Физика сабағындағы пәнаралық байланыс

 

Тақырыбы: Физика сабағындағы пәнаралық байланыс

 

Кіріспе

Еліміз ғылым мен техниканың әр саласында мамандар дайындағандағы өз  саясатын нақты анықтап алды. Ондағы басым бағыттардың бірі мемлекеттік тілді еркін меңгерген, жан – жақты білімі, осы заманғы ғылым мен техниканы жан-жатық білетін іскер мамандарды дайындау болып саналады. Сондықтан да, оқушының білімдік қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында пәндерді байланыстыра оқытудың маңызы ерекше.

Педагогика тарихына үңілсек пәнаралық байланыс  300 жылдан астам уақыт қолданылып келеді. Қазақ халқының біртума ғұламалары Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсыновтар да өз еңбектерінде ол туралы  айтып кеткен.

Олай болса, осы үрдісті одан әрі дамытып, пәнаралық байланыс интеграциясының жолдарын іздеу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   ІІ. Негізгі бөлім

 

Физиканы басқа ғылымдармен байланыстыра оқыту терең білім алуға, ғылыми ұжымдарды және заңдарды және заңдарды меңгеруге, оқу – тәрбиелік процестерді жетілдіруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар, білім деңгейін көтеріп, логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді. Шығармашылық қабілеттерін және ғылыми деңгейдің дамуына ықпалын тигізеді.

Жаратылыстану ғылымдарының зерттейтін объектілері өмірдегі нақты заттар мен құбылыстар. Тек әр ғылым өзіне тиісті саланы қарастырады. Мысалы: Биология тірі организмдерді , химия заттардың құбылысы мен құрамын, астрономия аспан денелерін, информатика ақпараттық процестерді, физика табиғаттағы құбылыстарды зерттейді. Бұл ғылымдардың арасында сөзсіз байланыстар бар. Жалпы физика пәнін медицинамен, еңбектен, денешынықтырумен, әдебиетпен, музыкамен, суретпен байланыстыра өтсе, оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, ой — өрісі сөзсіз дамиды.

Мысалы: 7 – сыныпта « Қысым» туралы өткенде физиканы биологиямен байланыстыруға болады.

Сұйық ішіндегі қысымның теңдікке тәуелді болатынын адам суға сүңгу кезінде есте ұстауы қажет. Арнайы жаттығусыз үлкен тереңдікке түсу мүмкін емес, өйткені жоғары қысымның әсерінен адам қаны атмосфералық азотпен қанығады. Судың бетіне тез көтерілуге де болмайды, себебі: қысымның кенеттен азаюынан азот көпіршік түрінде қаннан бөлініп шығады, яғни қан қайнағандай болады. Азот көпіршіктері қан тамырларын бітеп тастайды да, көп жағдайда адамды ауыр науқасқа шалдықтырады.9 – сыныптың « Механикалық толқындар» тарауын өткенде физиканы медицинамен, музыкамен байланысын ашып айту керек.

Бізді қоршаған орта әр түрлі дыбыстарға бай. Осы дыбыс толқындарының адам ағзасына тигізетін пайдасы да, кері әсері де бар. Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды естіп, сонымен байланыста болады. Дыбыстың адамға, сондай – ақ барлық тіршілікке әсері зор. Оған мынадай статистикалық мәлімет келтірсем түсінікті болар: тышқанның қасына бірнеше уақыт бойы айқай – шу, жағымсыз дыбыстар жібергенде, ол есінен танып қалған, ол өсіп тұрған гүлдің қасына осындай дыбыспен әсер еткенде, гүл сола бастаған. Осындай айқай – шу мен жағымсыз дыбыстар адамның құлағының  бірте – бірте естімей қалуына әкеледі, мидың есту орталығын зақымдайды.

Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейнің мәндері, дБ

 

Дыбыс көзіДыбыс қаттылығы,ДБ
Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі130
Ұшақтың көтерілуі120
Дискотекадағы музык120 – 110
5 – 7 метр қашықтықтығы автомобиль сигналы100
Жүк машинасының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы8
Көше шув70 -80
3м қашықтықтағы шаңшорғыш дыбысы70
Тас жолдағы автомобиль қозғалысы50 – 60
Әңгіме – сұхпат40
Тұрғын үйлердегі шу нормасы20 — 30
Жапырақтың сыбдыры10

 

 

 

Ерте замандағы қолжазбаларда музыканың адам ағзасына әсері, күші туралы аз айтылмаған. Б.з.д ІІІ – ғасырда Пергам патшалығы тұсында 3,5 мың көрермен сиятын музыкалық, медициналық театр салынған. Онда сазды әуендер ойналып, адамдарды қайғы – қасіреттен айыратын болған екен.

Ал енді, физикамен математика арасындағы байланысқа келсек, бұл екі пән өзара тарихи тығыз байланысқан. Оқушы математиканы толық білмейінше, ол физика есептерін еш уақытта шығара алмайды.  Сондықтан, мұғалім физикалық және математикалық ұғымдарды өзара пәнаралық сабақтарда уағыздап отыруы  керек. Мысалы: 7 – сынып физикасында заттың тығыздығы туралы тақырыпты өтіп, оның формуласын бергенде, оқушыларға математикадан пропорционал шамаларды өткенін еске түсіреді. Математикада: « Кез – келген x,y –тің  мәндеріне сай y/x қатынасы бір санға тең болса, онда  y айнымалысын х айнымалысына пропорционал деп айтамыз», — деген анықтама өтіледі. Мұғалім  p=     формуласындағы m – заттың массасы, ал V – көлем. Мұндағы  V мәніне сәйкес m – нің де мәні өзгеріп отырады. Ал, кез – келген m/V айнымалы р санына тең болады.

Сондықтан m айнымалысын  V айнымалысына пропорционал деуге болады.

Ал 7 – сыныптың « Гидравликалық машиналар» тақырыбына есептер шығарғанда математикадан дөңгелектің ауданын еске түсіру қажет. Қарапайым гидравликалық машинаға көлденең қиманың ауданы әр түрлі болып келетін екі жылжымалы поршеньдер орнатылған.

 

 

 

 

F1                                                   F2

 

 

 

P                                                P

 

 

Цилиндірлер бір – бірімен өзара жарғастырылып, оларға сұйық толтырылған.

Мысалы, гидравликалық машинаның  кіші поршендерінің диаметрі 3 см, ал үлкенініңкі 90 см. Гидравликалық пресс 2,7 *105 Н күш өндіру үшін, кіші поршеньге қандай күш түсіру керек?

 

Берілгені                                            шешуі:

F2 = 2,7 *105 H                                ;

d1 = 0,3 м

d2 = 0,9 м                       F1 =

т/к F1— ?

 

 

 

 

Ал, енді физикалық географиямен байланысын қарастырайық:

 

9 – сыныпта оқушылар еркін түсу үдеуі Жердің географиялық ендігіне байланысты өзгеретіні айтылған. Мысалы: полюсте еркін түсу үдеуі 9,83 м/с2. Мұндағы себебі, Жер   шар пішіндес емес. Ол полюстері жағынан біраз қысыңқы келеді. Яғни, полюстік радиус экваторлық радиустан 21 км – ге кем. Жердің экваторлық радиусы 6400 км болса, полюстің радиусы 6379 км.

 

N

 

 

 

 

 

W                                                                                    E

 

 

S

 

 

 

 

 

Осы шамаларды мына формулаға g=G  қойсақ, еркін түсу үдеуінің географиялық ендікке байланысты мәні шығады: 900 – g = 6,67* 10-11Н*м2 /кг

00-g =6,67*10-11 H*м2/кг

Ал біз есептеулер жүргізгенде еркін түсу үдеуін шамамен 9,8 м/с2 – қа тең деп аламыз.

 

Физиканы әдебиетпен байланыстыратын болсақ, осыған байланысты А. Байтұрсыновтың « Аққу шортан һәм шаян» өлеңін алуға болады.

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн,

Жегіліп, тартты үшеуі дүркін – дүркін

Тартады аққу көкке, шаян кейін,

Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.

 

 

Бұлардың машақаты аз болмады,

Жұмысы орнына кеп мәз болмады

Тартсада бар күштерін аямай – ақ,

Асылы, жүк орнынан қозғалмады

 

Оншама жүк артық ауыр емес,

Құр сырттан пәлен деу де тәуір емес

Жүк бірақ әлекүнге орнында тұр,

Біріңғай тартпаған соң бәрі тегіс.

Деген өлең шумақтарының мағынасын өзгертпей – ақ оны механика тұрғысынан түсіруге болады. Шамасы, аққу горизонталь жазықтықпен бұрыш жасай көкке қарай, шаян мен шортан горизонталь жазыққа сондай бұрыш жасай төмен тартады. Демек, бұл күштер бір жазықтықта жатыр деуге болады. Шаян мен шортан жүкке бұрыш жасай әсер етеді, ал аққудың күші олардың күшін теңгеріп тұрған соң, жүк орнынан қозғалмай тұр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Горизонталь жазықтық

 

 

Егер, оқушыларға шаян мен шортанның күші 3 Н – ға және олардың арасындағы бұрыш 600 – қа тең деп олардың теңәрекетті күшін тап десек, онда:

 

 

 

 

Y                  F1

 

F1y                                                                                                    FR

 

 

                      F1 x                                F2                                       x

 

 

                                                                                                                                             

 

Берілгені:                                   Шешуі:

F1 =3H                                  F1 x = F1 cos 600 =1,5

F2 = 3H                                 F1y = F1 sin 600 = 1,5

< = 600                                 = (1,5;1,5 )

 

т/к: FR -?

— = F1+ F2 =  (- 4,5; 1,5 )

 

= (-4,5; 1,5 )

 

Теңәрекетті күш  FR = 5,2 Н

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды.

 

Физика сабағын пәнаралық байланыстар негізінде үйымдастыру ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуына, адамзаттың интелектуалдық өрісін байытуға, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің бірлігіне, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми қөзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Физика ғылыми-әдістемелік журналы №4 2005

  1. 7 сынып, 9 сынып мектеп оқулығы