Сымтемірлерден қуыршақтар жасату.

50

Тақырыбы: Сымтемірлерден қуыршақтар жасату.

Мақсаты:      1. Балаларға үйрету.

2.Қол еңбегіне,өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілетін,қиялын дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге,еңбексүйгіштікке,еңбек қауіпсіздік ережесін ұстануға  тәрбиелеу.

Керекті құрал: Еңбек құралдары

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

-Балалар бүгінгі сабақта сендер бұрын өздерің қолданып көрмеген  заттармен жұмыс жасаймыз.Сымтемірлерден қуыршақ жасаймыз.

V Жаңа сабақ

-Сымтемірді көрсетіп,оның сапасы жайында айтып беру.Жұмсақ,иілгіш сырты қапталған,ішінде жұмсақ темір,тегіс жылтыр,т.б.Бұл сымтемірлерді орауға,бүктеуге,қайшымен қиюға болады.

-Сымтемірлерден жасалған ойыншықтар суреттерін пайдаланып,балалардың қызығушылығын арттыру.-Аңдар,құстар,қуыршақтар бейнесі.Бұлардың бәрінінің дене бөліктері спираль тәрізді сымтемірлерден жасалған..ал басы картон қағаздан.

-Біз сымтемірден қуыршақ жасаймыз.Ол үшін алдымен спираль тәрізді сымтемірлерді қарындашқа айналдырып ораймыз..Қарындашты сол қолға ұстап,сымтемірдің бір ұшын сұқ саусақпен басып ұстап,оң қолмен сымтемірді қарындашқа орау қажеттігін көрсетіп түсіндіру..Оралудың тегіс біркелкі оралуын қадағалау,оралған сымтемірді сәл қысып,спиральді дұрыстап алған соң оны қарындаштан сыпырып,сыпырып шығарып алады.Бұл спиральдан алдымен қуыршақтың қолы мен аяғын ұзындау,ал денесін қысқа етіп қайшымен қиып алады.Қайшымен ұқыпты жұмыс істей ескертіледі.

-Қиылған дене бөліктерін бір-біріне біріктіру.

-Қуыршақты безендіру.Басын екі дөңгелек картонды бір-біріне желімдеу.Бет әлпетінің суретін фломастермен салады.

Сергіту сәті: Қара жорға биі

VI Пысықтау  Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен, қуыршақ жасайды,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

VII Бекіту

-Бүгінгі сабақта не жасадық?

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.

VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт