Үй жануарлары /қайталау сабақ/
Тақырыбы: Үй жануарлары /қайталау сабақ/
Мақсаты:Білімділік.Үй жануарлары тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру.Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық.Қазақша сауатты сөйлеу,жазу дағдыларын қалыптастыру,оқушылардың ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік.Табиғатты сүюге,қорғауға баулу.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,кластер,бес жол өлең құрастыру стратегиясы.
Көрнекілігі: интер.тақта,суреттер.
Сабақтың түрі:ойын сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу.Кезекшімен сөйлесу.Сабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сабақтың мақсатын,барысын айту.
Дәптерлеріне күннің ретін жазғызу.
1 слайд Ой шақыру.Сурет бойынша үй жануарларын атау,кластер толтыру.
2 слайд бойынша бір оқушы түйе туралы айтып береді.
Түйенің мойны ұзын.Екі өркеші бар.Түйе күшті мал.Түйе шөлге шыдамды.Оның сүтінен шұбат жасайды.Түйенің сүті қою және тоқ болады. Түйенің төлін бота дейді.
3 слайд бойынша екінші оқушы сиыр туралы айтып береді.
Сиыр- төрт түлік малдың бірі.Сиырдың сүтінен май,ірімшік,айран жасайды.Сиырдың етін жейді,сүтін ішеді.Сиырдың төлін бұзау дейді.
4 слайд бойынша үшінші оқушы жылқы малы туралы айтып береді.
Жылқы -өте сүйкімді ,ақылды мал.Жылқы суыққа да, ыстыққа да шыдамды.Жылқыны адам көлік ретінде пайдаланады.Жылқыны арбаға жегеді.Оның жалынан арқан еседі.Сүтінен қымыз жасайды.Жылқының төлін құлыншақ дейді.
5 слайд бойынша төртінші оқушы қой және ешкі туралы айтып береді.
Аса пайдалы малдардың бірі –қой. Қой адамға әрі тамақ,әрі киім болады.Қойдың сүтінен айран,ірімшік,май,құрт жасайды.Қойдың жүнінен мата тоқиды.Қойдың төлін қошақан дейді.
Төрт түлік малдың бірі-ешкі.Оның жүні ұзын болады.Түбітінен орамал тоқиды.Ешкінің төлін лақ дейді.
Қазақ халқы төрт түлік малды құт санап ,олардың Қамбар ата-жылқы иесі,Зеңгі баба-сиыр иесі,Ойсыл қара-түйе иесі,Шопан ата-қой иелеріне табынған.
Жақсы,балалар!
-Енді балалар, мына сұраққа жауап беріңдер.
1.Мысық қалай дыбыстайды?/мияулайды/
2.Сиыр қалай дыбыстайды?/мөңірейді/
3.Ит қалай дыбыстайды?/үреді/
4.Қой қалай дыбыстайды?/маңырайды/
5.Жылқы қалай дыбыстайды?/кісінейді/
6.Түйе қалай дыбыстайды?/боздайды/
Осы сөздердің бәрін оқушылар тақтаға жазып шығады да,сұрақтар қояды.
Осы сөздердің бәрі қандай сұраққа жауап береді?/не істейді?/
-Дұрыс,балалар!
Не істейді неген сұраққа қандай сөз табы жауап береді? /Етістік/
Етістік дегеніміз не?
Етістік құрамына қарай қалай жіктеледі?/ дара және күрделі/
Етістіктердің тағы қандай түрлерін білеміз?/болымды, болымсыз/
Тұйық етістік қалай жасалады?/у жұрнағы жалғану арқылы жасалады./
Балалар енді мына суретке қараймыз.Үй жануарларының төлдері өрісте жайылып жүріп аналарынан айырылып қалыпты.Олар сендерден көмек сұрап тұр.Оларды өзеннің арғы бетіне шығару үшін біз мына тапсырмаларды орындауымыз керек.
1-тапсырма. Суреттердің астына етістіктерді жаз.
2-тапсырма.
Мәтінмен жұмыс.Мәтінді оқып,етістіктерді тап./ауызша/
Сергіту сәті.
3-тапсырма .Дұрыс,бұрысын белгілеңдер.
4-тапсырма.Мына тұйық етістіктерді септеңдер.
Алу,беру,жазу,айту.
5-тапсырма.Сызба бойынша сөз тіркестерін құрастыру.
Зат е+етістік
Сын е+ зат е
Есімдік+ етістік
Сан есім+зат есім
6-тапсырма Мына сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Сиырдың,түйеге,жылқыда,қойлармен,ешкілерден,итімен.
Сабақты қорытындылау.
7-тапсырма.Сөз жұмбақ шешу.
Балалар үй жануарларының төлдері аналарымен қосылып,сендерге ризашылық білдіріп тұр.
Сонымен балалар төрт түліктің пайдасы қандай?
Етістік дегеніміз не?
Тұйық етістік қалай жасалады?
Үй тапсырмасы.4-тапсырма «Үй жануарлары»тақырыбы бойынша шығарма жазу.106 –бет.
Бағалау.Оқушылардың житонын санап бағалаймын.
-Сабақ аяқталды!
-Сау болыңдар!