Тақырыбы: Жер мен Көк

Тақырыбы: «Жер мен Көк»

Мақсаты: Білімдерін жүйлеу және жалпылау қабілетерін дамыту арқылы, өтілген материалдың өмірмен байланысын ашу. Оқушылардың интеллекттерін, эмоцияларын, еріктерін қолдана білуге тәрбиелеу.

«Адамның ұлылығы – оның ойлай білу қабілетінде»

Блез Паскаль

Жүргізуші:     Мінеки залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз,

Кешіккендерді тоспаймыз.

Ғылымдардың ғылымы,

Математика ғылымы жайында

«Жер мен Көк» сайысын

Бастаймыз!

Әділдікті орнатар — әділ қазы. Ендеше, бүгінгі кештегі сайыстардың  әділ шешімін айтатын әділ қазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер

1.

3.

4.

Жүргізуші:     Есепті түрлі-түрлі шығарамыз

Арасында  ойын ойнап жарысамыз

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар

Шешімін табатұғын дарындылар.

І. Капитандар сайысы

   Он құмалақ

Он құмалақ суреттегідей төмен қараған үшбұрыш түрінде орналасқан. Үш құмалақты қозғап, үшбұрышты жоғары қаратып орналастыру керек.

 

ІІ. Интерактивті сайыс

Көңілді сұрақтар1020304050
Құпиялы  Икс1020304050
Ғажайып геометрия1020304050
Мыңнан тұлпар1020304050
Құпиялар1020304050
Тарих1020304050

 

 

 

 

 

 

 

Көңілді сұрақтар

  1. Бір жанұяда екі әкесі, екі баласы бар. Барлығы нешеу? (үшеу: атасы, әкесі, баласы)
  1. Бір жанұяда 5 ұл бар, олардың әрқайсысының қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? (алты)
  1. бір жұмыртқа 4 минутта піседі. 5 жұмыртқа неше минутта піседі? (төрт)
  1. Тәулік қай кезде қысқарақ, қыста ма әлде жазда ма? (бірдей)
  1. Бес май шам жанып тұр. Екеуін сөндіріп тастаса, нешеуі қалады? (екеуі)

Құпиялы  Икс

  1. Математикалық амалдарды орындап, сөздерді оқы:

БОС+ТӨЛ-ОС+ШИ-ТИ+ЕК=БӨЛШЕК

ПАР+ИФС-ПС+МЕТЛО-ЛО+ИКРА-Р=АРИФМЕТИКА

САҚ-АҚ+ЫНТА-ТА+ЫРЫМ-РЫМ+П=СЫНЫП

ИКС-И+ІСТЕ-СС+АР-ЕР+П=КІТАП

  1. Теңдеуді шеш:

x-270=0                                  270

84-x=56                                  28

x-125=875                              1000

1000-x=750                            250

  1. 30. Теңдеуді шеш:

427-x=359                              68

45+x=63                                 18

x-215=376                              591

1013-x=785                            228

  1. Теңдеуді шеш:

x=0                                  0

78:x=6                                    13

x:6=16                                    96

2=46                                  23

  1. Теңдеуді шеш:

x·13=39                                  3

52:x=13                                  4

X:7=12                                   84

4·x=600                                  15

Ғажайып геометрия

  1. Кесінділердің қайсысы ұзын? (ұзындықтары тең)
  2. Сағаттың циферблатын оның барлық бөлігіндегі сандардың қосындысы тең болатындай алты бөлікке бөл.

12

11                   1

 

10                                  2

 

9                                             3

 

 

8                                  4

 

 

7                    5

6

  1. Үшбұрыштың бір бұрышы — доғал. Қалған бұрыштары қандай? (сүйір)
  2. Фигураның ауданын тап (88 см.кв)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қабырғасы 2м болатын кубтардан құрастырылған фигураның көлемін тап. (104м3)

 

Мыңнан тұлпар

  1. Үстел мен креслоның арақашықтығы – 3 метр. Егер үстелді де, креслоны да 2м оңға жылжытса, олардың арақашықтығы неше метр болады? (3 метр)
  2. Ханшайым 300 метр жерді 6 минут жүреді. Осы жылдамдықпен 1,5км жерді қанша уақытта жүріп өтеді? (30 минут)
  3. Егер 6 тонна алманы 3 кг-дық пакеттерге орау керек болса, қанша пакет қажет? (2000)
  4. Брюс Уиллистің спорт алаңының периметрі 150метр. Егер алаңның ұзындығы 50метр болса, оның ауданы қандай? (1250 м2)
  5. Сыныпта 30 оқушы бар. Олардың 18-і математикадан, 10-ы ағылшын тілінен, 3-уі екі пәннен де олимпиадаға қатынасты. Оқушылардың нешеуі жаратылыстанудан олимпиадаға қатысты? (5)

Құпия

  1. Соңғы рамкада қандай құпия сан жасырынған?
  2. Сиқырлы квадрат — горизонтал, вертикал және диагонал қатарлардың қосындысы тең. Бірде-бір сан қайталанбауы керек. Бос торкөздерді толтыр:

 

  1. Тылсым жұлдыздар – барлық сызықтардың бойындағы сандардың қосындысы тең және ешбір сан қайталанбайды. Бос дөңгелектерді толтыр:
  2. Құпиялы фигуралар. Бос клеткаларды толтыр.
А
 В
А
С
 В
С
  1. Мистикалық шырпылар. Екі шырпыны алып тастап, бес бірдей шаршыдан тұратын фигура құр.

Тарих

  1. Жұп және тақ, жай және құрама сандарды ойлап тапқан ежелгі грек математигі және философы кім? Ол өз атымен аталатын тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы туралы теореманы дәлелдеген. (Пифагор)
  2. Ондық бөлшектер және ондық бөлшектерге амалдар қолдану туралы «Арифметика кілті» кітабының авторы, ортаазиялық ғалым. (Әл-Каши)
  3. Оның заңымен кеме құрылған ежелгі грек математигі және философы (Архимед)
  4. Көбейту «×» және бөлу «:» таңбаларын ұсынған кім? (Лейбниц)
  5. Оның атымен геометрия, ең үлкен ортақ бөлгішті табу алгоритмі аталған «Бастамалар» кітабының авторы (Евклид)

ІІІ. Жер мен Көктің арасы…

  1. Тізбектес үш санның қосындысы 10-ға тең болатындай неше топ құруға болады?

5  3  2  4  2  6  7  2  1  3  5  4  8  1  1  7  2

  1. 3 және 5-ке қатарынан неше сан бөлінеді?

33        35        60        40        15        50        20        25        90

  1. Ең кіші арифметикалық сан? (нөл)
  2. Екінші және үшінші дәрежелер – (квадрат куб)
  3. Екі ондықты үш ондыққа көбейтсек … ондық шығады. (алпыс ондық)

ІV. Математикалық терминдер сайысы.

Жүргізуші:     Ал халайық, мұнда біраз қараңдар,

Зейін қойып бізді біраз тыңдаңдар

Алфавиттен беріледі бір әріп,

Математикалық терминдерді құраңдар.

«П» әрпінен келетін математикалық терминдерді командалар жазу керек.

Жүргізуші:     Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары дұрыс шықты

«Жер мен Көктің» бүгінгі сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

  1. «Көрермендермен ойын».
  • Елеуішпен су әкелуге бола ма? /қар мен мұз күйінде/
  • Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? /уақыт/
  • Қандай ыдысқа су құйылмайды? /су толы ыдысқа/
  • Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады? /ауа/

Жүргізуші:           Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едік талай сында.

Қара қылды қақ жарып, әділ сына

Еңбегін жас математиктердің әділ сына, — демекші, ендігі сөз әділ-қазы алқасына беріледі.

Қорытындылау, әділқазылар алқасына сөз беріп, жеңімпаздарды анықтау.

Жүргізуші:     Бүгінгі сайыс талай шабыт шыңдады,

Бұның қызығын талай адам тыңдады.

Тәрбиелі тәлімі мол, әсерлі

Болса егер көңіл жақын таңдады.

Көңіл бөліп бұл сайысқа,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрермен баршаңызға

Мың алғыс, мың рахмет!