Тілдік қызметті жетілдіру.

Тілдік  қызметті жетілдіру.

Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі- еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш жігер жұмсауымыз керек.

Н. Ә. Назарбоев

Қазақстан халқына жолдауынан.

Қазақстанда жасайтын әрбір азамат мемлекет  тілін білуге тиіс. Менің ойымша өз Отаныңды, халқыңды  шынымен сүйсең оның тілін де  солай суюге тиістісің. Ол үшін нағыз патриот болуың керек. Мұның бәрі отбасынан,   балабақшадан, мектептен бастаулы тиіс.

Елбасымыз Н.Назарбаев 17 желтоқсан 2006 жылы ұлты  қазақ емес жас қызметкерлермен кездесуінде:

«Қазақстанды өзімнің Отаным деп санайтын әрбір адам Мемлекеттік тілді меңгеруге ұмтылулары керек»,-деген болатын.

Мемлекеттік тіл- Тәуелсіз   елдің негізгі рәміздерінің бірі Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнураны, шекарасы болатыны секілді Мемлекеттік тілі де болады. Демек, Мемлекеттік тіл де- Мемлекеттіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Конституциямызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі- қазақ тілі деп белгіленген.. Мемлекет тілін білу- сол елдің патриоты болу.

Патриот адам Республикасының кемшілігіне жаны ауырып, жетістігіне қуана алады.

Жалпы республика халқының 40% өзге ұлт өкілдері екендігін есепке алсақ, мемлекет тілін білу халықтар достығын нығайту үшін де керек –ақ.

Республикамызда мемлекет тілін үйрену үшін  барлық жағдай жасалған десек, артық айтпаған болармыз. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» алғашқы заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданғаннан  бері үкіметіміз тілді дамыту, жетілдіру үшін бұл мәселеге тез-тез көңіл бөліп келуде.

Атап айтқанда:

  1. 1997 жыл 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Тіл туралы заңы»
  2. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытудың 1997-2000 жылдарға арналған бағдарламасы.
  3. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы.2001 жыл, 2 ақпан.
  4. Қазақстан Халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясындағы Елбасымыз Н.Назарбаевтың баяндамасы.
  5. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2006 жыл 20 қарашадағы №378 қаулысы.
  6. оңтүстік Қазақстан облысы Білім департаменті директорының 2007 жыл 11 қантардағы №34 бұйрығы.

Қай құжатты парақтап қарасаң да үкіметіміздің тілге деген көзқарасы оң екенін байқаймыз. Даңғыл жол ашып, бағдар беріп қойған. Тек оны орындау керек.

Оны орындау Қазақстанда жасайтын жалпы жұрттың тікелей міндеті. Солай бола тұрса да, басқаларға қарағанда жүктелетін жауапкершілік пен міндеттің зоры мектепке екенін мойындауымыз керек.

Бұдан шығатын қорытынды мектеп қызметкерлері қала берсе қазақ тілі мұғалімдерінің ойланатын кезі жеткен сияқты. Біле білген кісіге жоғарыдағы тапсырмаларды бұлжытпай орындау әрбіріміздің  борышымыз. Сондықтан да бүгінгі  біздің Семинар сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында» тілдік қызметті жетілдіру жолдары.

Қазақ тілі сабақтарында тілдік қызметті жетілдіру мұғалімнің сабақты дұрыс болжап нақты жоспарды шығармашылықпен жасап, ізденімпаздықпен еңбектене  білуінде.

Қазіргі жаңа технология осыны талап етеді. Біздің мектепте де қазақ тілі мұғалімдері өздерінің іс-тәжірибесінде жаңа технология  элементтерін пайдаланып келеді.

8-сыныпқа қазақ тілі пәнінің мұғалімі У. Нуржанова «Пысықтауыштың түрлері» тақрыбында сабақ өтті.

Педагогика ғылымының кандидаты Нұрша Алжанбайқызының «Сатылай комплексті талдау» әдістерін пайдаланды. Бұл әдіс оқушының өткен сыныптарда алған білімдерін ұмыттырмай жаңғыртып отырады. Бастапқы Сатылай комплексті талдау жазба  түрде орындалғаны дұрыс. Себебі оқушы сауатты жазуға, есте сақтауға, жүйелі сөйлеуге машықтанады.

9 «А» -сынып. Қазақ әдебиеті сабағы тақырыбы: «Шұғаның белгісі» пән мұғалімі С.Сулейманова «Сын турғысынан ойлау тәсілі» бойынша шығарманы талдай отырып, Б. Майлиннің  өмірімен, шығарманың тақырыбы мен стиліне тоқталды.

Әдебиет сабағында сөз мағынасын түсіне білуге, оқу,  жазу арқылы оқушының сын тұрғысынан ойлап ой қорыта және қорғай білуіне қол жеткізді. Бұл сабақта тілдік қызметті жетілдіру бөлімдері арқылы жүзеге асты.

І  Ой қозғау. Нені білеміз?

ІІ Ой толғау.  Нені білдік?

ІІІ Ой қорыту. Нені білгіміз келеді?

Ғалымдар қолдап отырған оқу  және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау тәсілі – оқушының ойы мен тілін дамытуда, күрделі мәселелердің шешімін табуға және құпия сырларын біле түсуге ұмтылуға, өзіндік ой түйіп, қорытынды пікірге келуіне зор ықпалын тигізеді.

Қорыта айтқанымызда тілдік қызметті жетілдірудің  мәні зор.

Ертеңгі ұрпақ алдында тәуелсіздігіміздің айғағы ретінде дінімізбен біте қайнасқан тілімізді, рухани байлығымызды сақтап қалу бүгініміздің ерен ісі деп түсінуіміз қажет.

Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов,  М . Жұмабаев сынды арыстарымыз бен асылдарымыз туған тілі үшін. Жиырмасыншы жылдардың  өзінде-ақ бастарын бәйгеге тікті.

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, арың.

Жаусыз тағдыр жойды бәрін не бардың

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз- бабам тілі сен қалдың-

Деп Міржақып аға тіл тағдырының ертеңін ойлап, жыр толғады.

Тіл- халық мәдениетінің қайнар көзі ұлт болып қалыптасудың белгісі. Ендеше, тіл кез келген ұлттың  ұлылығын, оның тарихын, рухани ерекшелігімен сараланып, «көненің көзі, бабалар сөзі халықтың өзі»  деп ұғынамыз.