Ұстаз тұлғасы

30

Ұстаз  тұлғасы

Ұстаздық еткенің,

Білім дәнін еккенің.

 

Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ұстаз.  Тек мықты ұстаз ғана ауыр жүкті алып жүре алады.

Мектепте оқитын әрбір баланың терең білім алуына қалай жетуге болады? деген ой  әрбір мұғалімді толғандырады.

Психологиялық зерттеулер бойынша, баланың білім алуындағы кемшіліктің себептерінің бірі- баланы жақсы көрудің жетіспеушілігі мен баланың өзін төмен бағалауы.

Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көруі керек.Мұғалім үлгілі, арман болуға жараса, оның өнегесіне балалар да ықыласпен еліктейді, бағынады.

Мұғалім- психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.

Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болу үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да, қабілетті ұландарымыз. Халқымыз « Басында бұлағы бар өзен  ұзақ ағады» — деп бекер айтпаған.

Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі — әр ұстаздан талап етіледі.

Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім деңгейі мен іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды меңгере отырып, оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын шығармашыл маман болуы тиіс

Мұғалімдік еңбектің психологиясы күрделі және жауапты екенін айта келіп, жазушы – педагог М. Әуезов шын мұғалімге тән мынадай қабілет-қасиеттерді атап көрсетеді: эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың даму ерекшеліктеріне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл- парасатының мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістерін тәжірибеге батыл енгізу, оқушының сеніміне бөленуі, ұйымдастырушылық қабілетті қалыптастыру.

« Осындай қабілетті, қасиеттерді, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана – нағыз ұстаз бола алады »– деп ойлаймын.

 

 

Кояганова Бақыт Зиятайқызы

бастауыш сынып мұғалімі