«Сұрау есімдігінің түрленуі»

 

Сабақтың тақырыбы: «Сұрау есімдігінің түрленуі»

Сабақтың мақсаты:(Оқушыларды сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру)

Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде сұрау есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Сұрау есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін дамыту, граматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сабақты түсіндіру, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, математика.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд, оқулық, семантикалық карточка.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен сәлемдесу
  • Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау
  • Сыныптың, тақтаның тазалығына көңіл бөлу
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

  1. Зат есімнің түрленуі? Мысал.
  2. Сын есімнің түрлендіруші формалары? Мысал.
  3. Сан есімнің түрленуі? Мысал.
  4. Есімдік дегеніміз не?
  5. Оның қандай түрлері бар?
  6. Жіктеу есімдігі дегеніміз не? Мысал келтіріндер.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:” Сұрау есімдігінің түрленуі”.

Сұрау есімдігі жауап алу мақсаты мен сұрау мағынасында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады.

Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше?нешеу? қай? қандай? қанша? қалай? қашан? Сұрау есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімдерше тәуелденеді, септеледі және жіктеледі.

Сұрау есімдіктерінің тәуелдену үлгісі:

Оңаша

Тәуелдіктің жақтарыКім?Не?Қайсы?
І менің

ІІ сенің

сіздің

ІІІ оның

кімім?

Кімің?

Кіміңіз?

Кімі?

нем?

Нең?

Неңіз?

несі?

қайсым?

Қайсың?

Қайсыңыз?

Қайсысы?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортақ

Тәуелдіктің жақтарыКім?Не?Қайсы?
І біздің

ІІ сендердің

сіздердің

ІІІ олардың

кіміміз?

Кімдерің?

Кімдеріңіз?

Кімдері?

неміз?

Нелерің?

Нелеріңіз?

нелері?

қайсымыз?

Қайсыларың?

қайсыларыңыз?

Қайсылары?

Сұрау есімдіктерінің септелу үлгісі:

Сеп-

тік

Кім?Не?Кімдер?
А.

І.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

Кім?

Кімнің?

Кімге?

Кімді?

Кімде?

Кімнен?

Кіммен?

Не?

Ненің?

Неге?

Нені?

Неде?

Неден?

Немен?

Кімдер?

Кімдердің?

Кімдерге?

Кімдерді?

Кімдерде?

Кімдерден?

Кімдермен?

Сұрау есімдіктерінің жіктелу үлгісі:

Жіктіктің жақтарынешеу?қандай?
І мен

біз

ІІ сен

сендер

сіз

сіздер

ІІІ ол

олар

нешеумін?

нешеуміз?

нешеусің?

нешеусіңдер?

нешеусіз?

нешеусіздер?

нешеу?

нешеу?

қандаймын?

қандаймыз?

қандайсың?

қандайсыңдар?

қандайсыз

қандайсыздар

қандай?

қандай?

 

  1. Сабақты пысықтау:

Мұғалім сөзі: Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз саяхат сабағы. Біз бүгін Қазақстан қалалары: елордасы – Астанаға, қазіргі облысымыз – Қарағандыға және өзіміздің туған қаламыз – Қарқаралы қалаларына саяхат жасаймыз.(слайд көрсетіледі).

Әр қаланың сендерге арнаған тапсырмасы бар.Сол тапсырмаларды дұрыс орындасақ, қасиетті Қарқаралы қаласына да жетеміз.

Алдымен Елорданың тапсырмасына назар аударайық. Елорда туралы оқушылар пікірі тыңдалады. (слайд)

№1. Тапсырма.

І. Көп нүктенің орнына тиісті сұрау есімдікті қойып, жаңылтпаштарды толықтырыңдар.

Сұрау есімдіктердің мағынасына түсіндіріңдер.

  1. Үш кіші ішік піштім,

Бес кіші ішік піштім,

…кіші ішік піштім?!

  1. Менің … кем деп ең.

Бер үйді ең кең деген!

Бер үйді ең кең деген,

Менің … кем деп ең?!

ІІ. «Астана» сөзіне математикалық дыбыстық талдау жасайық . (талдау жасалады).

Келесі келіп жеткен қаламыз, қазіргі облысымыз – Қарағанды. Қала туралы оқушылар пікірі тыңдалады. (слайд)

Қарағанды бізге қандай тапсырма дайындап қойыпты екен? Соны көрейік…

№2. Тапсырма. Семантикалық карточка толтыру. Нешінші? қайсысы? деген сұрау есімдіктерін жіктеп және тәуелдеп жазып, осы есімдіктерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Сөйлемді сөйлем мүшелеріне талда.

І.  мен нешіншімін          біз нешіншіміз

ІІ. сен нешіншісің           сендер нешіншісіңдер

сіз нешіншісіз            сіздер нешіншісіздер

ІІІ. ол нешінші                олар нешінші

 

І.  менің нешіншім           біздің нешіншіміз

ІІ. сенің нешіншің            сендердің нешіншілерің

сіздің нешіншіңіз         сіздердің нешіншілеріңіз

ІІІ. оның нешіншісі          олардың нешіншісі

ІІІ.  Асылан мектепішілік жарыстан нешінші болып келді екен? Сен өзі соның қайсысысың?

Қарқаралы қаласы (слайд көрсетіледі). Қала туралы оқушылар пікірі тыңдалады. (слайд)

№3. Тапсырма. «Қарқаралыда өткен дүбірлі той» тақырыбына

шағын 4-5 сөйлемді ой толғау жазындар.

V . Бекіту.

VІ Қорытынды:

VІІ Үйге тапсырма: 102-жаттығу, ереже жаттау. Ырыс, береке, несібе жайлы ақын-жазушылардың афоризмдерін жазып келу.

VІІІ. Бағалау.