Х.ДОСПАНОВАНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ЕРЛІГІ, КАВКАЗ ЖӘНЕ ҚЫРЫМ ҮШІН БОЛҒАН ШАЙҚАСТАР, ТАРИХИ БАҒА

Х.ДОСПАНОВАНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ МЕН СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ЕРЛІГІ, КАВКАЗ ЖӘНЕ ҚЫРЫМ ҮШІН БОЛҒАН ШАЙҚАСТАР, ТАРИХИ БАҒА

 

«Намысын бермеу үшін жатқа қолдан, арулар аз болған жоқ атқа қонған» деп ақындарымыз жырлағандай  осындай даңқты батыр  қазақ қыздарының бірегейі  Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Халық қаҺарманы Хиуаз Доспанова Атырау қаласындағы Құрманғазы ауданына қарасты Зормата ауылында 1922 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Жасынан ұшқыш болуды армандаған қазақ қызы Хиуаз Доспанова Мәскеуден Қиыр шығысқа қонбай ұшқан Марина Росковаға еліктеп ұшқыш болуға біржола бел байлады. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы жалғыз қазақ мектебінде орын болмай,  қаладағы орыс тіліндегі № 1мектепте оқиды.  Оқып жүріп қалалық  комсомол комитеті ұйымдастыруымен ашылған аэроклубқа  жазылады. Ата-анасының  рұқсатын алған арманшыл Хиуаз сол кездегі № 1 мектептің  директоры М.Костюковқа кіреді.Матвей Георгиевич  Хиуаздын жетістіктерімен өте жақсы таныс еді.

Көп ойланып:  — Аэроклубтағы сабақ мектептегі білім сапасына кері әсер етпейме, биыл оқуды аяқтағалы жатырсын? – дейді.

  • Мен бәріне үлгерем, уәде берем деп рұқсатын алады.

1940 жылы  жазда орта мектепті үздік бітіріп шыққанда, «запастағы әскери ұшқыш» деген куәлікті де бірге алып шығады.  Енді өзінің ұшқыш болатындығына сенімі нығая түскен, оқудан соң тура Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болған оның алғашқы қадамы сәтсіз болады. Бұған налыған Хиуаз ба? Ол бірден Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Мұнда жүргенде де өр мінезді, қайсар қыз қатарының алды болады. Сабақты жақсы оқығанымен қоймай, ол гимнастикамен де айналысып, қоғам өміріне де белсене атсалысады. Студенттік өмірдің қызығына батып жүрген бақытты күндерді соғыс деген тажал бұзады. Бұл кезде Хиуаздың сессиясын аяқтап, жазғы демалысқа дайындалып жүрген кезі болатын. Ел басына күн туған шақта ол еліне барып, демалып жатқанды әбес көріп, құрбы-құрдастарымен бірге Мәскеу қорғанысын қамтамасыз ету жұмыстарына атсалысады. Хиуаз ата-анасына қаладағы қорғаныс жұмыстарына қалып жатқанып айтып  хат жазып жібереді. Сөйтіп жүргенінде ол әйгілі Марина Раскованың қыз-келіншектерден авиаполк құрып жатқандығын естиді. Бұл Хиуаз сияқты нағыз өршіл жас үшін өзінің кім екендігін көрсетіп қалатын жақсы мүмкіндік еді.

Бұны Хиуаздың өзі де жақсы түсінеді. Көктен сұрағаны жерден табылған  қайсар  қыз ойланбастан, бірден аталған полк басшысына келеді. Қазақ  қызына  полк басшылығы алғашында сенімсіздікпен  қараса да жауынгерлер құрамына қабылдайды. Сөйтіп, жауынгер қыз Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтаған жас қыз 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады.

Хиуаз Доспанова естеліктерінен: «Ол кезде жер бауырлап ұшатын ПО-2 ұшағымен жау тылын тек тун ішінде бомбалайтынбыз. Осындай бомбалауға 300 рет қатыстым. Ол бір өмір мен өлім айқасқан кез еді. ПО-2 өте төмен ұшатын болғандықтан зенит оғына жиі кезігетін. Сондықтанда жау тылына аттанған әрбір сапарымыздың соңғы болуы мүмкін екенін біліп жүрдік». «Тірі қалғаныма таңғаламын» — дейді аспаннан 14 рет құлаған  Хиуаз апай.

Батыр апамыздың ерлік еңбектері туралы қалдырылған жазба деректер бойынша Хиуаз қызмет еткен полк Оңтүстік майданда, яғни Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Беларуссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Ол кездегі авиациядағы штурманның атқаратын рөлі ерекше маңызды еді. Өйткені ол ұшақты алдын-ала анықталған жау құрамаларының дәл төбесіне әкеліп бомбалайтын, сондай-ақ олар ұшаққа жау тарапынан шабуыл жасалғанда әуе шайқасын да жүргізеді.

Кейіннен Кеңес Одағының батыры атағын алған Марина Чичневаның Хиуаздың шеберлігі туралы: « Хиуаз Доспанова ұшағын нысанаға ылғи да дәл апаратын және өз аэродромына да дәл сондай дәлдікпен қайта оралатын»-, деп жазғандығы бекер болмаса керек.

«1943 Кавказ бен Кубаньда ауа райы түнеріп, күн қара бұлттанып тұрды, біз Юлия Пашкова екеуміз тапсырманы орындап келе жатқан кезімізде кенеттен ұшағымыз қатты соққы алып, не болғанын білмей қалдық.

Көзімді ашсам  мен қираған ұшақтан алыста, ал  Юлия оның ішінде жатыр екенбіз. Ал кейінгісі есімде жоқ госпитальде ояндым. Юлия жарақаты ауыр болып құтқара алмапты.  Соңынан білсем  біздің самалетке қарсы тағы бір самалет түйісіпті. Экипаждағы төрт адамнан мен ғана тірі қалыпппын» деп Хиуаз апай көзіне жас алып еске алыпты.

Кейін госпитальден жазылып шыққыннан кейін  Хиуаз  өз полкне қайта оралады. «Қызыл жұлдыз», орденімен және  «Кавказды  азат еткені үшін»  медаль иеленеді, әскери атағы аға лейтенент шеніне дейін өседі. Енді батыр Хиуаз Ирина Себровамен бірге Қырымды азат етуге соғыс алаңына аттанады. « Мұнда ең қиыны теңіздің үстінде үрілген кеудешелермен ұшу болды. Теңізге құлаған, қара топыраққа құлағаннан ауыр еді. Бұл ештеме емес, аяғымның сыр бергені қорқыныш сезіміне ұшыратты. Ұшақпен мәңгі қоштасуға қорыққаным сонша, аяғымның ауырғанын жасырып, самалеттен шықпай отырып есеп беруге рұқсат алдым» — деп еске алады Хиуаз Доспанова.

Қырымды азат еткені үшін батыр қыз  «II  дәрежелі Отан соғысы» орденімен марапатталады. Қыз-келіншектерден жасақталған және Хиуаз қызмет еткен авиаполк үкіметтің көптеген жоғары наградаларын алған. Алдымен оған «Гвардиялық» деген атақ беріліп, артынан «Тамань», Қызыл Ту, Суворов ордендері беріледі.

Кеңес әскері 1945 жылы Берлинді азат еткен соң Мемлекеттік Қорғаныс комитеті қыз-келіншектер авиаполкін бірінші болып таратады.  Ал бұл кезде екінші топтағы мүгедек Хиуаз медицина институтына келіп оқуын жалғастырмақ болады. Алайда ол сол кездері өзінің ерлік істерімен, іскерлігімен Орал облыстық комитетінің бірінші хатшысы Мінайдар Салинннің көзіне түседі. Содан  Хиуаз өзі туған облыстағы обкомның нұсқаушысы болады. Кейіннен  Алматыдағы Жоғары партия мектебіне жіберіледі. Сол уақыттан бастап, оның ел басқару ісіндегі қырына жол ашылады. Сөйтіп, көптеген лауазымды қызметтерді атқарады.

Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. Бейбіт өмірде көрсеткен еңбегіне де қысқаша тоқтала кетсек, артық етпес. Хиуаз Доспанова «Абай» операсы мен «Шоқан Уәлиханов» драмасын сахналауға, «Медеу» спорт кешенін салуға және көптеген тарихи маңызы бар еңселі ғимараттардың құрылысына ер азаматтармен иық тірестіре жүріп араласып, көптеген игі жұмыстардың ортасынан табылды. Мұның бәрі апамыздың өзі айтқандай «әрекетсіз отыра алмайтындығының» белгісі.

Ел басына күн туған шақта сұрапыл соғысқа араласып, бейбіт заманда еліне  талмай еңбек еткен «Халық Қаһарманы» Хиуаз Доспанова 2008 жылдың мамыр айының 20-сы күні өмірден өтті.

Ұлы Отан соғысының кез келген қахарманының ерлігі мен бейнесі тарих бетерінде мәңгі сақталып, ұрпақ алдында қашан биік тұратынына сенім білдіруге болады. Қаладағы өзі үздік бітірген № 1 мектеп оқушылары да батыр апамыз оқыған мектепті мақтан тұтады. Батырлардың қаһармандық істері ешқашан ұмытылмайды,
мәңгі есте сақталады.