Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті

286

Сабақтың тақырыбы:                             Сөз мағынасы – тауып сөйлеудің кілті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Ұтымды сөздер, жұмбақ, мақал-мәтелдер арқылы оқушыларды сөйлеу мәдениетінек, дұрыс сөйлеп, сөздерді орынды қолдана білуге үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адамгершілікке, пайымдылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушы ойын, тілін, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту

Сабақтың типі:                                          Қайталау сабағы

Сабақтың түрі:                                          Ойын сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері:                          Жұмбақ, сұрақ-жауап, ойын, талдау, өзіндік жұмыс

 

                                               Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге жаңылтпаш жаттап келуге берілген болатын. Үй тапсырмасын сұраймын.

 

ІІІ. Жаттығу жұмыстары

 

1-тапсырма                          Жұмбақ – мақалдар

Тамақ ішіп-жемесе адам семіре ме? – деп сұрайды Базарбай. Балалардың кейбіреулері «семіреді» десе, кейбіреулер «семірмейді» деп таласып жатыр.

  • Семірмек түгілі, тамақ ішпесе, адам өліп те қалады, — дейді Амантай. Оған да бір күлісіп алған балалар:
  • Шынында да қалай болады екен? – деп ойласып жатыр. Бұл сұраққа қандай мақал жауап береді?

 

Арымақ, семірмек көңілден,

Адам құлақтан азады,

Көңілден семіреді.

 

  1. Қандай ас тәтті?

Ағайынмен ішкен ас тәтті.

  1. Аурудың жаманы не?

Жалқаулық жаман ауру

  1. Нені жасыруға болмайды?

Жамандық жасырылмас.

  1. Адамды көкке жеткізетін не?

Өнер адамды көкке жеткізер.

  1. Кім қартаймайды?

Халық қартаймайды.

  1. Ердің атын не шығарады?

Ердің атын еңбек шығарады.

  1. Ненің көркі не?

Сөздің көркі не?                   Мақал

Беттің көркі не?                    Сақал

Ауылдың көркі не?              Қыз –ауылдың көркі.

Жігіттің көркі не?                Өнер – жігіттің көркі

Өзен көркі не?                      Тал

Кісінің көркі не?                  Кішіпейілділік – кісінің көркі.

  1. Ненің түбі не?

Еңбек түбі не?                      Береке

Көптің түбі не?                     Мереке

Кәсіп түбі не?                       Нәсіп

Бейнет түбі не?                     Зейнет

Ынтымақ түбі не?                Игілік

Тірлік түбі не?                      Бірлік

Ұрлық түбі не?                     Қорлық

Уайым түбі не?                     Тұңғиық

Тәуекел түбі не?                   Жел қайық.

 

2-тапсырма. Өлеңдерді қара сөзге айналдырып жазу.

  1. Отыруға уақыт жоқ үзбей жағып
  2. Қақты қанат жаңадан,

Кең даламда домбырам.

  1. Құмарланып сүюші еді,

Отанын балап жанына.

  1. Өкпемнен барады өтіп күзгі суық.
  2. Күресте жігіт емес беті қайтқан,

Еш қауіп жоқ жүрегін оның шайған.

  1. Өнер-білім бар жұрттар,

Тастан сароай салғызды.

 

3-тапсырма              Бұларды кім дейді?            Ауызша

 

  1. шешенің туыстары?
  2. Ағаңның жұбайы
  3. Әпкеңнің күйеуі, баласы (жезде, жиен)
  4. Шешеңнің апасының баласы
  5. Жездеңнің балдызы саған кім болады (апа)
  6. Сенің шешеңнің сіңлісінің жездесі саған кім болады? Ол алыс адам ба, жақын адам ба? (әке)

 

4-тапсырма              Кім дұрыс түсіндіре алады?

 

  1. Жұмысқа илікпейтін, еш нәрсеге икемі жоқ адамды (оқтау жұтқан)
  2. Отбасынсыз жалғыз басты адам ( салт басты; салт атты, сабау қамшылы)
  3. Жөнімен істейтін істі бүлдіріп, қырып-жойып келетін адам. (шаш ал десе, бас алады)
  4. Қауіп-қатер ойлап сақтандыру ( сақтықта қорлық жоқ, жаман айтпай жақсы жоқ)
  5. Қалай істесе де ешбір жөні, қисыны келмейтін іс ( былай тартса өгіз өледі, былай тарса арба сынады)
  6. Көрге-білгенін жоққа шығарып, бар болса да жоқ дейтін адам ( аузын қу шөппен сүрту)
  7. Молшылыққа кездесіп, мол олжаға бату (шаша етектен бату)
  8. Біреуді өзіне тәуелді етіп алу (ашса алақанында, жұмса, жұдырығында)
  9. Мардымсыз іс, болымсыз тіршілік туралы ( құрыққа сырық жалғап)

 

Осы тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрау

 

ІҮ. Қорытынды

Ү. Бағалау

ҮІ. Үйге тапсырма:                       Жоғарыда берілген мақал-мәтел, тұрақты тіркестерді кірістіріп, сөйлем құрау