Сан есім туралы түсінік. Дара және күрделі сан есімдер

61

Сан есім туралы түсінік.  Дара және күрделі сан есімдер

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Сан есімнен алған білім дағдыларын кеңейту, сан есімнің құрамдық түрлерін меңгерту, мәтіннен дара, күрделі сан есімдерді таба білуге үйрету;
2. Дамытушылық: Оқушылардың тілін және ойлау қабілетін дамыту, талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
3. Тәрбиелік: Балаларды кішіпейілділікке, адамгершілікке, ынтымақтастыққа, тіл тазалығын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру сабағы
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте, қызықты грамматикалық тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс математика, тарих,әдебиет, әдеп, география

Әдісі: сұрақ — жауап, топпен жұмыс, талдау, оқулықпен жұмыс.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

— Балалар, бүгін қарашаның нешесі?

— Сендер неше жастасыңдар?

— Сыныпта қанша оқушы бар?

 Оқушыларды сабаққа әзірлеу, оқу құрал — жабдықтарын тексеру, топқа бөлу.
2. Үй жұмысын тексеру.
1.Сын есім дегеніміз не?

2.Сын есім мағынасына қарай неше түрге бөлінеді? Жауабы:Екі, сапалық және қатыстық

  1. Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Жауабы:Негізгі және туынды сын есімдер

4.Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді? Қандай? Қай?

  1. Ешбір қосымшасыз түбір күйінде жұмсалатын сын есім қалай аталады? Жауабы:Негізгі сын есім

Жаңа сабақ. Кіріспе. Мұғалімнің сөзі
Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді

Жасалу жолдары:

Дара сан есімдер:(бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім) бес, елу, сегізінші

2.Күрделі сан есімдерге(екі не одан көп түбірлердің тіркесуі не қосарлануынан жасалған сан есім ) елу бес, үш-төрт мысалы: екіден, бестен, мыңнан,жүзден,елуден т.б.
Жаттығулар орындау

Оқулықпен жұмыс   (Тақтамен жұмыс)

133-жаттығу  Мәтіннен сан есімдерді табу

134-жаттығу. Жұмбақтың шешіміне мән беріп жүген мен ауыздық, тізгін мен шылбыр, пеш пен от жағу, мәтіндегі сан есімдерді табу.

136-жаттығу Жұмбақ есептің шешуін табыңдар. Сан есімдердің қолданылу мәнін табыңдар

Тапсырма: Цифрмен берілген сан есімдерді сөзбен жазыңдар және құрамына қарай талдаңдар.
12, 7, 18, 45, 236, 60 – 70, 1912, 12346, 61910, 3000, 1664.

Ойлан,тап!ойыны   (Балалар, 3, 5, 7, 13 деген қандай сандар? Жалпы адамның өмірі санмен байланысты, кейбір сандарды киелі сандар деп есептеген. Ал сендер осы сандарға байланысты кездесетін қандай ұғымдармен, түсініктерді білесіңдер, жазып шығайық.
Үш жүз, үш би, үш арсыз, үш бәйтерек,, бес парыз, бес дұшпан, бес асыл, жеті ата, жеті күн, жеті су, он үште отау иесі, он үш мүшелі жас.)
Поэзиялық үзіліс. Суретке қарап, “Тасқала” туралы шағын өлең құрастырайық.

Мәтінді мәнерлеп оқыңдар,сан есімдерді теріп жазыңдар.

Қазақстанның жер көлемі 2 756 000 шаршы шақырым. Оның 40 пайызы — өзен, көл, теңіз. Жерінің 50 пайызын шөл және шөлейт аймақтар алып жатыр. Ал 10 пайызы таулы жер. Қазақстанның барлық шекарасы он бес мың шақырымнан асады.

Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сан есімдерді қойып жаз.

  1. Білекті … жығар, білімді…жығар.
  2. … атасын білмеген жетесіз
  3. … ала болса ауыздағы кетеді,

… түгел болса ауыздағы кетеді.

  1. … тістен шыққан сөз,… рулы елге тарайды.

5  … рет өлшеп, ..рет кес.

  1. Ер жігіттің .. сөйлегені өлгені.

… атасын білген ер, .. жұрттың қамын жер.

7…елі ауызға,…елі қақпақ.

«Шешсең жұмбақ — көңілің тынбақ.»сайысы.

  1. Он бір түйе, бес жылқы,
    Екі сиыр, бес ешкі,
    Екі қоян, үш түлкі,
    Бәрі нешеу, кім біледі?
    ( шешімі — 28 аң)
  2. Бір табада екі жұмыртқа бес минут пісті, ал алты жұмыртқа неше минут піседі?
  3. Бөлменің төрт бұрышы бар. Әр бұрышта 1 мысық отыр. Әр мысықтың қарсысында 3 мысық отыр. Бөлмеде қанша мысық бар?
  4. Бір жүз екі құлақ неше адамның құлағы?

«Жақсылық тамшылары»

Қорытындылау. Біз кімбіз?Сан есім  туралы түсінгенін сұрау.
Оқушыларды бағалау. Ұпай санын есептеу. Жеңімпаз топты анықтау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма   137 -жаттығу.  Жұмбақ есептің шешуін табу. Сан есімдерді табу.

Дара және күрделі сан есімдердің ережесін оқу

Өзіміз оқып жүрген көркем әдебиеттен сан есімі бар мысалдар  жазып келу