«Ас атасы- нан. Қос сөздер мен біріккен сөздерді қайталау»

62

 

Сабақтың тақырыбы:  «Ас атасы- нан. Қос сөздер мен біріккен сөздерді қайталау»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:  Берілген тақырыпты талдап, саралай отырып, бұрынғы сыныптарда  алған білімдерін кеңейту,біріккен сөз бен қос сөз туралы алған білімдерін бекіту

Дамытушылық: оқушыларға қазақ тілінің қағидаларын меңгерте отырып,  Тілдік  талдау дағдыларын,  сөйлеу мәнерлерін дамыту меңгеруге машықтандыру, есте сақтау, өмірде қолдана білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: егемен еліміздің болашағы  – жас ұрпақты   Басты тағам нанды қадірлеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. тәрбиелеу. Бір-бірін түсініп, тыңдай білуге, сыйлауға дағдыландыру білуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақтада орналастырылған слайдтар,  ақ қағаздар /постер/,смайликтер, тірек сызбалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:  Сұрақ-жауап, топтау , түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақ барысы:

І кезең. Бағдарлау- мотивациялық кезең

  • оқушылармен сәлемдесу;
  • сабаққа қатысымын тексеру;
  • топқа бөліп, сабақтың мақсатымен таныстыру.

1.Ойқозғау

— Бүгін аптаның қай күні?

-Ендеше ЖҰМА күні қазақ халқында қандай күн болып саналады?

/оқушы жауабы, мұғалім толықтырады/

2.Топтастыру.

Оқушыларды ортаға шақырып, кіші  және үлкен сөздері жазылған парақшаларды таңдау ұсынылады. Таңдап болған соң, сұрақ қойылады.

-Осы үлкен және кіші сөздерінің жұма күніне қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар?

-Үлкен жұма,кіші жұма /оқушылар білгендерін айтады/

Үлкен сөзін таңдағандар 1-топқа, кіші сөзін таңдағандар 2-топқа топтасады.

-Жұма күні дастарханға бірінші не қойылады?

/Оқушылар өз ойларын айтады.  Одан соң бауырсақ таратылады/

-Бауырсақтан басқа күнделікті ас ішер алдында  үстелге бірінші не әкелінеді?

-Ендеше бүгінгі сабақтың лексикалық  тақырыбы «Ас атасы-нан» деп аталады. Нан туралы білгенімізді ортаға салайық…/оқушылар сөйлейді/

ІІ кезең Операциялық- орындаушылық кезең

( Мәтін бойынша тапсырмалар берілместен бұрын әр топқа «Бағалау парағын» беріп, бағалаудың жолдарын түсіндіріп өту )

  1. Мәтінмен жұмыс. «Тауық, тышқан және құрбақа»

Ерте заманда тауық,тышқан, құрбақа – үшеуі бір тұрыпты. Бір күні тауық әрі-бері жүгіріп жүріп арпаның дәнін тауып алыпты. Ол қуанғаннан:

— Дән таптым!- деп айқайлап, мәз-мейрам болады.

— Мұны диірменге апару керек. Кәне, қайсысың алып жүресің?- депті тауық.

— Мен апара алмаймын,- депті тышқан.

— Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.

Дәнді тауықтың өзі алып жүріпті. Диірменге тарттырыпты.

Тауық:

— Енді ұнды үйге кім арқалап апарады?- депті.

— Мен апара алмаймын,- депті тышқан

— Мен де апара алмаймын,- депті құрбақа.

Ұнды тауықтың өзі арқалап алып жүріпті.

Кім қамыр илейді?- деп сұрапты тауық.

— Мен илей алмаймын,- депті тышқан.

— Мен де илей алмаймын,- депті құрбақа.

Қамырды тауықтың өзі илепті.Тауық:

— Кім от жағады?- деп сұрапты.

— Мен жаға алмаймын,- депті тышқан.

— Мен де жаға алмаймын,- депті құрбақа.

Отты да тауық өзі жағыпты.

— Пешке нанды кім салады?- деп сұрапты тауық.

— Мен сала алмаймын,- депті тышқан.

— Мен де сала алмаймын.,- депті құрбақа.

Нанды да тауықтың өзі салыпты. Нан қып-қызыл болып пісіп шығыпты.

Тауық нанды алып қойыпты да:

— Мұны кім жейді?- деп сұрапты.

— Мен,- деп тышқан үстел қасына келіп отырыпты.

— Мен де жеймін,- деп,құр да үстел қасына келіп отырыпты.

1-тапсырма

  • Топпен оқу
  • Негізгі ойды білдіретін сөйлемнің астын сызу
  • Қиын және таныс емес сөздердің астын сызу, мағынасын ашу.

диірмен-

Тарттырыпты-

Иледі-

 2-тапсырма

І топ:

  • Мәтінді қалай аяқтар едіңдер? Өз ойларыңды жинақтап, мағыналы әрі тәрбиелі ой түйетіндей етіп аяқтап көріңдер.

ІІ топ:

  • Мәтіннен қандай қорытынды шығады? Нақыл сөзбен немесе мақал-мәтелмен қорытуға болады.  Ы.Алтынсариинің «Егіннің бастары»  шығармасын еске түсіру.

  3-тапсырма (грамматикалық тапсырма)

І топ:

Күрделі сөздер туралы не білеміз? (жоба қорғау)

ІІ топ:

Күрделі сөздердің жазылу емлесі (жоба қорғау)

/ақ қағазға өз ойларын жинақтап түсіреді де, тақтаға шығып қорғайды/

4-тапсырма 

І топ:

Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазу, талдау.

ІІ топ:

Мәтіннен қос сөздерді тауып, талдау.

 

5 -тапсырма  Мәтінге байланысты берілген мақал-мәтел мен тыйым сөздің мағынасын ашу үшін диалог құру, көрініс көрсету.

І топ:

  • Нан бар жерде әнде бар.

ІІ топ:

  • Дәнді шашпа, нанды баспа.

 

ІІІ кезең. Бекіту кезеңі

 

Рефлексия

 

Маған ұнады                 Мен үшін жаңалық             Маған қиын болды

 

  • “Ас атасы – нан” тақырыбына ойтолғау жазу.
  • Қазақтың ұлттық тағамдары туралы қосымша материал қарау.

ІҮ кезең. Бағалау

Әр топқа берілген «Бағалау парағындағы»     критерийге сәйкес әр топ бірін-бірі бағалайды.  Мұғалім өзі қорытады.