Менің отбасым

45

 

Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

Сабақтын мақсаттары:

Білімділік: оқушылардың модуль бойынша алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы тиянақтау, қазақша дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету.

Дамытушылық: ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: туған бауырларына, ата-анасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, қазақ тіліне деген ынтасын, қызығушылығын арттыру.

Сабақтын түрі: дәстүрлі

Сабақтын типі: нәтиже сабақ, пысықтау.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап,әңгімелесу, диктант жазу,суретпен жұмыс,ойын, шығармашыық жұмыс,көрнекілік әдіс.

Көрнекілік: Суреттер, кеспеде жазылған сөздер, әр оқушыға таза қағаз  (диктант жазу үшін), фишкалар  (жауаптарын бағалауға).

 Сабақтын барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасып,кезекшімен әңгімелесу.

  1. Сыныпта кім кезекші?
  2. Кім жоқ?

3.Бүгін нешесі,аптаның қай күні?

4.Қазір қандай сабақ?

Фонетикалық жаттығу:

а. Қазақ тіліне тән дыбыстарды әндетіп айту.

ә. Балалар, әдеттегідей фонетикалық жұмысын жүргізейік.

кә -кә- кә кәмшат

әк -әк- әк әке

ке –ке- ке кеме

өк -өк- өк өкпе

кү- кү- кү күн

үк- үк- үк үкі

кі- кі- кі кісі

II Пысықтау.

1.Бүгінгі сабақтын тақырыбын хабарлау,мақсатымен таныстыру.

2.Отбасына байланысты сөздерді сурет жұмысы арқылы еске түсіру.

а. Үйде кімдер тұрады

ә. Мынау не?

б. Бұл үйде кімдер тұрады?

в. Бұл қандай отбасы?

Ата- әже

Әке- шеше

Аға- іні

Әпке- сіңлі,қарындас.

3.Жуан сөздерді ата.

Жіңішке сөздерді ата.

  1. «Таныстыру» фотокөрмесі.

Оқушылар өздері әкелген фотосуреттер бойынша әңгімелейді.

  1. «Танысу» ойынын өткізу.

6.Сөздік диктант. «Кім маған қалай туыс?»

Ата- әже

Әке- шеше

Аға- іні

Әпке- сіңлі, қарындас

Бала – немере

Жазғандарын тексеруге жинап алу.

IV Қорытынды.

Сабақты қорыту,білімдерін фишкалар арқылы бағалау.

V Үйге тапсырма.

Сөздерді қайталау. 51 бет, 5 тапсырма. «Менің отбасым» туралы әңгіме жазу.