ң дыбысы мен әрпі

738

Әліппе.

Сабақтың тақырыбы: ң дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды ң дыбысы мен әрпімен таныстыру және сөз ішіндегі ң дыбысының ерекшелігін меңгерту,сөздерге дыбыстық талдау жасату арқылы ң дыбысының дауыссыз екенін байқату.

  1. ң дыбысы бар сөздерге мысалдар келтіру арқылы сөздік қорларын дамыту, балалардың сөйлеу мәнері мен байланыстыра сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  2.   3. Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра отырып,  ұйымшылдыққа, әдемілікке ,ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың көрнекілігі: Әріптер кассасы,  тақырыптық, заттық суреттер

ң әрпінің баспа, жазба түрі, дыбыстық талдауға арналған фишкалар.

 

Әдіс- тәсілдер: түсіндіру, сұрақ- жауап, талдау- жинақтау, проблема туғызу, әңгімелесу.

 

Сабақтың барысы:

 І .Ұйымдастыру кезеңі:

Күй тартамыз күмбірлі, күмбірлі,

Ән айтамыз көңілді, көңілді.

Би билейміз ырғақты, ырғақты,

Біз бастаймыз сабақты , сабақты.

 

ІІ.  Үй тапсырмасын пысықтау.

-Балалар, біз өткен сабақта қандай әріппен таныстық?

-Ұұ әрпімен.

-Ендеше ,Ұәрпін еске түсірейік.

а)   Қ ұ с т а р,     ұ р а н   сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

○ ○ ○○○○     ○ ○ ○ ○

ә) Құрақ, тұрақ сөздерін буынға бөлу.

б) Құс, ұн сөздерін қатыстырып сөйлем ойлау.

в) Оқулықтағы «Құстар» мәтінін оқу, сұрақтарға жауап беру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

А) Суретпен жұмыс:

-Балалар, суретте не бейнеленген?

-Қасқыр.

-Түлкі.

-Аю.

-Тиін.

-Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-Аңдар.

-Аңдар қайда өмір сүреді,оларды үй жануарлары қатарына жатқызуға бола ма?

-Орманда. Олар жабайы  жануарлар.

-Мына суреттерде орманда өмір сүретін жануарлар бар ма?(сиыр,қой,жылқы)

-Жоқ.

ә)Жаңа ң дыбысы және әрпімен таныстыру.

-Ендеше Аң сөзінде бізге таныс емес қандай дыбыс естіледі?

-ң (қайталап айту).

б) ң әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.

в)Логикалық жұмыс: ң әрпіне ұқсас нәрселерді атау

г)Сызбамен жұмыс:     ң әрпі бар сөздерге  мысалдар келтіру.

 

 

 

 

 

 

ІV.Сергіту сәті:

 

Қолды жайып ұшайық,

Қыран құсқа ұқсайық.

Сол қанатты тербейiк,

Оң қанатты сермейiк.

Бір, екі, үш, төрт, бес деп,

Биiктерге өрлейiк.

 

 

V.Жаңа сабақты пысықтау:

Сұрақ- жауап:

-Балалар әріптің баспа түрін біз қандай жағдайда пайдаланамыз?

-Сөздерді ,мәтінді оқығанда.

— Олай болса оқулықтағы жаңа сөздерді оқып көрейік.

а)Оқулықпен жұмыс

аң              аң шы           таң              жа ңа                    жаң ғақ

оң              қам шы         тоң             жа ңа лық             жаң быр

-Ал әріптің жазба түрі бізге қандай кезде қажет?

-Жазу жаз.анда.

-Олай болса дәптерімізге бүгінгі жаң  ң әрпін әдемі  етіп жазайық.

Ң әрпінің жазба түрімен, әріп элементтерімен таныстыру.

ә)дәптермен жұмыс

ҮІ . Шығармашылық  жұмыс:

Әр оқушы жаңғақ, аң ,жаңа сөздеріне текшелерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жасау.

VІІ. Тіл ширату сәті:

Жаңылтпаш айту

 

1 Шұңғыл шұңқыр,

Шұңқыл шұңғыл.

 

2Атты таң,

Болма таң.

 

ҮІІ Ойын:

  «Допты қағып алу» ойыны арқылы өткен әріптерді қайталау. Айтылған дыбыстарға байланысты сөздерді атау

 

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.

Рефлексия:

-Балалар бүгінгі өткен әрпімізді басқа әріптеріміздің арасынан кім шапшаң тауып береді?

-Қандай дыбыспен таныстық?

-ң дыбысымен

-Ол қандай дыбыс?

-дауыссыз

-ң дыбысы мен әрпін тануда бізге қиын болды ма?

-Қандай сөздерді оқуда қиналдыңдар?

-Қандай сөздер бізге бұрын таныс еді?

— Қандай сөздерді бірінші рет естідіңдер?

-Сабақ ұнады ма?

 

ҮІІІ. Мадақтау.

Сабаққа жақсы қатысқан балдарды жүрекшелер арқылы бағалау.