Сыйлық берілетін қуаныштар.

94

 

Сабақтың тақырыбы: Сыйлық берілетін қуаныштар.
Сабақтың мақсаты:
  • Лепті сөйлем мен оның жасалу жолдарын мысалдар келтіріп түсіндіру.
  • Тұйық етістік мен оның септелуін,тәуелденуін тапсырмалар орындау барысында пысықтап,еске түсіру.
  • Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын жетілдіру.
  • Топпен жұмыс жасау барысында топтық ереже шығарту ,топпен бірлесе жұмыс жасау,пікірлерімен санасуды дағдыландыру.
Оқытудың нәтижесі: Оқушылар сабақтан соң:

·         Лепті сөйлем мен оның жасалу жолдарын меңгереді.

·         Тұйық етістіктің жасалуын тапсырмалар арқылы еске түсіреді,біледі.

·         Сыни ойлау дағдысы жетіледі.

·         Топпен жұмыс жасай алады, топтық ереже шығарады.

·         Өз ойын еркін жеткізеді,дәлелдейді.

Түйінді идеялар: Лепті сөйлем дегеніміз сөйлеушінің көңіл-күйін білдіру мақсатында айтылатын сөйлем.Сөйлем соңында леп белгісі қойылады.Мысалы: Мерекеңмен құттықтаймын!

Лепті сөйлемнің жасалу жолдары:

  1. одағай сөздер арқылы: қап,әттеген-ай,т.б.
  2. күшейткіш мәнді сөздер арқылы: недеген, не еткен,қандай,шіркін,т.б.
  3. демеулік шылаулар арқылы: -ау,-ақ,-ай, т.б.
  4. интонация арқылы: Сені ме ,бәлем!
Дереккөздер: Интерактив тақта,плакаттар,стикерлер,маркерлер, суреттер.
Сабақтың әдісі: Блум  таксономиясы бойынша сабақ жоспары әзірленді.
                                      Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Уақыт Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі. 3 мин. Сыныпта жақсы психологиялық ахуал туғызу үшін «Жүректен жүрекке» тренингін өткіземін.

 

Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып,көңіл-күйлерін көтереді.
Рефлексия

 

3 мин.  Сұрақ-жауап арқылы өткен сабақты еске түсіру:

1.       Біріккен сөз деген не? Мысал келтір.

2.       Кіріккен сөз деген не? Мысал келтір.

3.       Тұйық етістік қалай жасалады? Мысал келтір.

Жауап беріп,өз пікірлерін айтады.
Топқа бөлу 2 мин. Кәмпиттің 4 түрін балаларға шашу әдісі арқылы топқа бөлемін. Кәмпиттің түріне қарай оқушылар топ болып бірігеді.
Топтық ереже 2 мин. Тақтаға плакат  ілемін. Оқушылар сол палакатқа топта сақтау қажет ережелерді тақтаға шығып жазады.

 

 

      Білу

 

 

3 мин. Интерактив тақтада лепті сөйлемдер беріледі.

  1. Бүгін ауа райы қандай тамаша!

 

  1. Қап, кеше оған баруым керек еді!
  2. Шіркін-ай, бізде сол жерге барсақ қой.
  3. Ай,бала бері келсей!
  4. Қазір,әкең келсін бәрін айтам!
Оқушылар сол сөйлемдерді кезекпен оқып,қандай эмоциямен оқылатынын түсіндіреді. Лепті сөйлем тақы-

рыбын оқушылар өздері ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Түсіну

 

 

3 мин. Интерактив тақтада  лепті сөйлемнің жасалуын,

тыныс белгісін тірек сызба арқылы білімдерін толықтырамын.

 

Оқушылар зейін қойып тыңдайды,жазып алады.
   Қолдану

 

 

 

 

10 мин. 1-тапсырма.    а)Сөйлемдердегі етістіктерді теріп жазып,олардан  тұйық етістік жасау.

б) Сұраққа жауап беру:

 Қалай ойлайсыңдар, жоғарыда аталған жақсы сәттерде қонақтар қандай сыйлықтар әкеледі?

а) Әр топ жеке-жеке орындайды, оқиды.

 

 

 

б) Топ болып плакаттарға презентация жасайды,қорғайды.

 

 

 

 

Сергіту сәті 2 мин. Интернеттен «Кірпі биі» туралы видеоролик арқылы оқушыларды билетіп көңіл-күйлерін көтеру. Оқушылар экранға қарап билейді.
    Талдау

 

8 мин. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. 1-топ: III деңгей тапсырмалары

2-топ: II деңгей тапсырмалары

3-топ: I деңгей тапсырмалары

Жинақтау

 

(АКТ)

4 мин. Топтастыру стратегиясын қолданамын. Оқушылар интерактив тақтада лепті сөйлемнің жасалуына қарай топтастыру стратегиясын толтырады.
   Бағалау 3 мин. «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» оқушылар өзін-өзі бағалайды. Стикерлер таратылып беріледі. Тақта- да ақ плакат ілулі тұрады. Оқушылар сабақтан алған әсерлері жайлы стикерлерге жазып,оқиды,плакатқа жабыстырады.

Оқушылар өз-өзін бағалайды.

Үйге тапсырма 2 мин. 3-тапсырма, 32 бет.

Сөйлемдерді көшіріп, тұйық етістіктердің астын сызу.

Күнделікке жазып алады.
Барлығы: 45 мин.