Тілім менің – тірлігімнің айғағы (сайыс сабағы)

 

Сабақтың тақырыбы:      Тілім менің – тірлігімнің айғағы (сайыс сабағы)

    Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Тіл туралы тақырыпты ала отырып, сауатты сөйлеуге, қазақ тілінің мәртебесін көтере білуге қалыптастыру, тіл байлығын арттыруға ықпал ету

2.Дамытушылық: Тіл төңірегіндегі білімдерін ұштастыра отырып, ой-белсенділігін дамыту, шығармашылық ізденіске бағыттау, ізденімпаздық қасиеттерін арттыру, сөйлеу мәдениетін жетілдіру

  1. Тәрбиелік: Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеу

Көрнекіліктер:  слайд, қанатты сөздер, ақпараттық техникалар

Сабақтың барысы:

  1. Көрініс (ортада оқушы тақтадан тіл туралы слайдты көріп отырады), осы кезде екінші оқушы келіп,
  • ……, ата-анамыз қонақтан келгенше достарымызды жинап бастаңғы жасайық та?!
  • Жасасақ жасайық. Өзіміздің көшенің балаларын шақыр. Аленаны, Маринаны, Ахмедті, Юлияны да шақыр.
  • Мен қазір оларды шақырып келе қояйын. (әрқайсысының тұсына барып айтады):
  • Біздің үйге қонаққа жүріңдер, бастаңғы жасаймыз.

Олар келіп стол басына жайғасады.

 

  • Ал енді құр отырмай, ойнайық.
  • Ойнасақ, ойнайық.
  • Әуелі жұмбақ жасырайық.
  • Ендеше баста.
  • Дүниеде ең ащы не, ең тәтті не?
  • Ол – тіл.
  • Енді мен жұмбақ жасырайын.

Қызыл түлкі ықпайды,

Өз інінен шықпайды

Қане, кім шешуін табады?

  • Бұл да – тіл.
  • Дұрыс.

 

  • ……., тіл туралы мақал-мәтел айтып көрші
  • (оқушы тіл туралы мақал-мәтелдерді айтып шығады).

«Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады», «Тіл – ақылдың өлшемі», «Өнер алды – қызыл тіл», т.б.

  • Бәрекелді, жарайсың! Жаңылтпаш айтайықшы, көңілді болсын.

Оқушының  бірі жаңылтпашты тез айтып шығады, басқалар оны тез, дұрыс айтып шығады.

 

1.Ұшқыш жақсы ма?

Үш құс жақсы ма?

Ұшқыш та жақсы,

Үш құс та жақсы.

2.Ақ тайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?

3.Бір қыз кесте тікті,

Кестесін түсте тікті,

Кешке тікті.

 

  • Келіңдер «Сақина салмақ» ойынын ойнайық.
  • Жоқ, «Соқыртеке» ойынын ойнайық.
  • Достар, одан да екі топқа бөлініп, сайыс өткізейік, бізді осы көшенің тұрғындарының ішіндегі ұстаз болып қызмет ететін үлкендер бағаласын.
  • Бәрі: — Иә, сайыс өткізейік.
  • Ендеше, екі топқа бөлінейік, сайысты қарсы болмасаңдар мен жүргіземін. (Оқушылар екі топқа 5-5-тен бөлінеді, екі столға отырады)
  • Сайысымыз бірнеше турдан тұрады. Бірінші тур – «Бәйге» деп аталады. Мұнда екі топқа 10-10-нан сұрақ қойылады, қай топ сұрақтарға дұрыс әрі тез жауап берсе, жоғары  бағаланады.

1-топқа:

  1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан).
  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров).
  3. Шоқанның әжесі? (Айғаным).
  4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш).
  5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат).
  6. Үстеудің неше түрі бар? (7).
  7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин).
  8. Күй атасы кім? (Құрманғазы).
  9. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк).
  10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес).

2-топқа:

  1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989).
  2. Абайдың туған жылы? (1845).
  3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан).
  4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл).
  5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
  6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.).
  7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде).
  8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
  9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»).
  10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

—   Екінші турымызды «Жыр парағы» деп атап, өлеңді              мәнерлеп оқып жарысайық.

Әр оқушы тіл туралы бір өлеңнен мәнерлеп жатқа оқиды.

 

1.Тілім менің!

Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,

Аралыммен арыммен қатар қойып,

Тілді қорғау –парызым бүгін менің,

Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы,

Сүйінші деп ақын ұлың жырлады

Ел елдігі бағаланар тілімен,

Сол арқылы құлпырады, гүл бағы.

2.Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.

3.Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

4.Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің.

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім.

Ана тілім, туған тілім,бал тілім

Сен арқылы дүние танып талпындым.

Сен арқылы әлемге аян бар ісім

Сен өмірде таусылмайтын алтыным.

5.Туған тілім – тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

  1. Тілдің бәрі қымбат маған,

Әр ұлт тілі сыр сақтаған.

Бәрінен де сен артықсың

Қазақ тілім, жыр баптаған.

Тілім барда мақтанамын.

Әнімді айтып шаттанамын.

Сол тілімнің құдіреті

Таптатпаған жатқа бағын.

  1. Ата-анамды таныстырған осы тіл,

Танымасты таныс қылған осы тіл

Төле би боп, Қазыбек боп, Әйтеке,

Бітпес дауды жағыстырған осы тіл.

Жау тигенде біріктірген осы тіл,

Індет келсе дүрліктірген осы тіл.

Күштілерден қуғын көрген сияқты,

Туыстырып, кіріктірген осы тіл.

  1. Қуан далам, қуанатын күн бүгін.

Серпіп таста, мұңды жүрек түндігін

Тіл туралы заңым енді күшіне,

Паш еткендей кескен жаңа кіндігін

Қазақ тілі

Ұрпақтар талайының

Сен тілісің

Адамзат Абайының.

  1. Енді бүгін қарасам,

Айналам бақыт кең жатыр.

Бірімен-бірі туысқан,

Қол ұстасқан ел жатыр.

Қырғыз, қазақ, өзбектер,

Монғол, ұйғыр, дүнгендер,

Армян, тәжік, грузин,

Орыс пенен украин,

Терезесі тең жатыр

Бақыттың әні асқақтап

Құлаққа даусы кеп жатыр.

  1. Қазақ жері маған да болған мекен,

Дүниеде дәл мұндай ел бар ма екен?

Досқа – дархан, дұшпанға сонша қатал,

Сүйем оны, сағынып, самғап жетем.

Орыс, қазақ туыс боп ағаласып,

Қаны, тілі жатыр ғой араласып.

Отбасының бақыты ортақ болған.

Қол ұстасып еңбек ет, далаға шық.


                Үшінші турымыз «Ән салып, сурет салу» деп аталады. Бір топ тіл мерекесіне қатысты сурет салады, екінші топ ән салады.

  • Рахмет, сайысымызды ары қарай жалғастырайық. Келесі сайысымыз «Сөздің көркі — мақал». Мұнда мақалды мен бастаймын, сендер аяқтайсыңдар


1 — топ

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса … (бас жарады).
  2. Дәлелсіз сөз … (желмен тең).
  3. Ине көзінен сынады, … (шешен сөзінен сынады).
  4. Піл көтермегенді, … (тіл көтереді).
  5. Сөз тапқанға … (қолқа жоқ).
  6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл).
  7. Шебердің қолы ортақ, … (шешеннің қолы ортақ).
  8. Қаһарлы сөз … (қамал бұзар).
  9. Бас кеспек болса да, … (тілкеспек жоқ).
  10. Айтылған сөз, атылған … (оқпен тең).

2-топ

  1. Бал тамған тілден … (у тамған).
  2. Тауды, тасты жел бұзар, … (адамзатты сөз бұзар).
  3. Жақсы сөз … (жарым ырыс).
  4. Жақсы байқап сөйлер, … (жаман шайқап сөйлер).
  5. Тіл қылыштан … (өткір).
  6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі … (ой өсіреді).
  7. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінді).
  8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей … (шешен боларсың).
  9. Тілден артық … (қазына жоқ).
  10. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес).

 

  • Енді қазақ тіліндегі мақалдардың орысша баламасын тауып көріңдер:

1-топ:

 

Жақсы сөз жарым ырыс

(Доброе слово – половина блага)

Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз

(Глаза украшают лицо, уста -слово)

Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді

(Кто слов не ценит, сам себе не ценит)

Жақсы сөз – жан азығы

(Хорошее слово – душе опора)

Айтылған сөз атылған оқ

(Сказанное слово – вылетевшая пуля)


2-топ:

 

Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле

(Даже говоря в шутку — подумай)

Тамшы тас жарады, тіл бас жарады

(Капля камень расколет, слово — голову)

Өнер алды – қызыл тіл

(Начало искусства красноречие)

Мағынасыз сөз болмайды,

Мақалсыз ел болмайды

(Нет народа без пословиц,

Как нет слова без значения)

Байлық – байлық емес,

Бірлік – байлық

(Достаток не богатство,

единство – вот настоящее богатство)

 

  • Ал енді «полиглот» сайысы болсын, кім көп тіл біледі?

1-топ

 

Жалау –флаг-

Күн – солнце-

Елтаңба – герб-

Халық – народ –


2-топ

 

Тәуелсіз – независимый

Намыс- честь-

Отан – Родина –

Атамекен – земля предков –

 

Ал қазір жұмбақ жасырамын, жауабын үш тілде айтасыңдар:

1-топ

Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым. (шаңғы-лыжа-snow-shoe)

Түнде бармын, күндіз жоқпын (жұлдыз-звезды-moon )

Жеп көріп ем өзін мен

Жас шығарды көзімнен (пияз-лук-bow)

2-топ

Жайшылықта жекесің, қарай қалсаң, екусің (айна-зеркало-mirror)

Көп әңгімем, өлеңім,

Күнде ақыл беремін.

Жақсы көрсе мені кім

Соған тиер көмегім. (кітап-книга-book)

Қыста келген, көктемде еріген (қар-снег- snow)

  • Сайысымызды түрлендіріп, «қазақтың ұлттық ойындары» туралы айтайық, әр топ үш ұлттық ойын түрін атып, шартымен таныстырады.


1-топ.

  • Тоғызқұмалақ
  • Көкпар
  • Қыз қуу

2-топ.

  • Теңге ату
  • Ақсүйек
  • Сақина салмақ

 

  • Достар, осымен сайысымызды тоқтатып, біздің көшенің тұрғындарынан сұрайық, қайсымызды жоғары бағалар екен, ……..-нің ата-аналары келетін де уақыт болды.
  • Сөз бағалаушыларға беріледі.
  • ………, меймандостықтарыңа рахмет, өте жақсы бастаңғы болды, сау болыңдар, жүріңдер, достар, бізді де ата-анамыз іздеп жатқан болар.
  • Сау болыңыздар!