Қазақстан – менің Отаным.

40

Сабақтың тақырыбы:

Лексикалық тақырып: Қазақстан – менің Отаным.

Грамматикалық тақырып: Ілік септігі.

« Қазақ тілім — өз тілім — ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!»

 

Сабақтың мақсаты:

 Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жаңа сөздерді меңгерту Кімнің?Ненің? деген сұрақтарымен таныстыру.Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Оқушылардың қазақша ойлауын, сөйлеу әрекетін дамыту.

Оқушыларды  туған Отанын, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • оқушылардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік туғызу;
  • білім деңгейін өсіру;
  • тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді түсіндіру;
  • оқу, жазу арқылы оқушының ой қорытып және оны қорғай білуіне қол жеткізу;
  • өз-өзіне баға бере білуіне тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жаңа сабақты игереді.

Жаңа сөздер үйренеді.

Ілік септігін басқа септіктерден ажырата алады.

Тапсырмаларды орындау арқылы тақырыпты түсіне алады.

 

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

 

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, мәтінмен жұмыс, аударма, сұхбаттасу.

Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбын ашатын  презентация, интерактивті тақта, бейнеролик.

 

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс тілі, музыка

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.Оқушыларды түгендеу.

2.Әнұранды орындау.

3.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Мағынаны тану.

1.Ой қозғау:

Сен қай елде тұрасың?

Қазақстан қандай мемлекет?

Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

Қазақстан Республикасының Президенті кім?

Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.

Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Отан дегеніміз не?

)

Слайд. Картамен таныстыру. (Балалар өздері бас қаланы табады.)

2.Туған жер жайлы әңгімелеу.

 

Қ А З А Қ С Т А Н

Біздің Отанымыз – Қазақстан.Қазақстанның өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар.Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Назарбаев.Қазақстанның жаңа астанасы — Астана қаласы.Астана – жас қала.Қазақстан үлкен, көп ұлтты мемлекет.

 

Слайд. Рәміздердің бекітілуі.

Бейнеролик. «Көк тудың желбірегені» ән.

 

3.Топтастыру /интеракитвті тақтамен жұмыс/                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.Зат есімнің септелуі (Образование падежных форм)

Септіктер Сұрақтары Жалғаулары мысалдар
Атау Кім? Не? бала
Ілік Кімнің? Ненің? -ның,-нің,-дың,-дің,-тың,-тің баланың
Барыс Кімге?неге?қайда? -ға,-ге,-қа,-ке,-на,-не,-а,-е балаға
Табыс Кімді?нені? -ны,-ні,-ды,-ді,-ты,-ті баланы
Жатыс Кімде?неде? -да,-де,-на,-не,-та,-те балада
Шығыс Кімнен? Неден? -дан,-ден,-нан,-нен,-тан,-тен баладан
Көмектес Кіммен?немен? -мен,-бен,-пен баламен

 

Мұғалімнің сөзі: Ілік септігімен жақынырақ танысайық.

5.Септік жалғаулары

септіктер Сөздің соңғы дыбысы жалғаулар мысалдар
Атау септік Әлия
Ілік септік Дауысты, үнді м, н, ң -ның   -нің Алманың дәмі

Әлиянің гүлі

Ұяң з,ж, үнді р,л,й,у -дың дің Қыздың көйлегі

Көмірдің түсі

Қатаң, және ұяң б,в,г, д -тың, тің Араптың сөзі

Күректің сабы

 

  1. Тапсырма: көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғап жаз.

                 -ның, -нің

Бала…                                көше….

Қала…                                бөлме….

 

                 -дың, -дің

 

Тау…                                    үй…

Қыз…                                   жер…

 

                     -тың, -тің

Ағаш…                                көлік…

Табиғат…                           шөп…

 

7.Сергіту сәті. Полиглот ойыны:

Столица –

Государство –

Флаг –

Народ –

Земля –

Герб –

Много-

Родной –

независимый  –

гимн –

 

8.Оқулықпен жұмыс 2-жаттығу 40 бет

Мәтінді түсініп оқы.Ілік септікте тұрған сөзді табу.

 

Отан – адамның туған жері.Ваня Ресейде туды.Ресей Ваняның Отаны.Джон Америкада туды.Америка –Джонның Отаны.Нұрболат  Қазақстанда туды. Қазақстан – Нұрболаттың Отаны.Әр адамның Отаны бар.

Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

9.Сөздікпен жұмыс(мәтіндегі жаңа сөздермен танысу):     

Туған жер – родная земля

Туды – родилсы

Отансыз – без Родины

Ормансыз бұлбұл – соловей без леса

 

10.Берілген мақал-мәтелдердің сыңарын тауып жаз. /Ассоциация/

1/Отан үшін отқа түс –… .                                                    ұлтан

2/Ер елін сақтар.

Ел ……сақтар                                                                      тәтті

3/Туған жердің топырағы да …..                                          күймесің

4.Отанның жуасы да …..                                                       ерін

5.Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз елінде ….. бол.                                                              жұмсақ

 

  1. 5-жаттығу.

Өлеңді түсініп оқып, аудар, жаз.Әнімен орында 

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкең, астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

(Б.Ысқақов)

Бауыр –родня

Өлке – край    аудан – район

 

12.Ой қорыту:

Біз Қазақстан туралы не білеміз?

Бүгінгі сабақта нені білдік?

Сенің туған жеріңде қандай ұлт өкілдері тұрады?

Сендер бір – біріңмен қандай қарым-қатынастасыңдар?

 

Сондықтан да Қазақстан біздің ортақ үйіміз яғни Отанымыз

Қазақстан, туған жер туралы кім тақпақ, өлең біледі?

 

  1. Үй тапсырмасы:

5-жаттығу.Жаңа сөздерді жаттау.Өз туған жері туралы  шағын шығарма  жазып

келу.

 

Бағалау.