Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

53

Лексикалық тақырыбы: Жаңа дәуірдегі – жаңа Астана.

Грамматикалық тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.

Мақсаты: 1) білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде

                       білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту

дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен

байланыстыра білу.

2)  дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту,

сөздік қорларын   молайту.

3)  тәрбиелік:  Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу,

елордамызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық

тәрбие беру.

 

Әдісі: баяндау, сұрақ- жауап, топпен жұмыс, іздендіру, деңгейлік тапсырмалар ,

ой қозғау, түсіндіру.

Көрнекілігі: интерактивтік тақта, тесті, мәтін, слайдтар, сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет.

 

Барысы: І) Ұйымдастыру бөлімі.

 

1)  Үй тапсырмасын сұрау: 3 – топпен жұмыстану ( Орынбор, Қызылорда ,

Алматы)    бұрынғы астаналар туралы әңгімелеу.

 

2)  Грамматика бойынша сұрақтар:

  • Сөйлем дегеніміз не ?
  • Сөйлем қандай түрлерге бөлінеді?
  • Жай сөйлем дегеніміз не?
  • Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  • Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
  • Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  • Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері?
  • Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
  • Қарсылықты салалас сөйлем дегеніміз не?

 

3) Сөзжұмбақты шешу.

 

ІІ) Негізгі бөлім:

1) Сұрақ: Дамыған, тәуелсіз мемлекеттердің қандай белгілері ,нышандары болуы

керек?

 

2) Өлең жолдары: Сарыарқа елім,

Кең- байтақ жерім.

Мекені болған бар ұлттың.

Көңілі толып,

Астана болып,

Ақтарсың елдің үмітін.

 

-2-

 

3) Жаңа сөздермен жұмыстану:

Тығыз орналасқан – тесно расположено

Елестетеміз – представляем

Қоныс аудару – переселиться

Жаңа мәртебе – новый статус

Ерекше – особенно

Ат салысу – принимает участие

 

3) Мәтінмен жұмыс:

 

 

Әрбір  елде  халықтар тығыз орналасқан жерінде  үлкенді, кішілі қалалары көптеп кездеседі. Сол қалалардың ішіндегі ең бастысы- астанасы болып табылады. Қай елдің болса да астанасының аты мемлекеттік рәмізі тәріздес. Мысалы, Париж десе — Франция, Пекин десе — Қытай, Лондон десе — Англия, Стамбул десе — Түркия, Мәскеу десе — Ресей мемлекеттерін көз алдымызға елестетеміз.

Қазақстан астанасы Алатау бауырынан Сарыарқаға қоныс аударды. Еліміздің солтүстігінде орналасқан бұрынғы Ақмола қаласы жаңа мәртебеге ие болды.Тарихи қысқа мерізім ішінде Астана Отанымыздың жүрегіне айналды. Бүгінде оны бүкіл дүние жүзі біледі. Есіл жағасында бой көтерген жас қала көрген адамды таң- тамаша етеді.

ЮНЕСКО- ның шешімімен Астанаға 1999 жылы «Бейбітшілік қаласы » атағы берілді. Болашағы үлкен қала  алып құрылыс алаңына айналды. Қаланың орталығында Елбасы Резиденциясы ерекше көзге түседі. Басты ерекшелігі — ғимараттың төбесі кәдімгі қазақ үйінің шаңырағы сияқты. Жаңа ғимараттар мен әсем үйлер бір- бірін қайталамайды. Қаланы көркейтуге Қазақстанның  көптеген шетел компанияларымен бірге  барлық облыстары да ат салысуда.

 

4) Мәтін бойынша сұрақтар қою:

 

— Қандай елдің басты қалаларын білеміз?

— Қазақстан астанасы қайда қоныс аударды?

— ЮНЕСКО- ның шешімі қандай болды?

 

 

5)  Интерактивтік тақтада слайдтар көрсетіп ( 9 слайд )

Елбасының суреті мен Астана туралы айтылған сөздері.

 

 

 

— 3 —

6) Деңгейлік тапсырмалар:

ІІІ – деңгей: Мәтінді мәнерлеп оқып, әр бөліміне ат қою.

ІІ – деңгей : Мәтінге сұрақтар қою. Салалас құрмалас сөйлем құру.

І – деңгей: Мәтінді қосымша мәліметтермен толықтыру. Сөйлемге синтаксистік

талдау жасау.

 

7) Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.

 

8) Перфокартамен жұмыс.

 

9) Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құру, аудару:

Астана- Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздік тірегі.

Кез келген ел өзінің болашағын жастарымен байланыстырады.

Елімізге сауатты да салауатты, ой өрісі кең азаматтар қажет.

 

 

10) Тестік сауалдар.

 

11) « Астана» сөзінен жаңа сөздер құрастырып, сөз тіркесін құру.

 

ІІІ) Қорытынды бөлім:

 

1)  «Бес жолды өлең» стратегиясы.

 

2)   Түйін:    Астана қатардағы қалалардың бірі емес. Ол мемлекеттік, ұлттық әлеумет    орталығы. Сондықтан, мұнда ұлттық қоғамдық назардағы адамдар шоғырлануы   тиіс.

                                                                                  Әбіш Кекілбаев, жазушы

Астана туралы  өз ойларың қандай?

3) Үйге тапсырма:

Жаңа Астана туралы өлең жолдарын жаттау.

« Астана туралы айтылған ойлар» белгілі адамдардың сөздерін жазып келу.

« Мен үшін Астана- …» шағын әңгіме жазу.

4) Қорыту. Бағалау.