ОЙЫНДАР, СЕРГІТУЛЕР

127

ІІ. ОЙЫНДАР, СЕРГІТУЛЕР

 

Ойын бала үшін – нағыз өмірдің өзі. Егер тәрбиеші ойынды дұрыс ұйымдастырса, балаға ықпал етуге мүмкіндік алады. Балалар ойнай отырып адамдардың белгілі бір әрекеттерін, жеке қасиеттерін, ара-қатынастарын қайталайды. Солайша іс-әрекеттердің жағымдыларына үйренеді.

Ойын түрін дұрыс таңдау маңызы зор. Ойын түрі арқылы тәрбиеші әр баланы зерттеп, балалар бірлестіктерін, құрылып келе жатқан ойын ұжымдарын айқындайды. Белгілі бір топтардың пайдалылығы мен зияндығын көреді, қай бала қай баламен жақсы ойнады, қай балалар бір-бірімен ойнай алмауын ажыратады. Оларды дұрыс ойнауға үйретіп, тәрбиелі, тәртітпі болуларына ықпал жасай алады.

Берілген бөлімде түрлі ойындар жинақталған. Олар тәрбиеленушілердің логикалық ойлауларын, қимыл-қозғалыс координациясын, шапшаңдықтарын, өзара қарым-қатынастарын, ұйымдастырушылық, ұйымшылдық қасиеттерін дамытуға, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен, өмір қауіпсіздігінің ережелерімен таныстыруға бағытталған. Сонымен қатар тәрбиешілеріміз күнделікті сабақтарында қолданатын сергітулер