Қазақ тілінің қоғамдық рөлі
Сабақ жоспары
Бекітемін: | Қазақ орта мектеп — интернаты | ||
Сабақ: қазақ тілі | Сынып: 6 «а» — сынып | ||
Уақыты: | Шаяхметова А.Е. | ||
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілінің қоғамдық рөлі | |||
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сыни ойлау арқылы қазақ тілі, оның даму тарихы мен тереңдігін, қазақ тілінің қасиетті, ұғымды, терең, бай тіл екендігін ұғындыру. АКТ тиімді пайдалана отыра оқушылардың танымын, көру, көру арқылы есте сақтай білу қасиеттерін дамыту, диалогтік оқыту арқылы ойын еркін әрі ұғымды жетік жеткізе білулерін үйрету әрі дамыту. Қазақ тілінде мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу. | |||
Ресурстар: Оқушылар оқулығы, Оқушы дәптерлері. Интербелсенді тақта /слайдтар көрсетемін/ Плакат, марекерлер, стикерлер. | Сабақтың критерийлері: 1.Қазақ тілінің қоғамда алар пайдасы туралы ойларын саралау 2.Тілді жетік меңгерудегі негізгі мақсатты өздеріне ашқызу 3.Әр түрлі тапсырмалар беру мен сұрақ қою арқылы оқушыларды жүйелі жұмыс істеуге дағдыландыру 4.Сабақта өзіндік ой, пікірді қалыптастырту | ||
Сабақтың әдісі: Ой ашар. Психологиялық тренингОйын ойнату Топқа бөлу ойын шарттарындағы атаулар арқылы /алма, алмұрт, банан, десерт/ Диалог арқылы оқыту /сұрақ-жауап оқушы мен мұғалім арасындағы және оқушы мен оқушы арасындағы диалог/ Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету /топпен жұмыс, әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар/ Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану Слайд көрсету, тіл туралы өлең тыңдату Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау Оқушылар топ арасында бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің бағасы | |||
Уақыты: | Жұмыс түрі: | Мұғалім әрекеті: | Оқушы әрекеті: |
08.00-08.05 | Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Психологиялық тренинг /алма, алмұрт, банан, десерт/ | Сабақты бастамас бұрын сыныппен жылы амандасады, ынталандыру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады | Оқушылар мұғалімнің дайындап келген тренингі арқылы сабаққа қызығады, ойын ойнау арқылы ынталанады |
08.05-08.10 | Үй жұмысын тексеру Сұрақ-жауап /диалогтік оқыту/ | Мұғалім оқушыларға қазақ тілі жайлы бірнеше сұрақтар қояды | Оқушылар мұғалімге жауап береді. Бір-бірін толықтырады |
08.10-08.15 | Ой шақыру.? қою сыни ойлау арқылы | Қазақ тілінің қоғамдағы пайдасы не? /осы сұрақ төңірегінде беремін/ | Оқушылар әрқайсысы өздерінің ойын ортаға салып талқылайды топта талқылайды. Бірін-бірі толықтырады. |
08.15-08.25 | Топпен жұмыс. Сыни ойлау АКТ слайд жіберіп қоямын. | Балалар, сонымен біз не туралы айтып жатырмыз? Сабақтың тақырыбы не болмақ? | Оқушылар сабақтың тақырыбын топтар ішінде анықтап алады. Сабақтың мақсатын анықтайды, қояды плакатқа өз тапсырмаларын түсіндіреді. Ортаға шығып жұмыстарын қорғайды. |
08.25-08.30 | Топпен жұмыс. Қазақ тілі туралы үнтаспадан өлең тыңдатамын. Сұрақтар қояды бір-біріне Диалогтік оқыту | Балалар, өлең не туралы? Қалай ойлайсыңдар тіл туралы қандай ойлар жатыр? Бұл кімнің өлеңі? Жалпы өлеңнен не ұқтыңыздар?т.б | Оқушылар оқулықытың көмегімен ережеге сүйеніп, қойылған сұрақ төңірегінде жұмыстар атқарады. Бірімен – бірі пікір алмасады.Бірінің ойын бірі толықтырып отырады. |
08.25-08.30 | Оқулықпен жұмыс | 1- тапсырма орындайды | Оқушылар берілген тапсырма бойынша жаттығуды орындайды жеке-жеке өз дәптерлерінде |
08.30-08.35 | Шығармашылық жұмыс | Тіл туралы 1 шумақ өлең құруға беремін | Оқушылар осы берілген тапсырманы шамаларынша әр түрлі деңгейде орындайды. Тақырыбын ашады. Не себептен тақырыбын осылай етіп таңдадың деген сұрақ төңірегінде ойларын айтып береді |
08.35-08.40 | Сабақты қорыту Сұрақ-жауап арқылы | Тіл дегеніміз не? Тіл бізгке не үшін керек? Қазақ тілінің қоғамдағы рөлі қандай? Тіліміз болмаса ел бола аламыз ба? Өздеріңнің тілге деген құрметтеріңіз қандай? | Оқушылар берілген сұрақтар төңірегінде мұғалімге жауап береді. Топ ішінде біріне бірі сұрақтар қояды. |
08.40-08.42 | Үй тапсырмасын беру | Тіл туралы мақал-мәтелдер жаттау | Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. |
08.42-08.43 | Рефлексия | Плактты тақтаға іліп қоямын | Оқушылар стикерлерге бүгінгі саабаққа қорытынды жазып іледі |
08.43-08.45 | Бағалау | Топ басшыларының бағалау | Топ ішіндегі басшылары бағалайды |