«Жеке тұлғаға білім беруде жаңа технологияларды енгізу –білім сапасын арттырудың қайнар көзі»

58

«Жеке тұлғаға білім беруде жаңа технологияларды енгізу –білім сапасын арттырудың қайнар көзі»

Білім саласындағы жаңа парадигма, жаңа модель – тұлғаға нәтижеге бағдарланған  білім беруді көздейді. Ол  мектеп бітіргеннен соң да оқушының қоғамға оңай сіңіп кетуін әлеуметтік көзқарасының дұрыс қалыптасып, мектепте алған білімін өмірде қажетіне жарата білуін көздейді. Бұл парадигма мектеп қабырғасында әр баланың құзырлығында анықталады.

«Құзырлық» — адамның меңгерген білім мен тәжірибесін түрлі өмірдегі жағдайларда қолдана білу қабілеттілігі, яғни «құзырлық» — білім  мен жағдайдың арасындағы байланыс немесе мәселені шешу үшін қажетті қабілеттілік. Құзырлық   қалыптастыру оқушының тәжірибесі мен іс- әрекетіне және белсенділігіне, ортамен қарым-қатынасына негізделеді. Әр оқушының қабілеті мен таланты өз -өзіне сенімін нығайтуға жол ашу- бүгінгі білім беру саласының басты міндеті. Білім саласының алтын дінгегі – ұстаз. Ұстаз міндеті білім берумен шектелмей, әр шәкірттің интеллектуалдық даму денгейін тани білу қажеттілігі өз — өзінен туындауда. Сондықтан да ұлттық байлықты білім берудегі озық ұстанымдармен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне -өзінің сенімін нығайтып, жол ашуына түрткі жасау –біздің, ұстаздар қауымының міндеті. Менің алдымдағы сәулелі мұратым — өз пәнімнен білім беріп қана қоймай, әр баланың «Менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеуге тырысу. « Әлемнің тізгіні –білімдінің қолында» демекші, баланың өзіне деген сенімін туғызып, өз бетімен білім алуға, ізденуге деген ықыласы мен іскерлігін, оқу-танымдық ынтасы мен шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге әр жеке тұлғаны жан –жақты етіп дамытуға негізделген білім көзі болып табылады.

Бүгінгі заман талабына сай жаңадан құрылған ұлттық өнеге берер, болашақ қазақ мектебінің қандай болмағы мұғалімдерге үлкен міндет артады, шығармашылықпен жұмыс істеп, тынбай ізденуін қажет етеді. Қазақ мектебінде нышан болар ұлт тілінің, әдебиет пен мәдениеттің көтерер жүгі аз емес. Қоғам болмысы және оның тынысы, болашағы көркем әдебиет арқылы дараланып та, сараланып та өмір айнасына айналары анық.

Менің алдымдағы басты мақсатым – шығармашылығы жоғары тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатыма жету үшін озық тәжірибелі педагогтардың іс – тәжірибесі, педагогикалық технологияларын басшылыққа алу көп  нәтиже берді.

Жеке тұлға тәрбиелеу үшін   мұғалім педагогика, психология, әдебиеттану ғылымдарының негізін барынша жетік білуімен қатар оқытудың жаңа әдістерін жете меңгеріп, оны сабақ мақсатына қарай іріктеп алып, шебер пайдалануы қажет.  Мұғалім үшін « Ойсыз, оқусыз, ой –толғауынсыз өткізген әрбір күн – зая кеткен күн» болмақ. [132]

Жаңа технологиямен жұмыс істеген алғашқы күндерден бастап–ақ шәкірттерімнің жүзінен  өзіме деген бір жылылық сезіндім. Сезіндім де, кеудемді бір белгісіз қуаныш кернеп, әр сабағымды кішкене болса да жаңалық ашуға ұмтылдым. Бұрын күнделікті сабаққа ауыр ой жұмыс сияқты болып көрінсе, ендігі жерде күнде бір жаңалық ашатын өнертапқыш іспетті әр сабаққа аса бір қызығушылықпен әзірленіп, ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, « балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай» өте қызу кірістім.

Дәстүрлі сабақта білімді мұғалім беріп, оқушының өз бетімен ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасалмайды. « Білу, нану, ұнату – ақыл ісі» (Шәкәрім) демекші, ізденіс, ойланыс болмаса, ешқандай проблеманы шешу мүмкін емес. Жаңа технологияның артықшылығы оқушының сабаққа қызығушылығы арттыру арқылы өз бетімен, жұптасып, топпен бірлесе отырып ізденуіне, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашатындығында деп есептеймін.

    Жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген сабақтар

  

                   Мұғалім іс -әрекеті                         Оқушы іс -әрекеті

 

 

Топқа бөліп, ой қозғайды                                  Топтық жұмыс жасайды

Тақырыпқа қызықтырады                                  Мәтінмен өздері танысады

Ең құнды мәселелер анықталады                      Кейіпкерлерді жан –жақты тал —

Қорытынды жасауға бағыттайды                      дауға үйренеді,зерттейді

Ой қорытып, тұжырым жасайды

Ойларын еркін айтуға жол ашады

Мұғалім өз жұмысын оқушының өздігінен білім алуына бағыттауы қажет.Оқытуда осы мүддеден шығатын жаңа технология түрлері көп. Оқушының өзіндік қабілеті қалыптастыруға және білім алуға, дайындығын жетілдіруге оңтайлы алғышарт бола алатын технологияның бірі –жаңашыл ұстаз Қ.Бітібаеваның іс –тәжірибесі негізінде құрастырылған «Әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы» дер едім. Сөзіміз жалаң болмау үшін сол модулдің үлгісін берейік.

 

 

8-сыныпта С.Сейфуллиннің  «Аққудың айрылуы» поэмасын өткенімде М.Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын салыстыру арқылы шығарма мазмұнын меңгерттім. Жұмыстың бұл түрі балалардың тілін дамытуға , ақын – жазушылардың шығармаларындағы кейбір мәселелерді байланыстыруға, салыстыруға көп әсер етті. Олардың өз беттерімен ізденісі  кезінде анализ, синтез, баға беру сияқты танымдық іздендіру сатыларына жетелеуде көмекші бола алды.

Автор Үндестігі Ерекшелігі Оқушының пікірі
 

Сәкен

 

 

 

Мұқағали

1. Аққу бейнесі

2. Аққулар махаббаты

3. Табиғат көрінісі

4. Атылған оқ

5. Трагедия

6.Сұлулық

1.Сұр мерген

2.Екі аққу

3.Аққу мен мерген

4.Аққудың өлімі

 

1.Ана мерген

2.Ауру бала

3.Тәуіп шал

4.Жылқышы мен ана

5.Жетім көлдің қайғысы

6.Тыныштық іздеген аққу

 

Дүниеде еш нәрсе ғана: атқан оқ, айтылған сөз, өткен күн қайтып оралмайды.Аққу сонау көне заманнан бері сұлулық пен махаббаттың,тазалық пен нәзіктіктің белгісі болып саналады.Оны көп халықтар киелі құс санап ерекше құрметтеген.
Эвристикалық

саты

Шығармашылық

саты

Өз іс – тәірбиемді педагогика ғылымының  докторы, профессор Ж.Қараевтың деңгейлік   оқыту жүйесінің әдіс – тәсілдеріне  сүйенемін. Деңгейлік тапсырмалар беру арқылы балалардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде  жұмыс жүргізе алатындығы. Бұл технология оқушының ойлауын, елестету  мен есте сақтау, ынтасын, белсенділігін, білім  сапасының  дамуына көмектеседі. Әр оқушының мемлекеттік деңгей  алуына кепілдік береді. Деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі.

 

 

 

 

 

9-сыныпта

«Ер Тарғын» жыры

  1. Оқушылық деңгей: Сөз зергері

А) « Ер Тарғын » жыры әдебиеттің  қай жанрына жатады?

Б) Жырдың мазмұнын баяндау

В)Жырдағы  Тарғын бейнесі

Г)Тарғынға мінездеме беру

Д)Қартқожаның іс — әрекеті

2.Алгоритмдік деңгей: Сарапшылар тобы

А) «Ер Тарғын» жырының негізгі идеялық мазмұнын ашу

Б) Жырдың көркемдік  ерекшелігі

В) Жырдың мазмұнына Блум жүйесі бойынша анализ – синтез жасау

Анализ

А) Ақжүніс бейнесі

Б) Тарғын мен Ақжүніс арасындағы сезім

В) Қартқожақпен кездесудегі Ер Тарғын

Г) Домбауылмен соғыс

Д) Сыпыра жырау ақылы.

Синтез.Мәтіннің бөлімдерін топтастыру.

Ақшахан ордасы

                    

Қартқожа
Сыпыра жырау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Эвристикалық  деңгей: Зерттеушілік тобы.

Басқа тақырыптас жырларды (Қобыланды, Алпамыс,Күлтегін) Венн диаграммасы арқылы салыстырыңыздар.

 

Батырлар жыры Ұқсастығы «Күлтегін жыры»
1.Авторы белгісіз

2.Көп нұсқалы

3.Ауызша тараған

4.Халық ауыз әдебиеті

 Батыр

Халық қамын ойлаған

Бас кейіркелер,тақырыптары ортақ

1.Авторы белгілі.

2. Тасқа қашап жазылған

3. Көп нұсқалы емес

4.Ежелгі дәуір әдебиеті

 

«Мен» тұжырым                        Нәтижесі                        Шығармашылық біліктілігі

деңгейі көтерілді

 

Білімі төмендердің                                           Ынтасын одан әрі дамытты

өздеріне сенімі пайда

болды                                    Білімдерін

тереңдетті

Қазақстан Республикасында білім беру мекемелердің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда

«Орындаушы» адамнан гөрі «Шығармашыл» адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.

Шығармашылық –бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік экономикалық жаңартулар тұсында –шығармашылық қабілет басты нысана деп ойлаймын. Оқушының өзіне деген сенімін арттырып, іс -әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға «Оқу мен Жазуды Сын Тұрғысынан Ойлауды Дамыту» жобасы тигізер үлесі өте үлкен екеніне көзім жетті.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» сынау емес- шыңдалған ойлау, біздің

ХХІ ғасырға қажетті ерекше қабілет. Оқушы өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, еркін ойлай отырып, келе –келе мұғалімнің түсіндіргенінен гөрі өз ізденісі мен қызығу танытып, шығармашылық қабілеттерді ұстанады.

 

 

Сабақ сатылары мынадай құрылымда құрылды:

Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Ой толғаныс
Оқушының өз білімін, бұрынғы білгенін ортаға салуына мүмкіндік жасау, ми қыртысына бағытталған ой қозғау. Бұрынғы білім мен жаңа білімді ұштастыру. Сын тұрғысынан талдау, салыстыру.

Білім аясын кеңейту Жүйелеу.

Оқушының білімі арқылы шешімге келу; оқушының берген білімді дұрыс және толық қабылдауына көз жеткізуі; алған білімін қолданыуы.
Маңызы

1.Бұрынғы білімін анықтау

2.Белсенділікке баулу

3.Мақсатты үйретту

Стратегиялар

INSERT

Б.Б.Ү

Кубизм

Блум таксоманиясы

Стратегиялар

1. Венн диаграммасы

2. Бес жолды өлең

3. Еркін жазу

4. Эссе

Мен осы бағдарлама курсын оқып меңгергеннен кейін тәжірибе жүзінде қолдану барысында шығармашылық тұлға қалыптастыруда оны аса тиімді деп таптым. Өйткені, өзіне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отырған оқушылар өз ойларын, пікірлерін еркін ортаға сала бастаса, сөз өнеріне бейім оқушылардың сөз шеберлігі, сөз саптау дағдылары артта түсті.

Сабақтарында жиі қолданып, аса тиімді деп есептейтін мына стратегияларға тоқталып өтейін.

  1. «Топтастыру» стратегиясы. Реті бар, қорытынды бар, қайталау сабақтарында қолайлы.8-сыныпта Қ.Қазиевтің «Менің шешем» шығармасын өткен кезде «Майдан», «Тыл» сөздерін топтастыру, тапсырмасы берілді.

Екі оқушы жұмысынан мысал.

 

 

Мақсаты: Миға шабуыл немесе оқушы ойын қозғау, ізденуге итермелеу,сөзді, сөз тіркесін дұрыс қолдану,құрастыру арқылы ойын жүйелі түрде айта білу.

2.« Түртіп алу стратегиясы.» Мағынаны тану кезінде бұрынғы біліммен жаңа білімді ұштастыру .8-сыныпта әдебиет пәнінен «Ж.Жабаев» тақырыбы бойынша өткізілді:

 

 

V + ?
1.Жамбыл ақын

2.Жүз жасаған

3. Жамбыл облысында туған

1. «Шахнама», «Ләйлә -Мәжнүн» дастаны.

2.1937 жылы Грузияға барған

3. 1936 жылы Мәскеудегі қазақ әдебиеті мен көркем өнерлі бірінші онкүндігіне қатысқаны

1. Құлмамбет пен Шашубай ақындармен айтысқан

2. 1941 жылы «КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері» деген атағы берілген

1. Жамбыл өлеңдері бізге кім арқылы жеткен?

2. Жамбыл ата ұрпағында ақын бар ма екен?

 

«Түртіп алу» стратегиясы-оқушыларды белсенді ойлау жағдайына қою,идеялар туындату, жаңа ақпаратты бұрынғы білімге сүйене отырып алу үшін танымдық әрекет ұйымдастыру,ескі білім мен жаңа ақпарат арасында көпір жасау.

  1. Еркін жазу стратегиясы. Ой –толғаныс кезінде ойды жинақтау мақсатында

«Жамбыл Жабаев»тақырыбын өткенде «Жамбыл атаға» хат жазу тапсырмасы берілді.

Оқушының жазған хаты:

Сөз өнерінің дарыны ,асқан күйші,дара ақын –Жамбыл ата, сіз қазақтың қайнар бұлағы, еліміз рухани құндылығысыз. Бар өміріңізді ақындықтың  жүйрік желімен өткізе отырып, ұрпағыңызға асыл  мұраңызды паш еттіңіз! Ұлы сезім, ізгі мейірім, тұлпардай шабыс, сұңқардай қанат сізді өнердің шыңына жетелеп, ақындықтың бесігінде тербетті. Сіздің еңбегіңіз,  жырлы өлеңдеріңізден нәр алып,  бүгінгі ұрппақ өнегелі өнеріңздің сырына қанып, өсіп-өнуде. Мәңгілік ақын, өшпес іздер. Бұл сіздің өнімді еңбегіңіздің жемісі. Ұлықты ұрпағыңыздың ұлы тұлғасы – Жамбыл ата өзіңіз боласыз. Ұрпағыңыз сізді ешқашан ұмытпай, жүрегінің төрінде, көңілінің көгінде сақтайды. Ұрпақтың жүрегіне нұр сеуіп, жалынды от сезімге бөлеп, мәңгілік алтын  әріптермен қазақ тарихында қалған «Қазақ тарихы» ұлы ақын Жамбыл ата өзіңізсіз. Жолыңызды қуған жалынды жастар, өлеңдеріңізден  күш-жігер алып, өмірдің сынды шыңдарынан  сүрінбей өтіп, өмір жолында арман қуып, ғажайып өмірдің  нұрына бөленіп, ерекше сезімге жетелейді. Осындай құнды еңбегіңз үшін сізге бас иеміз! Халықтың жадында жатталып, ізіңізді басқан ізбасарларыңыз көп болсын.  «Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді»,- демекші, сіздің атыңыз да, хатыңыз да халықтың жүрегінде!

Ыстық жүректен хат жолдаушы: Байманова Ұлболсын

 

Оқушы жазушымен ,көркем шығарма кейіпкерімен диологқа түсу арқылы өзінің рухани жан әлемін байытты,өзі де байқамай, өмірге деген өз көзқарасын қалыптастырды.Шығармадағы кейіпкердің көңіл-күйіне ортақтаса отырып,жаны тазарады.

  1. «Сөздер сөйлейді» стратегиясы. Оқушыларға белгілі бір тақырыпқа байланысты бір мәселені, «Әке, ана, бала» сөздерін жазып , өмірмен байланыстыра сөйлеуді талап еттім.

Оқушылардың ойларынан үзінді:

Ана – ардақты  ат. Аналарға қай заманда болса да хан да, қара да, ұлық та  бала да,   бас иген, отбасы, бала үшін ананың орны қымбат екенін ұққан  халқымыз: «Меккеге  жаяу үш рет  арқалап барсаң да, ананың парызынан құтылмайсың» , — деп өсиет қалдырған.

Әке – асқар тау. Отбасының  тірегі, қамқоры, шаңырақтың иесі.

   Бала адамның бауыр еті.Халқымыз балалы болу бақытын еш байлыққа,

мансапқа ауыстыра алмаған.

Осылыйша, кез келген сабақта белгілі бір сөздерді алып, «сөйлессеңіз» шәкірттер  «ой түбінде жатқкан» сөздерін  жарыққа шығарады. Оқушылар әр сөздің мағынасына мән беріп, сипаттама жасайды.

Оқушылар ойын жинақтап, сөз құруға, сөзден сөйлем, не нақыл сөз құруға үйренеді. Мұндай әдістер сөз шеберлігіне, сөз саптау  дағдыларына, шығармашылыққа баулиды. Бұдан басқа «Еркін ой», «Авторға сұрақ қою» ,

« Дәлелденген эссе» , «Болжау» , «Автордың орындығы», « Әлемді шарлау» , «Проблемамен саудалас» стратегияларын сабақтарда пайдалана отырып, оқушы бойындағы шығармашылық талабын ашып, шыңдауда ең алдымен оларды тұжырым жасап, қорытындыға келуге, проблеманы шеше білуге,яғни сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін  дамытуға үйрету керектігіне көз жеткіздім.

 

Оқушының шығармашылық                   Өмірге деген                Өзінің пікірі

қабілеті дамиды                              көзқарасы туды           қалыптасады

 

 

 

 

СТО технологиясын

қолданудағы нәтиже

«Мен» деген

сөзді ұғады

Тілдік компонеттілік

дамиды

 

 

Еркін сөйлеуге                          Өзгенің пікірін құрметтеп,

жол ашылады                                     құрметпен  қарау

Оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің интеллектуалдық, рухани,кәсіптік сияқты көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі ықпалын тигізеді.Оқушының өз бетінше білім алуына, өзіндік ой-пікірін қалыптастырып,қорытынды жасай алуын,өз білімін өзі бағалай білуіне, қисынды ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

                                             

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.«Қазақ әдебиеті-тұлғаның рухани дамуының бастауы.» -Алматы-2005ж.-

96-148 б.

2.Тұрғынбаева. Б. А .Ұстаздық шығармашылық .Алматы.2007ж-190-200 .б

3.Бітібаева.Қ.О.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы.Алматы. «Мектеп» 2003ж. 85-92 б.

4.Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, «Дәуір»-1999ж. 165-168 б.

5.Тұрғынбаева.Б. А Дамыта оқыту және шығармашылық қабілеттер-Алматы,1997ж.- 125-135 б.

6.Жанпейісова .М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде .Алматы, 2006ж -150-160 б.

7.Қазақтың тәлімдік ойлар онтологиясы. Он томдық. С.Қалиев, К.Аюбай. –Алматы, 2007. 4 том, 464 бет

8.Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтама.Алматы, «Аруна »,2005ж

90-105 б.

  1. «Қазақ тілі мен әдебиеті » әдістемелік журналы. 2005-2008 ж. ж