Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожа бейнесі

Сабақтың  тақырыбы:  Б. Соқпақбаев  «Менің  атым  Қожа»  повесіндегі  Қожа  бейнесі

Сабақтың  мақсаты: 1. Автордың  айтқысы  келген  пікірін  айқындап,  Қожаға  мінездеме  беру.

  1.    Повестегі  кейіпкерлердің  іс – әрекетіне  орай  салыстыру  және  баға  беру.
  2.    Араздық  сияқты  қасиеттерден  жирендіріп,  қайырымдылық,  достық,

адамгершілік  ізгі  қасиеттерді  үлгі  ету.

Сабақтың  түрі:  театрландырылған  пікірталас

Сабақтың  типі:  білімді  тиянақтау,  қорытындылау  сабағы

Көрнекілігі:  жазушы  портреті,  слайдтар, венн  диограммасы,  семантикалық  карта, кинодан

үзінді

Сабақтың  барысы:  1.  Ұйымдастыру  кезеңі

а) амандасу

ә)  түгендеу

б) монолог  оқыту  арқылы  сабақтың  мақсатын  ашу

 

Қайталау  сабағы: I. Топтастыру .  Балалар,  біз   сендермен   «Менің  атым  Қожа»   повесінен   үзінді  оқып  таныстық. Бүгінгі  сабақта осы  оқыған  әңгімемізді  қорытындыламақпыз. Одан  бұрын  повестің  авторы  Бердібек  Соқпақбаев  туралы  білетінімізді   топтастырып  көрелік.

Бердібек

Соқпақбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Ең негізгісін білесің  бе?»   Үзінді  бойынша   сұрақ  қою.
  • Қожаның  әкесі  кім?
  • Анасының есімі  кім?
  • Орыс тілі  пәнінен  үйге  берілген  тапсырмаға  Қожа  не  себепті  дайындалмады?
  • Қытай елінің  ат  қою  дәстүрінде қандай ерекшелік  бар?
  • Бақа ұстап  әкелуді  қай  пәннен,  кім  тапсырған  еді?
  • Бақаны көргендегі   Майқанованың    іс – әрекеті.
  • Қожаның «Қара  Қожа»  атану  себебі  неде?
  • Қожаның лагерьге  жолдама  сұрауына  кімнің  ісі  желеу  болды?
  • Майқанова жайында  Қожада  теріс  пікірдің  қалыптасуына  не  себеп  болды?
  • Қас дұшпаны  санап  жүрген  Майқановаға  деген  көзқарасының  өзгеруіне  не  себеп  болды?

 

III. «Егер  мен  суретші  болсам…»    Оқушылар  повесть  желісімен  салып  келген  суреттерін  қорғайды.

 

 

 

 

 

  1. I «Мағынаны  ажырату»  (семантикалық  карта)  

 

 

 

 

                     Кейіпкерлер

 

Шығармадан

Үзінді

 

 

Қожа

 

 

Жантас

 

Майқанова

 

Оспанов

 

Анфиса

Михайловна

 

Сәйбек

қарт

 

1

 

Мен  оқулық емес  қант аламаын. Сіздің  не шаруаңыз  бар, қоя  беріңіз.

 

 

2

 

 

Біз  екеуміз  таныс  шығармыз  деймін.

 

 

3

 

 

Мүмкін, орныңа  барып  айтатын  шығарсың?

 

 

4

 

 

Келесі  сабақта қайсың  бақа  ұстап  әкелесіңдер?

 

5

 

Мен  сенің  әкеңе  қарызгер  адаммын.Менің  мойнымда  оның  тиыны  емес,  бақандай  бір  қарасы  жүр.
 

6

 

Ал  сен  көшедегі  иттерді  тәртіпке  салуға  ауылда  қалатын   болдың.

 

 

 

  1. Мұғалімнің сөзі.

 

  1. Кинодан үзіндіге  назар  аудару.  ( Қожаның  айнаға  қарап  өзін – өзі   суреттеуі )

Балалар,  өздерің   танысқан  сотқар,  тәртіпсіз  Қожа. Ал  енді,  біз  бір  сәт  өзімізді  жиналыста  отырмыз  деп  есептейік.  Жиналысқа  Қожаны  салмақпыз.  Жиналысқа  Қожаның  анасы  мен  әжесі,  мұғалімдері,  сыныптастары  келіп  отыр.

VII.  Көрініс  көрсету

 

 

VIII. Пікірталас.

Міне,  Қожаны  жиналысқа  салып,  уәдесін  алдық.  Енді,  тақтада   берілген  сұрақтар   бойынша   «Қожа  қандай  бала?»   деген  сұрақ   төңірегінде  пікірталастырып  көрейік.

( Сынып  оқушылары  даттаушы,  жақтаушы  болып  екіге  бөлінеді )

  • Оқулық сатып  алудағы  Қожаның  ісін  қалай  бағалайсың?  Өзің  болсаң  не  істер  едің?
  • Пионер лагеріне  жолдама  алмағаны  үшін  сынып  жетекшісін  кінәлауы   дұрыс  па?
  • Сабаққа дайындалмай  келген  Қожа   мен  Жантастың  көңіл – күйі  туралы  не  айтар  едің?
  • Сәйбек қарттың  сөздері  Қожаға  қалай  әсер  етті?

 

  1. IX. Венн диограммасы

 

Қожа                         Ортақ                Жантас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бекіту:  I. Балалар,  сендердің  пікірлеріңді  тыңдай  отырып,  мен  мынадай  ой  айтқым  келіп  отыр.

Қой  сүйеді  баласын  «қоңырым»  деп,

Ештеңені  білмейтін  «момыным»  деп

Қабан  сүйеді  баласын  «торайым»  деп,

Мысық  сүйеді  баласын  «соқырым»  деп,

Тышқан  ұстап  беруге  отырмын  деп, —

дегендей,  адам  ғана  емес,  жер  бетіндегі  әрбір  жануар  өз  балаларын  өте  жақсы  көреді.

Жақсы  көрулеріне  қарағанда  жалпы  бала  атаулының  жаманы  болмайды  деп  түсінемін.

Яғни,  менің  ойымша  Қожа  да  жаман  бала  емес.

 

  1. Біздің сабағымызға, балалар ,  бүгін   психолог  мұғалім  келіп  отыр.  Психолог  ретінде  сіз  Қожаға  қандай  мінездеме  берер  едіңіз? (Психолог  мұғалімнің  пікірін  тыңдау)

 

III. Ой  тастау.

  • Балалар  Қожаны  қазіргі  заманның  Қожасымен  салыстырып  көріңдерші.  Оны  қиын  бала  қатарына  жатқызуға  бола  ма?
  • Сендердің іштеріңде  «Мен  Қожаға  ұқсаймын – ау»  дейтіндерің  бар  ма?  Қожаға  қай  жағынан ұқсастықтарың  бар? (Балалар  өз  сөздерін  дәлелмен  келтіріп  беруі  қажет)

 

  1. Мұғалімнің сөзі

Балалар,  өздеріңнің  іс – әрекеттерің  Қожаға  ұқсаса  да,  үлкейгенде  сендерден  «үлкен»  азамат  шығады  деп  ойлаймын.  Бердібек  ағаларың   сияқты,  бірің  жазушы  болсаң,  енді  бірің  ғұлама  ғалым,  ел  тілегін   ақтайтын  Қазақстанның   болашақ  ұл – қыздары  болатындарыңа  сенемін.

 

  1. Хабарлама. (Оқушы  өзінің  дайындап  келген  хабарламасымен  таныстырады)

 

 

 

 

Қорытынды:

  1. Фильмнен үзінді. Қожаның Ахметовтың  сабағында  «Менің  арманым»  тақырыбындағы  ішкі  ойы
  2. «Менің арманым» тақырыбында шағын  шығарма  жазып, оқушылар  өз   шығармаларын оқиды.
  3. Б. Кірісбайұлының «Бәйтерек» өлеңін   оқу. 

 

Бала  шақты  кестелеген  тілі  нық,

Бір  болса  егер  —  осы  болар  ірілік.

Ұландары  отызыншы  жылдардың

Қайта  келер  көз  алдыңа  тіріліп.

«Бастан  кешкен»  шындық  шымыр  екшеліп,

Кітап  болып  бізге  жетті  естелік.

Қолын  бұлғап  Жанар,  Жантас,  Сұлтанға

Келеді  әне  Қара Қожа  шапқылап.

Кейіпкермен  бірге  тұрып  жүресің,

Бірге  жасап,  бірге  жылап,  күлесің.

«Сөз  қадірін  білген  шебер  екен» деп,

Өз  қадірін  Бекеңнің  де  білесің.

Ту  етіпті  тектілікті  бұл  ағай,

Пір  еткен  қара  шалын – ұлы  Абай

Тік  қалпында  мәңгі  жасай  береді.

Бәйтерегі  Берді – ағаңның  құламай  —

деп  ақын  жырлағандай  Бердібек  Соқпақбаевтың  туындылары   мәңгі  жасай  бермек.

 

Үйге  тапсырма:  «Менің  сүйікті  кейіпкерім»  тақырыбында   шығарма   жазу.

Оқушыларды  бағалау:  Сабаққа  қатысқан  оқушыларды  бағалау