  назарын  сабаққа  аудару.

  1. Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.(үй тапсырмасы сұралады.)

Ендеше балалар өткен сабақтар  бойынша қаншалықты  білетінімізді еске түсірейік.

а) 7ге дейінгі  сандарды тура және кері  санау.

ә) 7 санына байланысты не  білеміз.

б) Мына  сандарды  салыстыр.

4*2    3 * 5     7 *  5   4 * 6.

в) Қосу мен азайтудың компоненттерін айту.

Сергіту сәті.

Топқа бөлу.

  1. Жаңа сабақ.

-Енді балалар көңілімізді  тақтаға  аударайық.

Мына суреттен  нені көріп  тұрсыңдар?

Алма . Нешеу?7еу

Ал оған 1 алманы  қосқанда неше алма болады?

8 алма болады.

Ендеше 7 санына 1 санын қоссақ 8 саны  шығады.

Сандар қатарына 7-ден кейін қандай сан  келеді?

8 саны. (Бірнеше мысалдар келтіру.)

8 санының баспа  және  жазба түрлерін көрсету.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың негізгі мақсаты 8 санының қалай  шығатынын, қалай жазылатынын үйрену болатын

Ендеше бізге тапсырмалар берілген  соны орындайық.

1-тапсырма. Оқулықпен  жұмыс. Теңдіктер құрастыру..

ч  +        = 8                 +        = 8                 +        = 8             +        = 8

+        =8                  +        = 8                  +        = 8            8     —         =

8     —         =              8     —         =             8     —         =

8     —         =               8     —         =           8     —         =

 

 

 

 

 

2- тапсырма Өзіндік жұмыс Сандардың көршілерін жаз

5                     6                   7                 2

3-тапсырма. Логикалық сұрақ

  • Он асықтаң екеуін досың сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі өз қолыңда қалады.
  • Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастасаң неше бұрыш қалады?
  • Бір килограмм темір ауырма, бір килограмм мақта ауырма?

 

4-тапсырма Тақтамен жұмыс

№5 есеп

7+1=8          5см+2см=7см

3+0=3          7см-3см=4см

2+4=6           4см+ 4см=8см

5-тапсырм Қорытынды Жоғалған санды тап.

Саянда болды 8 алма

Сайранға берді 4 алма

Ойланып, кәне көрейік

Саянда қалды қанша алма?

8-4=4

Бәйгеге шықты жануарлар

Алға шықты бесеуі

Қосылды оған екеуі

Мәреге келді нешеуі

5 +2=7

Айманда болды 5 алмұрт

Әселге берді 2 алмұрт

Айманның қалды қолында

Неше алмұрт тез ойла?

5-2=3

 

Далада жүр 3 түйе

Қосылды тағы 1 түйе

Жалпы саны түйелердің

Болды неше? Есепте  3+1=4

 

Сегіз қияр базардан

Сатып алды Сәлімжан

5 қиярды алғанды

Қанша қалды пакетте

8-5=3

Мадақтау

Үйге тапсырма №5есеп 2 бағаны.