Наурыз Аруы 2011

47

Сабақтың тақырыбы: «Наурыз Аруы 2011»

Сабақтың мақсаты: Балалардың ой -өрісін дамыту.Халықтың салт-дәстүріне

қызығушылығын ояту.Ұқыптылыққа ,шеберлікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :Сайыс сабағы

Сабақтың көрнекілігі: Безендірілген зал,музыка,суреттер,құттықтау сөздер,

 

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

Кіріспе сөз: Құрметті қонақтар! Наурыз мерекесіне орай «Наурыз Аруы 2011» атты сайысымызға хош келдіңізер.Наурыз құтты болсын!Ұлыс береке берсін!Наурыз елімізге құт әкелсін! Көктем мерекесін ала келген  «Наурыз Ару 2011» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі сайысымыздың аруларын  ортаға шақырамыз

Музыка  (Азия тобы «Қыз сыны» әні)

 

 

 

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін

1.Бөлесова Г.М.

2Жетимекова А.Ж.

3.Қанағатова Қ.М.

Сайысымыз әр кезең сайын 5 баллдық жүйемен   бағаланады.

Негізгі бөлім:

Енді сайысымыздың бағдарламасымен таныс болыңыздыр.

1-тапсырма: «Таныстыру»

2-тапсырма: «Өнерлі бала-сүйкімді»

3-тапсырма: «Ою-өрнек сәніміз».

4-тапсырам: «Адам көркі шүберек» .

5-тапсырма: Ас –адамның арқауы»

               Салт дәстүрімен жараса,

Қайта құрып жаңаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той бастайық тамаша!

Енді сайысымыздың бірінші кезеңіне берейік . «Таныстыру» өздерінің қалауы бойышша аруларымыз өздерін таныстырып өтеді.

Әділқазылар өз бағасын береді.

«Өнерлі бала-сүйкімді»  аруларымыз өз өнерімен бақ сынасады.

Ұялып бекер қысылма,

Өнерің болса бойыңда.

Өнерлі болсаң жарқырап,

Жолың болар қашанда.

Әділқазылар өз бағасын береді

«Ою-өрнек сәніміз»

          Саусақтары майысып,

Іс тіккен қыз сүйкімді!

Жұқпай қолы -қолына,

Іс қылатын қиқымды.

Аруларымызға берілген дайын ойылған оюды үйлесімді ,әдемі етіп жапсыру

 

 

         Әділқазылар өз бағасын береді

«Адам көркі -шүберек»

Ине ,жіппен жаңа өткен,

Көйлек көрсем –кәделі.

Ісмер ана қыздары,

Тіккендей көйлек әдемі.

Аруларымыз қолдан табиғи керек емес заттардан тігілген көйлектен сән үлгісін көрсету.

Музыка. Ұлытау тобы «Япыр –ай»

 

 

    Әділқазылар өз бағасын береді

 

Сайысымыздың соңғы кезеңіне кезек берейік «Ас-адамның арқауы»  Қазақ халқы өзінің ұлттық тағамдарымен еркшеленеді.Аруларымызға үйге тапсырма берілген .

Берілген тағам түрлерімен таныстыру , даярлау барысын әңгімелеу.

Сүт тағамдары таныстырады Темирбек Аружан

Ет тағамдары  таныстырады. Өрікбаева Гүлім.

Үннан жасалатын тағамдар таныстырады. Рүстемова Аружан.

Сусындар таныстырады.Семейгазиева Дарина

Салқындатылған тағамдар таныстырады. Тлеужанова Альфия

       Әділқазылар өз бағасын береді

 

Қорытынды: Сайысымыздың соңына келіп жеттік. Аруларымыз барлық кезеңдерден өз өнерлерін ортаға салды .Әділқазы алқасы ортаға шығып өз пікірлерін білдіріп, аруларға жинаған ұпайларына сай атақтары мен мақтау қағаздарын береді.

 

 

 

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»  деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам?!

    

Құрметті қонақтар келгендеріңізге көп көп рахмет.