Мақал-мәтелдер (V сынып)

484

 

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер (V сынып)

Сабақтың мақсаты:           білімділік – ғасырлар шежіресі, халық тарихы, оның әлеуметтік

тіршілігі, ақыл-өнегесімен көрініс тапқан мақал-мәтелдердің қолданылу тәртібі, халық даналығының бір түрі тәмсіл туралы түсінік беру;

дамытушылық – ойлау қабілеттерін, танымдық ізденістерін, көркем ауызша баяндау ретін, ой алғырлығы мен ойды бейнелеу нақыштарын қызықты грамматикалық ойындар арқылы жан-жақты дамыту;

тәрбиелік – асыл да ата мұрамызды құрмет тұтуға, тәрбиелі қыз, ардақты ұл болуда ұлттық құндылығымызды сөйлеу тілінде тобықтай сөздің түйінін жасқанбай жағымды пайдалануға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемін көтеруге тәрбиелеу; шапшаңдыққа, сауаттылыққа, сүйіспеншілікке, әдеби тілде сөйлеуге, білімге үндеу, эстетикалық тәрбиеге баулу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту.

Сабақтың әдісі: баяндау, пікірлесу, сұрақ-жауап, ой шақыру, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, видеопроектор, үлестірме топшамалар, «Қазақтың

мақалдары мен мәтелдері» Алматы: Білім 2007жыл.

Пәнаралық байланыс: шешендіктану, қазақ тілі, бейнелеу.

 

Сабақтың өтілу барысы

  1. Ұйымдастыру бөлімі

а) сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу

ә) сабаққа дайындықтарын тексеру

б) орқушылардың зейінін сабаққа аудару

  1. Мақсат қою кезеңі

«Мақал – сөздің мәйегі». «Мақал – сөздің атасы». Мақал мен мәтелдің мәнін, түпкі ойын түсіну. Мақал мен мәтел халықтың өзі жасап алған заңы, өмірде болатын әр түрлі жағдайларды ұғындыратын, түсіндіретін оқу құралы іспетті екенін дәлелдеу.

 

СӨЗЖҰМБАҚ

Сұрақтар:

  1. Жазылуы бірдей, мағыналары әр түрлі сөздер (омоним).
  2. Заттың атын білдіретін сөз табы (зат есім).
  3. Жылқы пірі (Қамбар ата).
  4. Адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін сөздер (одағай).
  5. Жеке заттарға қойылатын атау (жалқы).
  6. Балаға ең қымбат – … (ата-ана).
  7. Білім беретін мекеме (мектеп) .
  8. Бірнеше сөйлемнен құралып негізгі ойды білдіреді (мәтін).
  9. Көркемдеп суреттеуде затты не құбылысты екінші затпен немесе құбылыспен салыстырып бейнелеу (теңеу).
  10. Сиыр пірі (зеңгі баба).
  11. Сөздер мен сөйлемдерді байланыстыратын сөз табы (шылау).

 

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту

«Сөздің көркі – мақал» деген аталы сөз бар мақалдың көмегімен айтайын дегеніңді ұнамды да ұтымды жеткізуге болады. Мысалы, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» (Абай) деп айтылған ақыл кімге ұнамайды дейсің. Мақалды көп біліп, көп қолданатын адамдардың білімі де, ақылы да арта түседі.

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің бір түрі. Мақал-мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Жаманнан сақтандырып жақсыны үлгі етеді. Мақал-мәтелдердің мәндері тақыраптары әр алуан: еңбек пен ерлік, жақсы мен жаман, достық пен қастық, ақыл мен өнер-білім, ынтымақ пен бірлік, Отан туралы, т.б. болып келеді. Халық өмірдегі өз бақылауларын қорытындылап, тұжырым жасап ұйқасты сөздермен өнеге, үлгі боларлық мақалдар жасап отырған. Мақал-мәтелдер өлең сөз сияқты көркем ұйқасып тұрады. Сөйлемдері өте ықшам, басы артық сөз болмайды, сөздерді басқа сөзбен алмастыруға келмейтін тұрақты келеді. Мәселен, «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген мақалдың сөздерінің  орнына басқа сөз қойып немесе қосып, я алып тастап көрсеңдер, мағынасының мақал ретінде қуаты да, көркі де , мәні де бұзылып, өз сипатын жоғалтатынына көздерің жетеді.

Ақын-жазушылар шығармаларының жақсы сөздері де мақалға айналып кетіп отырады. Мысалы, Абайдың жаман дорс туралы «Күн жауғанда қойныңда, күн ашықта мойныңда», «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты»  деген сияқты сөздері бүгінде мақал ретінде айтылады.

Мақал-мәтел – сан ғасырлар бойы халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан қастерлі қазына. Мақал-мәтелдер аз сөзбен көп мағына білдіре ді, құрамындағы әр сөздің орны тұрақты болады.  Ондағы сөздердің орнын ауыстыруға немесе бір сөзін басқа сөзбен алмастыруға келмейді.  Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіреді. Ал мәтелдер тиянақты ойды бере алмайды, тек белгілі бір ойды, пікірді ажарлау, айқындау үшін қолданылады. Мәтелдерде  ой-пікір бейнелі әрі тұспалдап айтылған ишара түрінде болады. Мысалы: «қой семізі қойшыдан», «Біреуге ор қазба».

Мәтелде ой соңына дейін жеткізілмей, болжам түрінде түсіндіріледі, сөйлем аяқталмайды. Мақал-мәтел ата-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған өсиеті, ақылы, мақал-мәтел бәріңді жамандықтан сақтайды, жақсылыққа бастайды. Үлгілі, өнегелі, еңбекқор, ер жүрек, тазалық, адалдыққа тәрбиелейді, арамдық, жалқаулық, қорқақ, сатқын, өсек-өтірік, екіжүзділік сияқты теріс мінез-құлықтарды әшкерелейді, сынайды.

Қосымша мәлімет. Халық даналығының тағы бір түрі халықтың өмірде көрген-білгенін мысал түрінде түйіп айтатын және тарихи деректердің ой оралымдарын тәмсіл деп атау енгізілді (Әбдуәли Қайдардың ұсынуы борйынша).

Мысалы: 1. Қайда барсаң – Қорқыттың көрі. 2. Аяз әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл. 3. Абылайдың асында шаппағанда, Атаңның басында шабасың ба? 4. Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы.

Әрбір тәмсілдің астарында ұзақ сыр, мәңгілік тарих, асқан даналық, ұлылық жатыр.

 

Мақал мен мәтелдің ерекшеліктері

Мақал Мәтел
1.Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.

 Әке – асқар тау,

 шеше – қайнар бұлақ,

бала – жағасындағы құрақ.

1.Көбіне бір бөлімді болып келеді.

Суға кеткен тал қармайды.

2. Ой неғұрлым ашық айтылады. Батыр туса – ел ырысы,

 Жаңбыр жауса – жер ырысы.

2. Ой-пікір ишара, тұспал түрінде беріледі.

Көп түкірсе – көл.

3. Ақыл, өсиет түрінде келеді.

Бірлігі күшті ел озады,

Бірлігі жоқ ел тозады.

3. Көбіне эмоциялық реңк басым.

Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

 

 

 

Сендер мақал-мәтел білесіңдер ме? Білсеңдер қазір біз «Топтастыру» әдісі арқылы мақалдардың тақырыптарын анықтаймыз. Ол үшін әр тақырыпқа бір-бір мақал айтайық.

 

 

 

Туған жер. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ВЕНН ДИАГРАММАСЫ

Ортақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мені түсін» ойыны

 

 

  1. Ерте тұрған жігіттің

Ырысы артық,

Ерте тұрған әйелдің

Бір ісі артық.

 

  1. Өзімдікі дегенге,

Өгіз қара күшім бар.

Кісінікі дегенде,

Анау-мынау ісім бар.

 

  1. Көпке топырақ шашпа.

 

  1. Қырық кісі бір жақ,

Қыңыр кісі бір жақ.

 

 

  1. Тіліңмен жүгірме,

Біліммен жүгір.

 

  1. Битке өкпелеп,

Тоныңды отқа жақпа.

 

  1. Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

 

  1. Бала адамның бауыр еті.

 

  1. Ұяда не көрсең,

Ұшқанда соны ілесің.

 

10.Тіл тас жарады,

Тас жармаса бас жарады.

 


«Керекті сөздерді тап» ойыны

 

  1. Білгенге … , Білмеске … .

 

  1. Өтірік … өрге баспас.

 

  1. Сөз … өтеді,

Таяқ … өтеді.

 

  1. Тоқсан … сөздің тобықтай түйіні бар.

 

  1. Ел үмітін … ақтар.

 

  1. Жігітті … таны.

 

  1. Денсаулық – зор … .


 

 

 

«СӨЗ – МЕРГЕН» сайысы

 

I кезең. «Мықты болсаң, тауып көр». Мына берілген сызбалар бойынша зат есімдер мен етістіктерді қатыстырып тұрақты сөз тіркестерін құру, мағынасын түсіндіру.

 

 

 

I топ.

1) Бала

Әйел         жиған         Қыздың жиған жүгіндей

Қыз

Адам

 

2) Ат

Тай            ала қашты          Ат тонын ала қашты

Сиыр

Ешкі

 

3) Төбе

Тау            тұру          Төбе шашы тік тұру

Бала

Кітап

II топ.

1) Сиыр

Ат             салмау        Ат ізін салмау

Түйе

Қой

 

2) Күшік

Мысық     қаптады             Ит терісін басына қаптады

Тауық

Ит

 

3) Көз

Бас             шығу           Көзі шарасынан шығу

Құлақ

Қол

 

III топ.

1) Күшік

Ит             өлген         Ит өлген жер

Тауық

Қаз

 

2) Күн

Ай             туды          Айы оңынан туды

Жұлдыз

Жер

 

3) Сан

Бас            соғу          Санын соғып қалу

Қол

Аяқ

 

II кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр». Халқымыз сөз өнеріне ұқыпты қарап, сөйлеу тілінде мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді көп қолдана білген. Осы кезеңде берілген сөздерден мақал-мәтелдер құру, мағынасын ашу.

 

I топ.

1) Арба

Кеме         кетеді         Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.

Жол

Қыз

 

2) Ата

Әке            сыншы          Ата балаға сыншы

Ана

Ел

 

3) Сөз

Қыз           бұзар          Қаһарлы сөз – қамал бұзар

Жұрт

Аға

 

II топ.

1) Тіл

Тіс              өткір         Тіл қылыштан өткір

Ерін

Езу

 

2) Би

Сезім         қызыл           Өнер алды – қызыл тіл

Достық

Өнер

 

3) Батыр

Азамат      айласыз            Айласыз батыр алдырар

Жігіт

Бала

 

III топ.

1) Тар

Кең            болмайсың         Кең болсаң, кем болмайсың.

Ұзын

Қысқа

 

2) Соқыр

Керең        үйір          Соқыр атқа қотыр ат үйір

Жалқау

Арам

 

3) Жалғыз

Адам         болмас         Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас.

Әке

Жезде

 

 

III кезең. «Ойлы болсаң, озып көр». Бұл кезеңде әр топ орны ауыстырылып берілген сөздерден мақал құраулары қажет.

 

I топ.

  1. Жанына адамға мал бітсе, жаман қондырмас қоңсы.

Торсық жал жаман байлатпас, жанына бітсе атқа.

* * * * * * * * * *

Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас.

Жаман адамға мал бітсе, жанына қоңсы қондырмас.

  1. Жағадағы қыз жұлдыз көктегі,

Жақсы жігіт жақсы құндыз.

* * * * * * * * * *

Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт – көктегі жұлдыз.

 

  1. Сөзі білімсіздің жібектей, білімдінің білектей сөзі.

* * * * * * * * * *

Білімсіздің сөзі білектей,

Білімдінің сөзі жібектей.

 

II топ.

  1. Алтын ішінде жатады ат жақсы еркектің ерлі,

Бесікті әйелдің ұл жатады алтын жақсы ішінде.

* * * * * * * * * *

Жақсы еркектің ішінде алтын ерлі ат жатады,

Жақсы әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатады.

 

  1. Сүріншек ақылсыз адам, адам әлсіз еріншек.

* * * * * * * * * *

Әлсіз адам сүріншек, ақылсыз адам еріншек.

 

  1. Құрдас заманы бір емес, бір құрдас жасы.

* * * * * * * * * *

Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас.

 

III топ.

  1. Қарың өткір талмайды орағың болса,

Жауың берік болса Отаның алмайды.

* * * * * * * * * *

Орағың өткір болса, қарың талмайды,

Отаның берік болса, жауың алмайды.

 

  1. Біріксе көп болар ел, көл болар тілегі көп.

* * * * * * * * * *

Көп біріксе ел болар, көп тілегі көл болар.

 

  1. Кәдесіз болса да қыз, болмайды қыз қалыңсыз.

* * * * * * * * * *

Қалыңсыз қыз болса да,

Кәдесіз қыз болмайды.

 

 

  1. IV. Сабақты бекіту.
  2. Мақал мен мәтелдің айырмашылықтарын ата?
  3. Мәтелдерге мысал келтір.
  4. Тәмсіл дегеніміз не?
  5. Тәмсіл кімнің ұсынуы бойынша әдебиетке енгізілді?
  6. Тәмсілге мысал келтір.
  7. Авторлары бар қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
  8. «Күшік асырап ит еттім, ол балтырымды қанатты» деген мақалдың авторы кім?
  9. «Отанды сүю отбасынан басталады», «Досы көпті жау алмайды» мақалдарының мәнін ашыңдар.
  10. «Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады», «Үй менікі деме, үй артында кісі бар» мақалдарының мәні неде?
  11. Үйіңе құтты қонақ келсе, не болады?

 

  1. Үйге тапсырма.
  2. Туған жер, Отан тақырыбына арналған 10 мақал жаттау.
  3. Мақал-мәтелдерді қатыстырып «Менің отбасым» тақырыбында эссе, әңгіме жазу.
  4. Өздеріңнің ойларыңнан 5 мақал құрастырып келу.

 

  1. Оқушыларды бағалау.

Жаңа сабақты өте жақсы меңгеріп, сабақ барысында қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп белсенділігімен көрінген оқушылар «өте жақсы», «жақсы» деп бағаланса, сабақта нашар тәртібімен көзге түскен, сұрақтарға жауап бере алмаған оқушыларға «орташа», «қанағаттанарлық» деген бағалар қойылады.

 

VII. Сабақты қорытындылау.

Жүсіп Баласағұнидің «Біле бер, қанша білсең, тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.