Сын-қимыл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

29

Сабақтың тақырыбы:  Сын-қимыл   бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем

Сабақтың мақсаты.

1.Білімділік: Сын -қимыл   бағыныңқы сабақтас  туралы түсінік беру

2.Дамытушылық:  Сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерін  ажырата білуге  сөйлем мүшелеріне талдай алуға дағдыландыру

3.Тәрбиелік: тілді ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық ,тірек сызба

Сабақтың түрі:   жаңа      сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жаттығу жұмыстарын орындау, өз бетімен жұмыс түсіндіру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу

Сыныпты және оқу-құралдарын түгендеу

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

133- жаттығу

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас

 

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас басыңқыдағы істің қалай жүзеге асқандығын, тәсілін білдіреді.

 

Қимыл-сын бағыныңқының баяндауыштары көсемшеден (-ып, -іп, -п, -а, -е, -й), болжалды келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының жалғануы арқылы (келмес + тен), есімшеге -дай, -дей жұрнағының жалғануы арқылы жасалады (-ған + дай, -ген+ дей).

 

Сұраулары: қалай? қалайша? қайтпестен?   не  етпестен?Қаулап өскен шөп үстінде қанаттары жалтылдап, қызылды-жасылды көбелек ұшып жүр (Т. Ахт.).

ІV. Cабақты меңгерту

140-  жаттығу

141-жаттығу

  1. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыс

VІ. Үйге тапсырма беру. 142 -жаттығу        

  VІІ. Бағалау.