Жас ерекшеліктеріне сай ойын әдіс-тәсілдерінің қолдануы.

53

 

Жас ерекшеліктеріне сай ойын әдіс-тәсілдерінің қолдануы.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның ролі ерекше. Тәрбиеші бағдарламада көрсетілген сюжетті-рөлдік қимыл-қозғалысты дидактикалық дамытушы және басқа да ойын түрлерін пайдалан отырып топтағы баланың ойын әрекетін ұйымдастыра білуі тиіс.Қай бала болмасын ойнап өседі.

Ойнау сырттай қараған да анау айқандай қиындығы жоқ оп-оңай тәрізді көрінуі мүмкін. Ал , іс жүзінде бала үшін ойынға қатысты балалар мен тіл табысын өзінің ойлаған ойын іске асыру оңай емес. Мәселен, ролдерге бөлген де балаға өзіне ұнамсыз рөл тиуінің өзі- ақ көп нәрсені шешеді. Сондықтан тәрбиешінің міндеті- балаларды ойын өз қызығушылығымен ынтасымен қатысуын қамтамассыз ету. Сонда ғана ойын өз мақсатына жетіп, тәрбиелік мәні артта түседі.                                                                       Кішкентайлар тобындағы сәбилердің екі-үшеуден бірігіп ойнауы келе-келе ұжымдық бағыт алады.

Ересектер тобының балалары алған білімдеріне  өмірден жинаған азды-көпті тәжірибелеріне сүйене отырып  тәртіптерін мінез-құлықтарын жағдайға қарай бейімдей алады. Балалардың өзара қарым-қатынастары тұрақты қажеттілікке айнала бастайды.

Тәрбиеші ойын ойнауға жағдай жағдай туғызумен қатар, балалардың ойынға деген белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Топта өзара ынтымақтастық жағдайында балалардың ойында өз қалауымен бастауы не болмаса ойынға еркімен қатысуы аса маңызды. Тәрбиеші ойын барысында сұрақтар қойып қызықты әңгімелер айтып балалардың ойынға деген қызығушылығын арттырады. Тәрбиешінің балалармен бірлесіп ойнауы олардың ой –өрісін кеңейтіп көп нәрсені аңғарып білуіне септігін тигізеді. Сәбилер тобымен салыстырғанда ересектер тобы балаларының ойынын ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар . Сәбилер тобындағы балалары үшін ең қажеттісі  түрлі ойыншықтар. Ал , ересектер тобын да ойын әрекетін ұйымдастыру ойыншықтардың аз-көптігіне қарайды. Қайта ересектер тобының балалары ойынды өздігімен ұйымдастыру барысында қандай ойыншықтар керек екенін өздері келісіп , анықтайды. Тәрбиеші  балалардың ойын кезіндегі қарым-қатынастарына дер кезінде дұрыс бағыт беріп отыруы қажет.

Сюжетті- рөлдік ойындарды балалар өз беттерімен үш-төртеуі бірігіп ойнай береді. Бірақ олардың сюжетті өрбіте алмай, қарапайым ғана ойнап әрі қарай не істерлерін білмей дағдаратын кездерін жиі байқауға болады. Соған орай тәрбиешінің міндеті ойындағы бастапқы кездері басшылық жасай отырып ойынды өз мәнінде ойнай білуге үйрету. Топтағы балаларды рөлдерге бөлгенде ойынды басқарушы баланы тағайындағанда әр жолы кезектестіріп отыруы қажет.

Жыл бойы ойнаған сюжетті- рөлдік ойындарды жыл аяғында кеңейтіп кешенді түрде ойнатса бүкіл топтың балалары түгел қатысып ойын мазмұнды қызықты өтеді. Тәрбиешінің міндеті баланың қиялын әрі қарай өрбітуге жағдай жасап асқан шеберлікпен бағыт беріп басшылық жасау ойын балалардың оқуға еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.