Әдеби тіл және оның нормалары. Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы

488

Сабақ жоспары

Бекітемін: Қазақ орта мектеп — интернаты
Сабақ: қазақ тілі Сынып: 6 «а» — сынып
Уақыты: Шаяхметова А.Е.
Сабақтың тақырыбы: Әдеби тіл және оның нормалары. Әдеби тіл мен мәтіннің байланысы
Сабақтың мақсаты: Әдеби тіл мен мәтін, әдеби тілдің нормалары, грамматикалық, фонетикалық түсінік беру, жаттығу жұмыстарын орындату, өзіндік сөйлу, ойын толық жеткізе білу дағдыларын дамыту, әдеби тілде қоспасыз сөйлеуге баулу, үйрету.
Ресурстар: Оқушылар оқулығы,

Оқушы дәптерлері.

Интербелсенді тақта /слайдтар көрсетемін/

Плакат, марекерлер, стикерлер.

Сабақтың критерийлері:

1.5-сыныпты еске түсірту

2.Әдеби тіл және норма туралы ойларын терең қалыптастыру

3.Әр түрлі  тапсырмалар беру мен сұрақ қою  арқылы оқушыларды жүйелі жұмыс істеуге дағдыландыру

4.Сабақта өзіндік ой, пікірді қалыптастырту

Сабақтың әдісі: Ой ашар.

Психологиялық тренингОйын ойнату

Топқа бөлу санау арқылы болады 1,2,3,4

Диалог арқылы оқыту /сұрақ-жауап оқушы мен мұғалім арасындағы және оқушы мен оқушы арасындағы диалог/

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

/топпен жұмыс, әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар/

Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану

Слайд көрсету

Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау

Оқушылар топ арасында бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің бағасы

Уақыты: Жұмыс түрі: Мұғалім әрекеті: Оқушы әрекеті:
 

14.00-14.05

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренинг /1,2,3,4/ Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады, санау арқылы бөлінеді Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады, ойын ойнау арқылы ынталанады
14.05-14.10 Үй жұмысын тексеру

Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту/

Мұғалім оқушыларға әдеби норма мен мәтін деген не деген сұрақ қоямын Оқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады
14.10-14.15 Ой шақыру сыни ойлау арқылы Әдеби норма дегеніміз не? Диалект сөздер, жаргон сөздер дегеніміз не еді? Есімізге түсірейік  /осы сұрақ  төңірегінде беремін/ Оқушылар әрқайсысы өздерінің ойын ортаға салып талқылайды топта талқылайды. Бірін-бірі толықтырады. Диалект-жаргон сөздерді айтады
14.15-14.25 Топпен жұмыс. Сыни ойлау

АКТ слайд жіберіп қоямын.

Балалар, сонымен біз не туралы айтып жатырмыз? 8-жаттығу беремін Балалар жаттығуды берілгені бойынша орындайды. Мен оқушыларға көмек керек болса, жақындап бағыт түсінік беремін
14.25-14.30 Топпен жұмыс. Сұрақ – жауап Диалогтік оқыту Балалар, осы жаттығуда қандай сөздер сіздерге түсініксіз болды? Балалар өздеріне таныс емес сөздерді айтады. Бәріміз бірге диалектологиялық сөздік арқылы мағыналарын такып айтамыз, оқушылар дәптерлеріне түсіреді
14.25-14.30 Оқулықпен жұмыс 10- жаттығу Оқушылар берілген тапсырма бойынша жаттығуды орындайды жеке-жеке өз дәптерлерінде
14.30-14.40 Шығармашылық жұмыс Диалект сөздер тауып, мағынасын терең ашу және әдеби тілде сахналық көрініс болмаса екі адам үш адам болып бірігіп, мәтен немесе  диалог құрайды Оқушылар осы берілген тапсырманы шамаларынша әр түрлі деңгейде орындайды. Мағыналарын ашады. Ортаға шығып тапсырманы орындайды
14.40-14.43 Сабақты қорыту Сұрақ-жауап арқылы Әдеби тіл дегеніміз не? Оларға қандай сөздер жатады? Қандай сөздер жатпайды? Нормаға жатпайтын қандай сөздер? Диалект сөздер дегеніміз не? Сабақта не ұқтық? Не білдік? Не үйрендік? Оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде мұғалімге жауап береді. Топ ішінде біріне бірі сұрақтар қояды.
14.43-14.44 Үй тапсырмасын беру Әдеби тіл және оның нормасын, мәтінмен байланысын мазмұндау Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
14.44-14.45 Рефлексия Плактты тақтаға іліп қоямын Оқушылар стикерлерге бүгінгі саабаққа қорытынды жазып іледі
14.45-14.45 Бағалау Топ басшыларының бағалау Топ ішіндегі басшылары бағалайды