Жиһаз (сіріңке қораптарынан,катушкадан)

Тақырыбы: Жиһаз (сіріңке қораптарынан,катушкадан)

Мақсаты:      1. Балаларға сіріңке қораптарынан,катушкадан жиһаздар жасай білуге үйрету.

2.Қол еңбегіне,өз қолымен бұйым жасауға қызығушылығын арттыру,шығармашылық қабілетін,қиялын дамыту.

3.Балаларды шығармашылыққа,бастаған ісін аяқтауға, ұқыптылыққа, ұжымдық еңбек нәтижесіне жетуге,еңбексүйгіштікке,еңбек қауіпсіздік ережесін ұстануға  тәрбиелеу.

Керекті құрал: Еңбек құралдары

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,практикалық,сұрақ-жауап,әңгімелесу

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ

Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі

Балаларды  түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып, назарын сабаққа аудару.

IV Мақсат қою

Отбасы туралы әңгімелесу.

-Үйлеріңде қандай жиһаздар бар?

-Әр түрлі жиһаздардың суретін көрсетіп әңгімелеу.

Бүгін құрастыру сабағында жиһаз құрап үйренетіндерін айту.

V Жаңа сабақ

Сіріңке қорабынан үстел,орындықтың жасау жолын көрсету.

  • Үстел жасау үшін 4 сіріңке қорабы ,4 катушка,түрлі-түсті қағаз,қарындаш керек

-4 сіріңке қорабын бір –біріне біріктіріп,желімдейді.

-Желімдеп болған соң,қораптарды қағаздың түсіне қарай таңдап алып,ақ жағына қойып,көлемін өлшеп,қарындашпен сызып алады.

-Сызық бойымен оны қиып алып, қораптардың үстіне оны желімсдейді (ол үстелдің беті болады).

-4 катушканы үстелдің 4 бұрышына тігінен орналастырып желімдейді.

-үстел дайын болған соң балалардың қалауы бойынша түрлі-түсті қағаздан қиып әшекейлеу ұсынылады. (Оны бірнеше балалар орындауы мүмкін).

2.Орындық жасау үшін екі сіріңке қорабы,1 катушка пайдаланылады.

— бір қорап көлденеңінен,екіншісі тігінен орналастырылып,бір-біріне желімделеді:

-қораптың сыртын түрлі-түсті қағазбен үстелге үйлестіріліп желімдеуге болады.

-көлденең орналасқан қораптың ортасына қарай катушка желімделеді

-орындықты әшекейлеу баланың ой-қиялына сәйкес өз еріктерімен орындалады.

Сергіту сәті: Қара жорға биі

VI Пысықтау  Балалар алдындағы құрал-жабдықтарды пайдаланып, көрсеткен үлгімен,үстел мен орындықты жасау  әдісіне кіріседі ,кейбір балаларға жеке түсіндіріліп,көмек көрсетіледі.

VII Бекіту

-Бүгінгі сабақта не жасадық?

Сұрақ-жауап арқылы сабақты бекіту.

VIII Бағалау Балалардың жасаған жұмыстарын салыстырып мадақт