Нан туралы өлең. К. Сауғабаев.

75

Ана тілі.

Сабақтың тақырыбы: Нан туралы өлең. К. Сауғабаев.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңнің мазмұнын түсіну, идеясын ашу. Нанның қадірін білуге үйрету, нан туралы білім беру.

  1. Өлеңді ырғағына келтіріп оқыту, мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру. Ой-өрісін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
    3. Нанды қадірлеуге, қастерлеуге, үлкендердің еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың құрал-жабдығы: интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
a) Оқушыларды түгендеу, кезекшілік.
ә) Психологиялық дайындық.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Төрт түлікке нелер жатады? Түлік атаулары. Түліктің пайдасы.
III. Жаңа сабақ.

Жазушы-журналист, ақын Кәрім Жұмабекұлы Сауғабаев 1941 жылы Едірей жерінде дүниеге келген. (Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы). Қарағандыдағы оқудан соң Алматыдағы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай тәмамдады. Аудандық «Ленин туы» газетінің редакторы, кейін облыстық «Орталық Қазақстан» газетін тілшісі болды. «Мойындау»,  «Көктем  келді»,  «Күдеріңді  үзбе», «Ақша қа р», «Балқан таудың басында», «Үлкендерден үлгі  аламыз», «Үшқара  оттары»,  «Мәди» атты деректі хикаяты  жарық көрді.

Оқырман қауым балалар ақыны ретінде де жақсы таниды.

Нанның келу жолын айтқызу.

Жерді күту, дән себу, егістікті күтіп, баптау, астық жинау, элеваторға әкелу, диірменге әкелу, ұн тарту, нан пісіру, дүкенге әкелу.

Оқулықпен жұмыс.
a) Оқушыларға өлеңді мәнермен, нақышына келтіріп оқыту.
ә) Өз сөздерімен түсінгенін айтқызу.
б) Өлеңнің ұйқасына назар аудару.

Сұрақ-жауап әдісі.

-Ақын неге нанды қадірлеп, қастерлеп, үнемдеп ұстаңдар дейді?

-«Нан – өмір» дегенді қалай түсінесіңдер?

-«Дән – ән емес пе, дән – нәр емес пе»  дегенді ше?

Сергіту сәті.

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

Дәптермен жұмыс.

Жалғастырып жазу: Бір дән жатса еңкейіңдер, көтеріңдер, себебі … . Нансыз тыныштық болмайды, себебі … .

Топтастыру стратегиясы.  Нан.

  1. Қорытынды.

 

Есіңде болсын! Әдептілікке әуестен!

  1. Тамақты шашпай-төкпей іш.
  2. Дастарқан басында керіліп, созылып, қисаймай, кітап оқымай отыр.
  3. Жерде жатқан нанды баспай, еңкейіп алып, жинап қой!
  4. Тамақ ішкен кезде сөйлеме!
  5. Басқаларға мені сыйла деме, өзің өзгелерді құрметте. Сонда жұрт сені де сыйлайды.
  6. Ата-анаңды, үлкен адамдарды сыйлап, кішкентайларға қамқорлық жасасаң, өзіңнің қадіріңді арттырғаның.

Нан туралы мақал-мәтел айту.

Үйге тапсырма.

Мәнерлеп оқу. Нанның дастарқанға келу жолы туралы әңгіме жазып келу. Бағалау.