Тәуелдік жалғау

168

 

Сабақ  тақырыбы:             Грамматикалық тақырыбы:   Тәуелдік жалғау

Лексикалық тақырыбы:   Алматы – әсем қала

Сабақ мақсаты: а) Оқушыларға  тәуелдік жалғауы жайлы мағлұмат беру, сөздерде тәуелдік жалғауын ажырата білу

ә) Мәтін арқылы оқушылардың ой – өрісін дамыту

б) Оқушылардың Отанын, елін, жерін сүйуге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, біз бүгін Алматы қаласымен тәуелдік жалғауы туралы білімдерімізді тереңдету мақсатында сабағымызды бастаймыз.

Сабағымыздың мақсаты мәтіннің мазмұнын игеріп, сұраққа жауап беру арқылы мазмұндау және мәтіндегі сөздерді тәуелдеу.

ІІ. Ой қозғау

  1. Алматы қаласы туралы не білесіңдер?
  2. Алматының символы?
  3. Алматы қаласының табиғаты қандай? Алматы қай таудың баурайында орналасқан?
  4. Алматыда қандай кешендер бар?

ІІ. Мәтінмен жұмыс

Алматы – әсем қала.

Алматы – Қазақстанның ең ірі , ең әдемі қаласы. Халқының саны жағынан ол – Қазақстанның ең ірі шаһары. Алматы – мәдениет пен ғылымның, өнердің орталығы. Қала әсем Алатаудың баурайында орналасқан. Алатаудың аясында, көркем шыршалар көмген әйгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ спорт кешені бар. Алматының символы — әлемде–сирек кездесетін атақты апорт алмасы.

Қазақ елінің белгілі музейлері мен театрлары, концерт залдары да осы қалада орналасқан.

Болашақта  Алматы  ірі қаржы орталығына айналмақ.

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар:

  1. Алматы қандай қала?
  2. Алматыда ненің орталығы?
  3. Қала қайда орналасқан?
  4. Алматыда қандай кешен бар?
  5. Алматының символы?
  6. Болашақта Алматы ненің орталығына айналмақ?

        Сөздермен жұмыс

Қаржы – финансы

Шаһар, қала – город

ІІІ. Тәуелдік жалғауы туралы қысқаша түсінік беру.

Заттың біреуге тән екенін білдіретін қосымшаларды тәуелдік жалғаулар дейміз.

Жекеше түрі
Соңғы дыбыс (Конечные звук) Дауысты (Гласные) Дауыссыз (согласные)
Жақ (лицо)
1.Менің (мой) -м балам -м әкем -ым досым -ім үйім
2.Сенің (твой) -ң балаң -ң әкең -ың досың -ің үйің
Сіздің(Ваш,Ваше,Ваши) -ңыз

балаңыз

-ңіз әкеңіз -ыңыз досыңыз -іңіз үйіңіз
3.Оның (его, ее) -сы баласы — сі әкесі -ы досы -і үйі
Буын (слог) Жуан

(твердый)

Жіңішке

(мягкий)

Жуан

(твердый)

Жіңішке

(мягкий)

 

 

 

 

Көпше  түрі
Соңғы дыбыс (Конечные звук) Дауысты (Гласные) Дауыссыз (согласные)
Жақ (лицо)
1.Біз(дер)дің

(наш, наши)

бала-лар-ымыз әке-лер-іміз дос-ымыз Үй-іміз
2.Сендердің

(Ваш, Ваши)

 

 

Сіздердің

(Ваш,Ваше,Ваши)

бала-лар-ың

 

 

 

бала-лар-ыңыз

әке-лер-ің

 

 

 

әке-лер-іңіз

жыл-дар-ың

тау-лар-ың

дос-тар-ың

 

жыл-дар-ыңыз

тау-лар-ыңыз

дос-тар-ыңыз

көз-дер-ің

үй-лер-ің

тіс-тер-ің

 

көз-дер-іңіз

үй-лер-іңіз

тіс-тер-іңіз

3. Олардың (их) бала-лар-ы -ңіз әкеңіз дос-тар-ы

жыл-дар-ы

тау-лар-ы

үй-лер-і

көз-дер-і

тіс-тер-і

Буын (слог) Жуан

(твердый)

Жіңішке

(мягкий)

Жуан

(твердый)

Жіңішке

(мягкий)

 

ІҮ. Дәптермен жұмыс. Мәтіндегі сөздерді тәуелдеу.

    Алматы, қала

Сергіту сәті:                            Алақанды ұрайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Бір отырып, бір тұрып.

Біз дем алайық.

Ү. Топтық жұмыс.

Топты төртке бөліп тапсырмамен таныстыру.

І топ. Алматы қаласының табиғатын бейнелеу.

ІІ топ. Қазақстан, Алатау, Медеу сөздерін тәуелдеу.

ІІІ топ. Бес жолды өлең жазу.

ІҮ топ. Сөз тіркестерінен сөйлем құрау.

Әдемі қала, ірі шаһар, өнер орталығы, баурайында орналасқан.

 

ІҮ. «Кім көп біледі?» ойыны

                 Тест сұрақтарына жауап алу

  1. Тәуелдік жалғау нені білдіреді?

а) заттың көп екенін

ә) заттың біреуге тән екенін

б) жіктелуін

  1. Тәуелдік жалғауларды белгіле:

а) –ның, -нің, -дың, -та, -те, -ба

ә) –м, -ым, -ім, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ы, -і

б) –лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер

Үйге тапсырма:  1. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау.

  1. Мәдениет, шаһар сөздерін тәуелдеу, осы сөздерден сөйлем құрау.

Бағалау:                      Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Қоштасу.