Қорықтар неге керек?

56

Сабақ  жоспары

Сабақтың  тақырыбы: Қорықтар  неге  керек?

Сабақтың   мақсаты: Білімділік: Қазақстанның   қорықтары  туралы  танымдық  білімін  арттыру  және білетінін  сөйлеу  арқылы  еркін  жеткізу, сол  білімдерін  әрі    қарай  мәтін, сұхбат  арқылы  қалыптастыру.

Дамытушылық:          Оқушылардың  ой — өрісін,  есте  сақтау   және      шығармашылық     қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелік:  Қоршаған  ортаға деген  көзқарастарын  қалыптастыра  отырып, табиғатты  қорғауға  , аялауға,сүюге  тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі:Саяхат  сабағы

Әдіс — тәсілдер:Саралап  -деңгейлеп оқыту Проблемалық-ізденіс әдісі, коммуникативтік  әдіс, сұрақ-жауап.

Жұмыс түрлері: жұптық, топтық жұмыс

Көрнекілік: Слайд- презентация,    интерактивті  тақтамен    жұмыс,  фотосуреттер,   тірек-сызба,коллаждар,бүктемелер.

Пәнаралық  байланыс: география, статистика, әдебиет

Сабақ  барысы

І.Ұйымдастыру  кезеңі                  Кезекшімен  сұхбат,оқушылардың  сабаққа дайындығын  тексеру

ІІ  Үй жұмысын  тексеру. Берілген сөздер мен сөз  тіркестерімен  сөйлем  құру.   Сөйлем  ішінен бастауыш  пен  баяндауышты  табу.Өсімдік,  табиғат  аясында, қорғау, зиян  келтіру,жанашырлық,  қамқор болды,қорықты  аралау.

ІІІ Жаңа  сабақ.

Сабақтың  мақсатымен  таныстыру.

Ой толғау.   Қорықтар  неге  керек?  Қорық-  дегеніміз  не?

Оқушылардың  жауабы(Кейбір жан — жануарлар  мен  өсімдіктер  дүниесін алғашқы табиғи  тіршілігін  сақтап  қалу үшін  қорықтар  қажет.) Оқушылардың  дайындап келген слайд-презентациясын көру.

 

Өсімдіктер  мен  жануарлар  қорғалатын  тұтас  табиғи аймақты-  қорықтар  деп  атайды.

IV  Оқулықпен жұмыс. Мәтінді    ( Оқулық  49-бет) абзацка  бөліп оқу.

Мәтін  мазмұны  бойынша  әңгімелесу.

Мұғалім:Балалар, қазіргі  кезде  жануарлар  мен  өсімдіктердің құрып  кету  қаупі  бар  ма?

Елімізде  табиғат  байлығын қорғап  сақтайтын  қорықтар  көп  пе?

Саяхатқа дайындық кезеңі.Оқушыларға компьютер  арқылы  тыңдатамын:                 Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Сөйлеп  тұрған «№5 орта  мектептің» әуежайы.

№5 мектептің  әуежайынан  Ақсу — Жабағалы,  Наурызым  қорығы Қорғалжын  ,Марқакөл, Батыс  Алтай қорығы,  Алакөл қорығы,Алматы, Барсакелмес,  Үстірт- Қызыл  кітап  бағыттары  бойынша  сағат14:50 – де

«Эйр  Қапшағай»  компаниясының  ұшағына  отырғызу  басталады. « Егер

Сіздер  қорықтардағы  өсімдіктер  мен  жануарлар  жайында  тереңірек  білгіңіз  келсе, қорғау  шараларына  қатысамын  десеңіз  бізбен  бірге  саяхатқа  шығыңыз».

Қысқа мерзімді жобалау жұмыстарын қорғау

  V   Мұғалімнің  сөзі: Құрметті  саяхатшылар,  сіздерге демалысқа   шығар  алдында қысқа  мерзімді  жобалау  жұмысы  берілді. (2  апта).  Қанекей , сол  жұмыстарынызды  тыңдап  бағалайық.  Жоба мақсаттары:  Қазақстандағы  қорықтар  туралы шағын  жобаларын  қорғау.1.Жұмыс  әдісі:   Жұптық, топтық  жұмыс

2.Жұмыстың  жүргізілуі:Қорықтар  туралы  кітаптар  оқу.(Кітапханаға  бару)

Интернет  мәліметтерін  жинастыру.3.Презентация.4.Рефлексия.

      І топ  Ақсу-Жабағылы  қорығы(Болатбеков Ш.,Аленова Д.) Презентация

ІІ топ  Алматы,Алакөл  қорығы(Сериккожинова А.,Нам А.)Презентация

ІІІ топ Үстірт,Наурызым  қорығы(Өтебек  Д.,Савчук  У.)

ІV топ Батыс Алтай, Барсакелмес қорығы(РахимовТ.,Ахметшарип А.)коллаж, фотосуреттер.

  1. Деңгейлік тапсырмаларды орындау.         Ұшаққа  отырғызу  басталды.Билет  алуларыңызды  сұраймыз.

І класс, эконом класс,бизнес  класс билеттерін алу  үшін  мына  деңгейлік  тапсырмаларды  орындауларың  керек.

ІІІ деңгей  (І класс билеттері,  міндетті  деңгей)

1.Берілген  сөздердің  түбірлерін  анықтаңдар.

Өндіріс, елдерде, тіршілігінен, дамыған,құстар, табиғатын,күнде,  орманы,

құрметтей,аңға,жан-жануарларға, өсімдіктерді, елімізде, мемлекеттік,байлығын.

2.Берілген  сөйлемдерге сұрақ  қойыңдар.(ауызша)

ІІ деңгей (эконом  класс, мүмкіндік  деңгей)

  1. Көп нүктенің  орнына  керекті   жалғауларды  қойыңдар.                            1.  Жан-жануар…  мен  өсімдік…  дүниесі.
  2. Құс…  сайрап, көбелек…ұшып,гүл… гүлдеп  

тұруы  үшін  біз… Өз Отанымыз… табиғатын қорғауы…  керек.

3.Табиғат…ар-ұжданы таза,саналы  адам… ғана  қорғай алады.

4.Орман…мен  өсімдіктер…, жануар…  мен

аң-құстар…қорғап  сақтайтын қорық  көп.

2 «Қорықтар  неге керек?» деген  мәтіннен  бастауышы  бар  сөйлемдерді тауып, оған  сұрақ қойыңдар.

    І деңгей                Монолог  «Экологияны  жақсарту  үшін қандай  шаралар  өткізу керек?»                                                                                               

VII Рефлексия                                                          

Адамзаттың несіз  күні жоқ?

Оны  айтуға  ненің  тілі  жоқ?

VIII Сабақты  қорытындылау .Сабақты оқушылар  өздері  қорытады. І  топ  Сөзжұмбақ дайындап келіпті.  ІІ  топ сұрақ-жауап .

  1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық (Үстірт)
  2. «Ән салғыш құмдар»құмды төбесі  бар  қорық  (Алматы)
  3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық  аты (Ақсу-Жабағылы)
  4. Суда жүзетін  құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық(Қорғалжын)
  5. Наурызым қорығы қайда  орналасқан(Қостанай)
  6. Қылқанды тайга орманы орналасқан  қорық(Батыс Алтай)
  7. «Қызыл кітап» поэмасының авторы?(Қ. Мырза Әли)

 

ІІІ Инсерт  картасын толтырды .

ІV Географиялық  картадан қорықтардың орналасуын көрсетті.

 

 

 

қ
қ о р ғ а л ж ы н
р
А л м а т ы
А қ с у Ж а б а ғ ы л ы
Ү с т і р т
Б а т ы с   А л т а й
р

 

ІХ           Үйге  тапсырма: Оқулық 51-бет ,7-тапсырма.Берілген  синонимдік  қатарлардыоқып  шығып,есте  сақтаңдар.Қиындық,  тапшылық  сөздерінің  антонимдерін жазыңдар

Х    Оқушыларды  бағалау.