МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

40

 

МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ

ТИІМДІЛІГІ

Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оқыту мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге,мұғалімдер алдына жаңа мінгдеттер қойып отыр. Осыған орай білім берудегі озық,жаңа технологияларды меңгермейінше маман болу мүмкін емес.

Оқушының тұгғалық дамуына бағытталған технологиялардың бірі- Модульдік оөыту технологиясы екені анық.Сабақтың сапалы,тиімді өтуі күнтізбелік жоспарды құруға байланысты. Күнтізбелік жоспарды жасау мен оқушылардың өз бетінше ізденіп,шығармашылықпен жұмыс істеуіне М.О.Т. өте тиімді.Бұл технологияны қолдану білімді демократияландыруға,ізгілендіруге,оқыту сапасын арттыруға ықпал етеді.

Оқыту тезнологиясының бұл нұсқасының бір ерекшелігі – білімді меңгеру емес,оқушының өз бетінше меңгеруге ұмтылуы.Мұғалім еңбегінің нәтижесі оқушының білім деңгейімен анықталады. Сондықтан менің алдымда әрдайым « Нені оқыте керек?» және «Қалай оқыту керек?» деген сұрақ тұрады.

Сабақты жоспарлағанда оқушылардың қызығушылығын оятатын оқыта үйрету ойындарын басшылыққа аламын.

        Мен осы технологиялардың ішінен дамыта оқыту технологиясын қолданамын.Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік технология бойынша оқытудың негізгі мақсаты – оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оұу материалдарын өңдеудің жекеленген тәсәлдерә арқылы жөмыс істеуге үйрету.

Модульдік оқытудың өзегі – оқу модулі. Оқу модулі ақпараттардың аяқталған блогынан, бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан және оқушының іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан тұрады. Модульдік оқыту білім мазмұны, білімді игеру қарқыны. өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқытудың әдісі мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Барлық жаңа технологияның алдына қоятын мақсаты – оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеләктерән ескерәп, оларды өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру.

Модульдік оқыту жеке тұлғанаң ақыл-ойын, танымдылығын және шығармпашылық қабілеттерін дамытуға, шешуге алғы шарт болатын әлеуметтік мәні бар дағдыларды оқушы бойына қалыптастырады. Оқу модулінің ерекшелігі – жалпы сағат санына қарамстан 1-2 сағат теория бөлігіне беріледі, қалғанын практикалық жұмыстарға пайдалануға болады.

Тәжірибеде модульді – блокты жүйе бойынша оқытуды тақырып бойынша модуль құрудан бастаймын.

Модуль бес бөліктен тұрады:

І бөлігі. Тақырыппен таныстыру, негізгі түсініктердің анықтамаларын беру және алған білімдерін бекіту.

ІІ бөлігі. Теория бойынша сынақ өткізу.

ІІІ бөлігі. Сынақ, практикум өткізу.

ІV бөлігі. Тереңдетіп білім беру және оқушылырдың қабіліттерін дамыту.

 

Осы әдіс бойынша 5 сыныпта «Ондық бөлшектң бөлу» тақырыбы бойынша төмендегі тірек схеманы ұсынамын

 

Сабақ           Блоктар Жұмыстың түрі және мазмұны
1,2 сабақ  І блок.

Жаңа сабақты түсіндіру

   Кіріспе: Бөлу туралы,

1. Ондық бөлшнкті нат ырал санға бөлу.

2. Ондық бөлшекті 10-ға,100-ге,1000-ға т.с.сандарға бөлу.

3. Ондық бөлшекке бөлу.

3,4,5 сабақ  ІІ  блок

Тірек схема бойынша жұмыс, жаттығу жұмыстары.

  1. Тірек схема бойынша сабақты пысықтау.

2 Кітаппен жұмыс.

3. Топтық жұмыстар.

4. Кроссворттар, сканвордаттар шешу.

5. Өз бетімен есеп құру.

6. Логикалық есептер шешу.

7. Тестік жұмыстар.

6,7 сабақ

 

ІІІ блок

Қорытындылау деңгейлік тапсырмалар беру.

  1. Үш деңгейде тапсырмалар беріледі.

2. Ребустар, кроссворттар шешу.

3. Ұлттық ерекшеліктері бар есептер шешу.

4. Логикалық есептер.

8 сабақ    Бақылау жұмысы

 

 

Модулльдік технологияны пайдалана отырып төмендегі сабақтың жоспарын құрастырдым:

 

С абақтың т ақырыбы:   Ондың бөлшекке бөлу.

Сабақтың мақсаты: 1. Берілген санды бөлшекке разрядтың бірлікке 10-ға, 100-ге,1000-ға

т.с.с. сандарға бөлу; біліктерін шығармашылық пен  логикалық

оймен  іске асыра білу;

  1. алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, негізгі мақсатқа

табандылықпен жетуге, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке

ұмтылуды  үйрету;

  1. оқушының белсенділігін көтеру,ойлау қабілетін арттыруға өз ойын

жүйелеуге, тез шешім қабылдауға, ұқсастықты, қарама-қайшылықты

байқауға дағдыландыру.

 

Сабақтың түрі: іскерлік дағдысын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: тірек конспект, сөзжұмбаұ, бағалау кестесі.

Сабақтың барысы:

 

І кезең. Бұл кезеңде алған білім – біліктерін пысықтау үшін ауызша жаттығулар орындалады.

 

  1. Ауызша сұраңтар:

а) ондық бөлшекке қалай бөлеміз?

б) санды разрядтық бірліктерге қалай бөлеміз?

в) санды 0,1-ге, 0,01-ге , 0,001-ге т.с.с. сандарға қалайц бөлеміз?

г) 5,71*1,3 = 7,423 болса, онда 7,423 : 1,3 =?

 

 

  1. Ауызша есепте:

1,6:0,04  = 40                            4.4 : 1.1 = 4                                  0.067 : 0.001 = 67

7.5 : 0.15 = 50                           1.6 : 0.8 = 2                                  8,03 : 0.01 = 803

21 : 0.21 = 100                          2.8 : 0.7 = 4                                  0.31 : 0.1 = 3.1

2.5 : 0.5  = 5                              0.34 : 0.17 = 2                              0.78 : 0.001 = 78

 

ІІ кезең.  Оқушылырға өз бетіндік жұмыс тарды орындату арқылы іскерлік дағдыларын қалыптастырып, дамытамын.

Тапсырмалар бағдарламаға сай міндетті білімге негізделеді.

І деңгей.

Бірлік дағдыларын пайдаланып есептер шағару:

  1. а) 7,56 : 0,6 = 12,6                                          г) 7,52 : 8 = 9,4

б)   22.14 : 13.5 = 1,64                                       д) 2,8 : 0,014 = 200

в)   10.5 : 0.004 = 262,5

  1. Бөледу орындап, бөліндіні дөңгелекте:

А) 1,04 : 7,84 = 0,1             ондық үлекске дейін;

Б) 8, 642 : 4,7 = 1,84            жүздік үлеске дейін;

В) 2,5926 : 7,4 = 0,350         мыңдық үлеске дейін.

 

  1. 3,5 кг печенье 420 теңге тұрса, 5,2 кг печенье қанша теңге тұрады?
  2. 420 : 3,5  = 120                      2. 120 * 5,2 = 624 т.

 

ІІ деңгей.                 Білетін білімдерін тиімді жүйелеп қолдана білуге дағдыландыру.

  1. Бөлуді орында:

а)  2 : 0,2 = 10 ;                            б) 63, 8172 : 0, .18 = 3545,4;

в) 57,044 : 0,01 = 5704,4;            г) 57,1 : 1000 = 0,.571.

  1.   Егер бөлуді дұрыс орындап, кесиені толтырсаң, экваторды бірнеше кесіп өтетін өзен аты шығады:

М        0,57 : 0,01  = 57;                              А         0,0047 : 0,01 = 0,47;

О         5,819 : 0,001 = 5819;                       Н        0,0047 : 0,1 = 0,47;

А         0,6360 : 0,001 = 630;                       З          0,0047 : 0,001 = 4,7;

А         0,56 : 0,001 = 560;                           К         0,74 : 0,1 = 7.4.

 

0,47 57 560 4,7 5819 0,047 7,4 630

 

  1. Бір квадраттың қабырғасы 77,4 метр, ал екінші квадраттың қабырғасы бірінші квадраттың қабырғасынан 1,8 есе кіші. Екінші квадраттың ауданы мен периметрін есепт еп шығар.

77.4 : 1,8   =   43 метр,               S  = 43*43   = 1849 метр кв.,    Р = 4* 43   = 172 метр.

ІІІ деңгей.        Бұл деңгейде оқушының  ізденуін және өзіне жаңа білікт ер ашуын көрсететін тапсырмалар беріледі, яғни білімін тереңдетеді. Ондай тапсырмалар әр түрлі логикалық ойындар, анализ, синтез салыстыру туғызады. Оқушылар жаңа проблемеларға кездеседі, оларды шешу жолын іздейді.

ІV деңгей  / қосымша/.   Ұлттық ерекшелік ескерілген, оқушы біліміне әсер ететін есептер. Оларға : а) әртүрлі логикалық есептер;

б  кроссворд;

в   ребустар, мақал-мәтелдер жасырылған тапсырмалар жатады.

  1. Қазақстанда жылынжа 110 мың тоннадай жүн өндіріледі, ал 1 кг жүннен 1 м мата дайындалады. Бір костюмге 2,5 м мата кетсе, ресмпублика өндірген жүннен неше костюм шығады?
  2. Марат пен Болат деген екі қойшы кездеседі. Марат Болатқа « Маған бір қойыңды бер, сонда менің қойым сенікінен екі есе көп болады», дейді. Ал Болат оған  «Жоқ, оданда сен маған бір қой бер, сонда екуіміздің қойымыздың саны тең болады», дейді. Әрқайсысында қанша қой бар?
  3. Әсел, Азат, Қанат,Мұрат төртеуі таразыға түсіп салмақтарын анықтады. Сонда өлшеу нәтижелері 37,7 кг, 42,5 кг, 39,2 кг , 40,8 кг болды. Азат, Әсел ауыр, бірақ Мұрат жеңіл, ал Қанат Әселден жеңіл. Әр баланың салмағын табыңдар?
  4. Ондық бөлшекке бөлуге өз ойыңнан мазмұнды есеп құр және оны шағыр.
  5. Кестені толтыр :
     а 15,4 49,4 28,6
     в 4,42 23,8 6,46
     с 7,24 33,12 10,98
    д 7,04 77,38 11,12
 а*в :  (с+д)  ?      ?    ?

 

ІІІ кезең,    Үйге тапсырма .

Өз бетінше ондық бөлшекке бөлуге есептер, кроссвордтар, ребустар құру.

IV кезең.   Сабақты қорытындылау.

Осы сабақтың соңында төмендегідей қорытынды жасалады. Сыныпта 24 оқушы. Бағалау рейтинг бойынша бағаланады. Оқушылар түгел берілген үш деңгейден өткенде – 37 ұпай жинау керек.

85 %    яғни – 32 ұпайдан жоғары жинағандар – 15 оқушы;

60  %   — 85 %  арасындағы 23-31 ұпай  жинаған – 9 оқушы;

40  %   — 60 %  аралағындағылар   — 0.

Сапа     100 %.

Бұдан шығатын қорытынды осы деңгейлеп тапсырма беру арқылы оқушы білімін объективті бағалауға болады. Оқушылар өткен жаңа сабақты жақсы меңгергені белгілі болады.

Оқушының білімін бағалау кестесі

 

р/с Оқушның аты-жөні ауызша І деңгей ІІ деңгей ІІІ деңгкй Жалпы Баға
1 Альбина 1 5 3 3 4 8 4 9 36 5
2 Нұрбол 1 4 3 3 5 7 4 9 35 5
3 Дамира 5 3 3 5 8 4 28 4
4 Болат 5 3 3 4 8 4 5 27 4
5 Айдана 1 5 3 0 5 8 4 9 32 5
6 Ақмарал 1 5 3 0 5 8 4 9 34 5
7 Толқын 2 5 3 3 5 8 4 9 37 5
8 Серік 1 5 2 23 5 8 4 3 30 4
9 Нуржан 5 3 3 5 8 4 9 37 5
10 Дина 1 5 2 3 5 8 4 9 36 5

 

Тірек конспект .   Ондық бөлшекке бөлу. П. 5.3, 5.5; Ө.ж. 8,9.

 

1. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу үшін 27,36,18,181,52,93,90,36 2. Ондық бөлшекті 10,100,1000 разряд бірліктеріне бөлу үшін :

 

А. 27,4 : 10 = 2,74

Б. 3,47 : 100 = 0,037

В. 235 : 10000 = 0,0235

Г. 126,1 : 1000 = 0,1261

3.   Ондық бөлшекті 0,1, 0,001, 0,0001  т.с.с. разряд бірліктеріне бөлу үшін

 

А. 1,45 : 0,1 = 14,5

Б.  0,347 : 0,01 = 34,7

В. 1,4768 : 0,001 = 1476,8

Г. 10 : 0,001 = 10000

 

 

Модульдік оқыту технологиясының береі көп.Менің ойымның түйіні: қазіргі кезеңде мұғалімге білімді,білікті,шығармашыл болған жарасымды.Ал,ұстаздың әр сабағы – оның ізденісінің,еңбегінің айнасы.Уақыт талабын ескерсек,оқытудың жаңа технологиялары түрлерін меңгеру және оны ендіруге әрбір мұғалім жауапты.Өйткені, қолданылып жүрген қай технологияны алсақ та,дүниежүзілік білім деңгейінде қалыптасқан азамат,тұлға тәрбиелеуге бағытталған.  Ойымның соңын еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деген сөзімен аяқтағым келеді.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

М.М.Жанпейісова  Модульдік оқыту технологиясы.

Қазақстан мектебі.   № 4 ,2005,5-8бет.

Қазақстан мектебі    № 6,2004 38-39 бет.

Қазақстан мұғалімі, № 38-40, 6,7 бет, 2006 жыл.

Қазақстан мұғалімі, №16-18, 2005 ж., 16-17 бет