АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

41

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. [1]

Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы  жаңа көзқарасы олардың педагогикалық  өміріндегі қосымша  оң өзгерістер  енгізуге  мүмкіндік беруде.  Білім сапасын көтеру мақсатында түрлі жаңалықтарды мектеп өміріне енгізіп жүрміз. Жаңа заманның білімді ұрпақтарын тәрбиелеп оқытуда түрлі қиындықтар кездеседі. Соның жолдарын іздеуде көптеген іс- тәжірибелер жасаудамыз. [2]

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу,тәрбие үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор.  Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқыту әдістері жүйеленіп берілсе, білім берудің сапасы артады. Оқушыларға алтын уақытыңды орынды пайдаланып, оларға тың мағлұмат, тың дүние беру –ақпараттық қатынастық технологиялардың жетістігі [3]

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге физика сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сабақта компьютерді пайдаланудың тиімділігін былай саралап көрсетуге болады.

1.Оқушы мен мұғалімнің позитивтік оң қатынаста болуына ықпал етеді. Олай дейтініміз, оқушылар компьютермен тікелей қатысты болғандықтан өзін еркін сезінеді.

2.Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін-өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің  көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.

3.Берілетін материал бірсарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз аяқталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін  физика  сабағында компьютер арқылы оқушылардың белсенділігін арттыратын элементтер қолданылады. Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.[4]

Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдерден шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Сондықтан, ХХІ ғасырдың информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.

Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту үрдісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде — өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашады.[5]

Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологиялардың тиімділігі өте жоғары деп айта аламыз.  Физика сабақтарында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

—  Оқушының өз бетімен жұмысы;

—  Аз уақытты көп білім алып, уақытты үнемдеу;

—  Білім – білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

—  Шығармашылық есептер шығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

—  Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

—       Қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;

—       Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Оқытушы сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны пайдалану  оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.

Физика – оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі буын. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгертіп қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салады. Өзіне қажетті мазмұын мен мәліметті ақпарат көзінен таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.[6]

Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр — ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Әр сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылар бойынан төмендегі қабілеттерді дамытуды мақсат етіп қойып отырмыз:

  1. Білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;
  2. Жауапкершілік пен міндеттерін қалыптастыру;
  3. Есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;
  4. Логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
  5. Өз бетінше ізденуге үйрету және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу;
  6. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану — білім сапасының артуына әкеледі. Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге үйретеміз. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашу. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.[7]

Білім теңіз, оның тереңіне бойлай жетік білетін, сырын меңгерген, құпиясын аша алатындар ғана бойлай алмақ, мұндай адамдарды мұғалімдер ғана тәрбиелеп, дайындайды. Мұғалім білімді оқушы санасына сабақ арқылы жеткізеді, ал сабақ сапасын арттыру — барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Күн сайын өтетін жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан, сабақты жандандырудың әдіс-тәсілдерін іздестіруге, бұған оқушыларды тартып, олардың белсенді шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруды міндет етіп қою қажет.

 

 

Әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан, — Астана, 12.26. 2011 ж. [1]

2.Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлкеттік бағдарламасы. 2008 ж. 01.07.№626. //Казахстанская правда. — Астана, 2008 ж. 19 шілде.[2]

3.Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2011-2020 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы. – Астана, 07.12. [3]

4.«Физика және астрономия» журналы, 2012 жыл [4]

  1. А.Ж. Қалығұлов  «Физика есептерін шығару»[5]
  2. Ж. Абдулаев «Механикаға кіріспе»[6]
  3. К. Нұргелдиева, Ж.Бақынов «Физика есептерін шығару»[7]