Мағынасы бір-біріне жуық сөздер.
Сабақтың тақырыбы | Мағынасы бір-біріне жуық сөздер. | |
Мақсаты | — Мәндес сөздер туралы алған білімдерін тапсырмалар орындау арқылы пысықтау, оларды орынды қолдану дағдыларын жетілдіру; — Ойлау, шығармашылық қабілеттерін, өз ойын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, көркем жазу дағдыларын қадағалау; — Ынтымақтастықта бірлескен жұмыстарды орындауға, бір- бірінің жауабын құрметтеуге баулу. | |
Күтілетін нәтиже | — Сөйлем ішінен және берілген сөздердің мәндес сөздерін таба алады; — Мәндес сөздерді топтастыра алады және оларды орынды пайдаланады; — Талқылауға қатысып, өз ойын айта алады. | |
Әдіс-тәсілдер | СТО (Блум, ашық сұрақтар), бағалау. | |
Ресурстар | «Қазақ тілі» оқулығы, ватман, стикер, | |
Сабақтың барысы: | Мұғалім әрекеті оқушы әрекеті | |
І.Қызығушылығын ояту.
Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау | -Бүгінгі күніміз, сабағымыз сәтті өтсін десек, шеңбер құрып, бір-бірімізге жақсы тілек айтайық. -Сабағымыз сәтті болу үшін біз не істеуіміз керек? -Ендеше осы тақырыпта есімізге бірнеше мақал түсіріейік, сол кезде мына жабық тұрған қағаздарды ашуға болады. -Ақылды, білімді, дана, кемеңгер – бұл сөздердің мағынасын қалай түсінесіңдер? -Мағынасы жуық сөздер туралы не білесіңдер? -Қай топ көп мысал келтіре алады? Әр топтан спикер шығып, топ жұмысын қорғайды. Қалғандары мұқият тыңдап, кейін жұмысты бағалайды. Бағалау критерийлері:-тапсырманы дұрыс орындады -көп мысал келтірді -жазуы анық, қатесіз -Енді оқулықтан 1-жаттығуды орындаймыз. Сөйлемдерді көшіріп,мәндес сөздерді тауып, астын тиісті сызықпен сызасыңдар. Әр оқушының жұмысын тапсырмаға сәйкес бағалап отырамыз. -Келесі орындайтын тапсырмамыз осыған ұқсас. Бірақ бізге бір ғана сөз берілген, соның мәндес сөздерін тауып дәптерімізге жазу керек. 2-жаттығу. -Қай топ бірінші орындайды екен? 3-жаттығуда мақалдарды оқып, қарамен жазылған сөздерді мәндес сөздермен ауыстырып жазамыз. 4-жаттығуда берілген сөздердің ішінен мәндес сөздерді тауып , сөйлем құрастырып жазамыз.
Оқушылардың бір-біріне дайындап әкелген тапсырмаларын орындау Үйге : 60-жаттығу , мәндес сөздерді қатыстырып өлең құрастыру (2немесе 4жолды) Кері байланыс Бүгін сабақ қалай өтті деп ойлайсыңдар? Не ұнады? Қай оқушы ерекше көзге түсті? (стикер) |
Топпен жұмыс Бағалау
Бағалау
Топпен жұмыс
Бағалау
Стикер |