«Қош бол ,даярлық сыныбым»

63

Тақырыбы «Қош бол ,даярлық сыныбым»

Мақсаты: Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған   білімінің,үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету,балалардың сөздік қорын,тілін,ой өрісін, кеңейтіп дамытумен бірге оларды Отансүгіштікке , бауырмалдыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу болды.

 

Барысы:

Тәрбиеші:

Қазіргі мынау мереке,

Бәрінен де ерекше,

Өйткені біздің балалар,

Барады ертең мектепке

 

Құрметті ұстаздар,ата-аналар !Бүгінгі «қош бол ,даярлық тобы»атты ертеңгілігімізге қош келіпсіздер!бүгін бүлдіршіндеріміз аз уақыт ішінде мектептен тәлім –тәрбие алып,өнер үйреніп ,жыл бойы білімге жол ашқан даярлықпен қоштасып ,1-сыныпқа қадам  басқалы отыр.Балалардың қадамдары құтты болсын дей отырып бугінгі «қош бол ,даярлық тобы»атты ертеңгілімізді бастаймыз.

Сахнада  Ринат,Бексұлтан ойнап отырады.Азиз қолына сөмкесін  ұстап кіріп келеді.

Азиз:

Ринат,Бексұлтан ,

қараңдаршы кітаптарда ,қаламда ,

көп болатын ағамда .

менде бұрын жоқ еді ,

әкелді анам мағанда .

Бексұлтан:Қараңдаршы !

Тазалап жуып басымды ,

Тарап қойдым кекілді,

Бола қалдым лезде ,

Мержан ағам секілді.

Ринат :МАДС- ім қош енді ,

әркез аман бол деймін

әкем менен шешемді ,

енді ертіп келмеймін .

жыламаймын енді мен,

сабақтанда қалмаймын,

ата-ана үмітін ,

әрмен қарай жалғаймын.

Диляра :қызық күндер өткіздік ,

Даярлықтың бағында

Көп оқыдық, көп білдік ,

Ел менен Отан жайында ,

Мектепке енді барамыз,

Мұңаймаңыз сағынып.

Қашықта болса арамыз,

Сыныпқа келіп тұрамыз.

Барлығы :

Сәлем саған мектебім ,

Сәлем білім ордасы,

Жасыл бақты көктемім

Жастық шақтын ордасы.

 

Ән: «Біз мектепке барамыз!»

Олай болса балалар,әдемі –ойын сауық құрып,бесеуіне ақ жол тілеймін.Қадамдарын құтты болсың!

Сахнаға Сайқымазақ   Еркетай кіріп келеді.

Сайқымазақ Еркетай :Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар:Сәлеметсіз бе ?

 

Тәрбиеші :Балалар бұл кім екенің білеміз бе ?

Балалар:Иә, бұл Сайқымазақ Еркетайғой.

Тәрбиеші :Иә,Еркетай сені балалар танып жатырғой,жол балсын ,қайда бара жатырсың?

Сайқымазақ Еркетай :Мен цирктен шаршадым ,барлығы мені мазақтап күле береді,енді мектепке барамын,міне бүкіл ойыншықтарымды да салып алдым.

Диляра :Мектепке бізде барамыз ,бірақ онда ойыншықтар керек емес.

Сайқымазақ Еркетай:Сонда мен мектепке ойыншықтарымды апармасам не үшін барамын?

Барлығы : Мектепке оқу үшін барамыз.

Тәрбиеші:Еркетай ,сен әлі мектепке дайын емес сияқтысың,балалар «Кім мектепке тез жиналады»ойыны арқылы Сайқамазақ Еркетайға мектепке  не апаратына жайлы үйретіп жіберейік.

Ойын : «кім мектепке тез жиналады» барысы: ортаға 2 бала шығарылады,жіпке  оқу құралдары ілінеді , балалардың қөздерін жауып балалар оқу құралдарын тауып алып қайшымен қиып жинап алады.

 

Сайқымазақ Еркетай :Балалар рахмет сендерге мен мектепке барып ойнайды теп ойыншық алып келсем,енді қайттім?иәәә,таптым мен бұл ойыншықтарды балабақша балдарына  сыйлайын,ал өзіме оқу құралдырын сатып  алайын.

Балабақша бүлдіршініне апарады.

Сайқымазақ Еркетай:бұл сендерге ,кележатырған мейрамдарынмен!

Нүрбибі :Рахмет саған Сайқымазақ Еркетай.

Сайқымазақ Еркетай:Балалар маған ән айтып беріндерші.

Ән: «Бал балалық»

Сайқымазақ Еркетай :Балалар байқадыңдар ма ?менің машинамның артында шарлар бар енді мен сендерге ойын азірлеп келген едім мен сол ойынымды ойнатайын иә?

Ойын : «шарды кім тез жарады»

Ойынның барысы:әр бала шарды тез жарып,ішіндегі тапсырманы алып орындайды.

Тапсырмалар:1.орманда аю,тулкі жүрді оларға  қасқыр мен жолбарыс келіп қосылды сұрақ орманда неше аң бар? 2+2=

2.Мына сөзді оқы ( ана)

3.10 дейін тура және кері сана

4.мына фигуралардан кандай сурет құрастыруға болады?

5.санамақ айту

Және сұрақтарға қосымша аңдардың суреттері болады балалар сол аңдардың бейнесін салып берулері керек.

Сайқымазақ Еркетай :

-Балалар қараңдаршы  шардың ішінен кәмпит шықты .кәмпитті ашып берейін.

-ой ,мынау кәмпит емес қой бұл тағы Сайқымазақ Еркежанның істегені ғой ,енді қайттім?

Тәрбиеші :

-әкел маған мен балаларға оқып берейін .(кәмпиттін ішінде Сайқымазақ Еркетайдың хаты жасырынған балалараға хатты оқып беру.)

Ән: «Жас дәуірдің түлегіміз»

Ойын:  « мектеп және мен»балалар белгілі бір жерге мектепке қатысы бар сөздерді  атап барулары керек

Сайқымазақ Еркетай:Білімді болған қандай жақсы,балалар білімдерің өсе берсін,

Қадамдарыңа гүл бітсін, менде мектепке баруға жиналайын.

Сау болындар балалар.

Есік қағылады.

Дәрігер:Сәлеметсіндер ме балалар  биыл мектепке баратын балалар сендер ме ? мектепке бармас бұрын сендер дәрігерге қаралуларын керекқой

Олай болса қарап жіберейін.

Дәрігер:

Жарайды онда ,балалар,

Қане бірің тұрындар.

Тапсырманы ұғындар

Көтер қолды ,түсір қолды

Бұрыл жедел,онды-солды.

Енді отыр қайта тұр.

Қан соғысын көрейін

Жарамсызы бар болса

Ақыл кеңес берейін,

Бәрі тегіс қаралды ,

Бәрі тегіс жарамды

Бәрі тегіс салауат,

Бәріне де рұқсат.

Тәрбиеші :Ақ халатты абзал жан келгеніңізге куанып қалдық рахмет сізге.

Дәрігер :Ал балалар жолдарын болсын !сау болындар.

Ән:Мектебім

Айналайын гүлдерім,

Ақ шуақты күндерім.

Ерекше қызық тілдерің,

Естен кетпес үндерің.

Сүйкімді балғын болашақ,

Сендердікі болашақ.

Озат болып оқыңдар,

Ойға білім тоқыңдар.

 

Тәрбиеші  балаларға естелік ашық хатын сыйлайды.

Би :Қоштасу вальсі

Құттықтау сөз кезегін ата-аналарға береміз.

Тәрбиеші:құрметті қонақтар осымен  бүгінгі ертеңгілігіміз  осымен аяқталды . Көріскенше күн жақсы болсын!