Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

1930

Сабақтың тақырыбы: 

Грамматикалық тақырып: Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

Лексикалық тақырып: Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы

Сабақтың мақсаты: 1.Шәкәрім шығармаларын оқыта отырып, сөздің тура

және ауыспалы мағынасы  туралы мәлімет беру. Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, оқушыларға сөздің тура және ауыспалы мағынасын айыра білуге жағдай жасау.

2. Шәкәрім шығармаларын оқыту арқылы оқушылардың

ойлау  қабілеттерін дамыта отырып, тез, әрі   жатық сөйлей

білуге үйрету.

3.Шығармаларды оқыта отырып, адамгершілік, кішіге қамқорлық, еліне, туған жеріне деген  сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, жаттығу

жұмыстары, мәнерлеп оқу, талдау, саралау.

Сабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, Эпиграф, қанатты сөздер,

хронологиялық таблица, шарлар, шеңбер, адасқан әріптер,

топшама балықтар

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, музыка

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

  1. Кезекші жауабы
  2. Сабаққа дайындықтарын тексеру

         ІІ Үй тапсырмасы

  1. Абай өлеңдерін жаттап келу;
  2. 35-жаттығу. Бір сөзден бірнеше сөз шығарып, құрастыру.

ІІІ Жаңа сабақ

Сөзжұмбақпен бастау. Сөзжұмбақты шеше отырып жаңа сабақтың атын шығарып алу.

 

1 а ғ а Ш            
      2 ә д е м і    
    3 ә к е          
    4 м ә т і н      
    5 е р т е г і    
т ө с т і к          
      7 м а ғ ы н а  

 

  1. Алма, алмұрт неде өседі?
  2. Сұлу сөзімен мағыналас сөз.
  3. Атаңның баласы саған кім болады?

4.Ойдың жиынтығы

  1. «Аяз би», «Түлкі мен ешкі» қандай шығарма?
  2. Ерназардың баласы.
  3. Сөздің ішкі мазмұны

— Балалар, біз осы сөзжұмбақты шешкенде қандай сөзді таптық?

— Дұрыс. Ендеше біздің бүгінгі тақырыбымыздың аты – Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы. Және Грамматикалық тақырыбымыз Сөздің тура және ауыспалы мағынасы.

 

Адамдық борышы, ар үшін,

Барша адамзат қамы үшін,

Серт қылғам еңбек етем деп,

Алдағы атар таң үшін,дейді. Ақын осы айтқан сертінен өле-өлгенше танған емес. Ақынның бір айтқан сертінен айнымайтын адалдығына, оның адамгершілік қасиетіне көзі жетіп, көңілі сенген халқы ардагер азамат ақынын ардақтаған. «Әкесінің баласы – адамның дұшпаны. Адамның баласы бауырың» деген Абай қағидасын Шәкәрім бүкіл өмір бойы берік ұстап өткен адам.

-Балалар, назарымызды тақтаға салып, Шәкәрім атамыздың өмір жолына қысқаша ғана көз жүгіртіп өтейік.

Жылы Болған оқиға
1858 ж. 11 шілдеде Шәкәрім Құдайбердіұлы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген.
1905-1906 жж. Меккеге қажылық сапар шегеді.
1911 ж. Орынборда «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық шарты» кітаптары жарық көрген.
1912 ж. Семейде «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағы, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары басылып шықты.
1931 ж. 2-қазанда Қайғылы қазаға ұшырайды.

 

  • Жақсы, балалар, біз Шәкәрімнің өмір жолымен таныс болдық. Енді біздің грамматикалық тақырыбымыз сөздің тура және ауыспалы мағынасына тоқталайық.

Балалар мына мысалдарға назар аударайық:

Аспан, жер, бұлт, орман, аласа, жылы, жаман, бару, алу, оқу деген сөздерді алсақ олардың әрқайсысының өзіне тән белгілі бір ұғымы болатынын білеміз. Аспан, жер, бұлт, орман деген сөздер заттарды атаса, аласа, жылы, жаман деген сапаны, бару, алу, оқу деген сөздер қимылды білдіріп тұрғанын көреміз. Сонымен балалар, сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағына деп аталады.

Сөздер әрқашан тура мағынада ғана айтыла бермейді. Сөздің тура мағынасының негізінде пайда болған, жалпы көпшілікке түсінікті ауыспалы мағыналары да болады. Мысалы: көз – деген сөзді алсақ, көз – адамның немесе жан-жануарлардың көру мүшесі. Бұл бастапқы тура мағынасы болса, күннің көзі, бұлақтың көзі дегендегі көз оның ауыспалы мағынасы. Тіл – сөзін алсақ, бастапқы тура мағынасы адамның баста орналасқан дене мүшесі, ауыспалы мағынасы – ана тілі, орыс тілі дегендегі тілдер.

  • Балалар бүгінгі жаңа сабағымызды түсінген болсақ, тапсырмалар орындайық. Мен сіздерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін табу арқылы қайсысы сөздің тура мағынасы, қайсысы ауыспалы мағынасы екенін айырып айтамыз.

1)Кішкене ғана тостаған,

   Жер дүниені бастаған.           (Көз)

2)Ақ сандығым ашылды,

  Ішінен жібек шашылды.  (Күннің көзі)

3)Бір ағашта қырық бұтақ,

Қырық бұтақта қырық ұя.

Қырық ұяда қырық жұмыртқа,

Қырық жұмыртқада қырық балапан. (Бидайдың басы)

4)Бір таудың екі күзетшісі,

Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. (Көз, құлақ, тіс)

Жұмбақтың жауабын тауып, оның тура не ауыспалы мағынада жұмсалып тұрғанын ажыратып, екінші мағынасын тауып айту.

-Балалар енді оқулығымызды ашып, 44-жаттығуға көңіл аударайық.

Берілген тіркестер құрамындағы сөздерді тура және ауыспалы мағынаны білдіруіне қарай бөліп жазыңдар.

  • Жақсы сөз, жақсы адам, жақсы ой, жақсы күн, жақсы бала, жақсы өмір.
  • Терең сай, терең білім, терең адам, терең құдық, терең су, терең сезім.
  • Долы дауыл, долы күш, долы жел, долы адам, долы теңіз.

Әр тіркестің мағынасын ауызша айтып, қалаған үш тіркесті қатыстырып үш сөйлем жазу.

-Балалар енді назарымызды тақтаға аударайық. Біздің көзімізге кішкене ғана шеңбер және бетіне жазылған әріптер көрініп тұр. Солай ма, балалар? Ендеше осы сөздің құпиясын табайық. Бұл сөздің құпиясын шешу үшін сағат тілінің бағыты бойынша 2 әріпті қалдырып, оқисыңдар.

т п а а п қ л е ы а н л

 

  • Балалар, сендер өлеңнің тақырыбынан не ұқтыңдар. Талап дегеніміз не, ақыл дегеніміз не? Кім айтады?
  • -Өте дұрыс, балалар. Ендеше Шәкәрім атамыз бізді талапты, ақылды болуға шақырады екен. Талапсыз болсаң бұл дүниеде өмір сүрмей-ақ қойғаның абзал дейді Шәкәрім атамыз.
  • Бәріміз оқулықты ашып, 42-жаттығуға көз жүгіртейік. Жаттығудағы өлеңді оқып, одан ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөздерді табайық.

Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

… Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,

Ол – ақынның білімсіз бейшарасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші – алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы?!          (Абай)

-Балалар, бізге Гүлназ бен Еркін Ш.Құдайбердіұлының баласы Зияттың «Шал мен баланың айтысын» дайындапты. Соны тыңдап көрелік.

(Гүлназ бен Еркінді тыңдаймыз).

Балалар, бұл айтыста шал мен баланың арасындағы қандай тартысты байқадыңдар?

Иә дұрыс-ақ, бұл жерде үлкен адам мен жас бала арасындағы тартысты байқадық. Екеуінің екі түрлі көзқараста екенін, жас бала оқу оқимын десе, оқымай-ақ та адам боласың деген ескіліктің шырмауынан шыға алмаған үлкен кісіні көреміз.

-Сабағымызды қорытындылау үшін балықтарға назар аударайық. Балықтардың артында сөздер жасырылған. Осы балықтардың  бізге беретін тапсырмалары мынандай. Балықтар өзара таласады екен. Мен тура мағынада айтыламын, сен ауыспалы мағынада жұмсаласың деп, бір-біріне көнбейтін көрінеді. Балалар сендерге тапсырма: балықтардың артындағы сөздердің тура мағынасы қайсысы, ауыспалы мағынасы қайсысы ажыратуға көмектесейік.

  1. бас 2. аяқ 3. тіл          4.қол          5. көз                   6. терең

Сонымен балалар біз бүгінгі сабағымызда не түсіндік?

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы кім екен?
  2. Ол қандай шығармалар жазған?

Топтастыру стратегиясын қолдану

  1. Өзің білетін өлеңін жатқа оқып бер.

4.Сөздің тура мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.

  1. Сөзің ауыспалы мағынасы дегеніміз не? Мысал келтір.

Венн диаграммасы арқылы қорытындылау.

Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңін» мәнерлеп оқып беру.

Ш.Құдайбердіұлының «Бозторғай» күйі орындалады.

 

ІҮ Үйге тапсырма

  1. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы, ережені жаттау.
  2. 50 — жаттығу. Мәтінді оқып, ауыспалы мағынадағы сөзі бар мақалдарды теріп жазыңдар.
  3. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына реферат жазып келу.

 

Ү Бағалау