«Қазақстан табиғаты. Жалпы және жалқы зат есімдер»
Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан табиғаты. Жалпы және жалқы зат есімдер»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Зат есім туралы тусініктерін қайталап, жалпы және жалқы зат есімдерге тоқталу. Жалпы және жалқы есімдерге тапсырмалар орындау арқылы бекіту. Табиғат және Қазақстанның табиғаты, оны қорғау туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Танымдарын, зейіндерін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіріп, сауатты жазу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Өз елінің табиғатын қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, СТО әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтадағы мазмұнды суреттер, тірек сызба, мақал – мәтелдер, топшамалар.
Сабақтың эпиграфы:
«Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) амандасу
ә) кезекшімен сұхбаттасу, сыныпты түгелдеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Психологиялық дайындық.
- Балалар, сабағымызды бастамас бұрын сіздерге мына бір әдемі күлкіні сыйлағым келіп тұр. Бүгінгі сабағымызға барлығыңда жақсы қатысып, осындай көңіл – күйде болыңдар деген тілекпен сабағымызды бастайық.
ІV. Жаңа сабақ.
а) күннің жадын жазу.
ә) өткенді қайталау.
«Асық» ойыны.
- Отан дегенді қалай түсінесің?
- Қазақстан қандай ел?
- Қазақстанда қандай таулар бар?
- Қазақстанның елордасы туралы не білесің?
- Қазақстанның кен байлықтары туралы не білесің?
- Қазақстан жері қандай?
б) Сурет бойынша жұмыс. (жаңа сабақты түсіндіру)
Мұғалім сөзі:
-Табиғатпен адам қатар ұғым. Табиғатсыз адам , адамсыз табиғат өмір сүруі мүмкін емес. Себебі адам өз керектісін, қажеттісін табиғаттан табиғи күйінде немесе өндіріп алады. Адам табиғаттын бір бөлшегі болып табылады. Табиғатты қорғау, табиғатты сақтау болашақ жастар біздің қолымызда
Таза болса табиғат –
Аман болар адамзат, —
деп ақынымыз Фариза Оңғарсынова айтқандай, қоршаған ортаның, табиғаттың неғұрлым таза болуы- адамзат денсаулығының мықты болуының кепілі. Яғни, адамдардың амандығы, көтеріңкі көңіл күй мен ерекше шабытта, күш-қуатта болуы табиғат тазалығымен тікелей байланысты. Табиғаттың ластануы адам денсаулығына, өсімдіктердің өсуіне, жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.
Сондықтан бізде табиғатты қорғауға өз үлесімізді қосуымыз керек.
- Сөздікпен жұмыс:
Табиғат – природа
Өсімдік – растение
Өндіріс – промышленность
Көлік – транспорт
Қазына – богатство
Таза – чистый
Лас — грязный
VІ. Мәтінмен жұмыс.
1)Оқылым: 1 – тапсырма.
Мәтінді оқып, мазмұнын айт.
2)Оқылым: 3 – тапсырма.
Диалогті оқып, өзара сөйлесіңдер.
VІІ.Тақтамен жұмыс:
Жазылым: 4 – тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті тәуелдік жалғауларын қойып жазыңдар.
VІІІ.Грамматикалық тақырып:
Зат есім.Жалпы және жалқы есімдер.
- Зат есім туралы түсініктерін қайталау.
- Жалпы және жалқы есімдер.
Жалпы есімдер – бірыңғай заттардың, құбылыстардың аттары, мысалы адам, өзен, қала, бала, т.б.
Жалқы есімдер – жеке кісілердің аттары, тегі, жер, су атаулары, басылымдардың аттары, шығарма аттары, мысалы Алматы қаласы, Мойнақ, «Орал өңірі» газеті, т.б.
ІХ. Оқулықпен жұмыс.
Оқылым: 2 — тапсырма.
а)Мәтінді оқып, мазмұныны айтыңдар.
Жазылым:
б)Мәтін ішінен жалпы және жалқы есімдерді тауып жаз.
Х. Ой толғау: Мақал — мәтелдер:
1.“Су ішкен құдығыңа түкірме”
- “Бұлақ көрсең, көзін аш”
- “Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ”
- “Арманымен ер сұлу,
Орманымен жер сұлу”
- “Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ”
ХІ. Өз бетімен жұмыс:
Оқушыларды білім деңгейлеріне қарай үш топқа бөлу.
1 – топ: Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасайды.
2 – топ: Берілген мәтін ішінен жалпы және жалқы есімдерді табады.
3 – топ: Берілген сөздерді септейді, тәуелдейді.
ХІІ. Бекіту: “Бес жолды өлең” стратегиясы.
«Ағаш» сөзіне бес жолды талдау жаса.
- Зат есім. Не? Ағаш
- Сын есім. Қандай? Үлкен, мәуелі.
- Етістік. Не істейді? Өседі, құлпырады, отырғазады.
- Синоним. Терек, тал, бұта.
- Сөйлем. Ағаш отырғызып, табиғатты көркейтеміз.
ХІІІ. Қорытынды:
- Жарайсыңдар!
- Сонымен бүгін не туралы сөйлестік?
- Жалпы және жалқы есім дегеніміз не?
- Қазақстанның табиғаты қандай?
- Табиғатты қорғау үшін не істеу керек екенбіз?
ХІV. Үйге тапсырма:
1 – тапсырма. Түсінік айту. “Табиғатты қорғау — біздің парызымыз” атты шағын әңгіме жазып келу.
ХV. Бағалау.