АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫН ТҮРЛЕНДІРІП ӨТКІЗУДЕГІ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ

АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫН ТҮРЛЕНДІРІП ӨТКІЗУДЕГІ  МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ

 

Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, ІІІ тарауы, 18-ші бағытының 7-ші тармақшасында: «Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» делінген, сондай-ақ 17-ші бағыттың 3-ші тармақшасында «он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деп көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық  технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы мол.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеті мамандар дайындауда үлесі мол.

“Мұғалім – мектептің  жүрегі” – деп  Ы.Алтынсарин  айтқандай  оқушыға  ақпарат  мұғалім  арқылы  жетеді. Біздің  қоғамымыздың  болашағы  жастар  болғандықтан  мұғалімдерге  білім  жүйесінде  көп  күш  жұмсау  қажеттілігі  туындап  отыр. Қоғамның  қарқынды  дамуы  білім  мен  мәдениетіне  байланысты.  Баланы  болашаққа  дайындау – бүгінгің  күннің  ең  негізгі  мәселесі. ХХІ  ғасыр  ақпараттандыру  ғасыр.  Ол  жаңалықтың  жаңа  технологияның  дамыған  кезеңі.  Қоғамды ақпараттандыру – мәдениетін  дамуының  шарттарының  бірі.

“Ақпарат”  сөзі  латынның  түсіндіру, баяндау, мәлімет  деген  ұғымдарды  білдіретін  сөзінен  шыққан. Қазіргі  кезде  ақпарат  күнделікті  тұрмысқа,  ғылымның  әр  түрлі  философия, экономика, физика, математика, информатика  т.б.  Салаларына  кеңінен  енгізіліп  келеді.  Бірақ  әрбір  ғылымның  ақпарат  туралы  өз  ұғымы  мен  түсінігі  бар  екендігі  бізгі  күмән  келтірмейді.

Ақпаратты қоғамға сай баланы тәрбиелеу-мұғалімнің міндеті болып отыр.Терең білімді, ақпарат техникаларды меңгерген мұғалім баланың ақпарраттық мәдениетін қалыптастырады.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, сонымен бірге кез-келген ақпарат көзімен анықтамалықтарды, сөздіктерді энциаклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, әрине теледидар бағдарламаларын дұрыс пайдалана білу деген сөз.

Ақпараттық мәдениет –бұл  адамдармен адамдардың әңгімелесе білуі, теледидар мен интернетті талғамды түрде қарау немесе қарамау болып табылатын болса,алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білсек, және өзгелердің өз еркіндігімізді шектей білуіміз қажет.

ХХІ  ғасыр  ақпарат  ғасыры  болғандықтан  әрине  адамзаттың  барлығын  компьютерлік  сауаттылық  қажет  екендігі  айдан  анық.  Ал  бұл  сауаттылықтың  алғашқы  баспалдағы  мектептен  басталатындығы  белгілі.  Мектеп  қабырғасынан  оқушылардың  теориялық  білімі  мен  қатар  практикалық  білімнің  ең  алғашқы  шарттарын  меңгеруі  тиіс.

Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды  тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тис екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты  XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық

 

оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.

Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез-келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды,  сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с дұрыс пайдалана білу деген сөз.  Ақпараттық мәдениет- бұл әңгімелесе білу,  теледидар, хабар (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркндігіне шектей білу.

 

 

 

 

 

 

XXI  ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік  сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғы шарттарын меңгеруі тиіс. Ал, теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің  қажет екендігі даусыз. Ақпарат өзімен өзі болмайды. Ол іздестірудің, жинаудың, сақтаудың, жеткізу мен өңдеудің және  пайдаланудың барысында, басқаша айтқанда, ақпараттық процестерде айқындалады. Ақпараттық процестерді  зерттейтін  ғылым  информатика  деп  аталады. Ақпараттық  процестерді  жүзеге  асыратын  негізгі  құрал – компьютер.

Ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.  Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру  бағыттарының бірі ақпараттық-коммуникациялы  технологияларды білім беру саласына енізу жұмыстары болып саналады.

Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ.  Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электорндық пошта, телеконференция, видео-конференция, телекомуникатйиялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

Басқа елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуда, ақпараттар ағымынанқалыспауда, интернет, электронды пошта құралдарын пайдалануға долатыны белгілі. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет жүйесінде жұмыс істей білуіне жағдай жасап отыру қажет.

 

Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып , оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар оқушылар өздеріне керекті мәлеметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз екендігі белгілі.Мекткеп оқушыларының, бойына ақпараттық мәдениетті қалыптастыру-білім беру саласындағы өзекті мәселелердің бірі болады. Біздің заманымыздың талабына сай, ақпарат алудың активті және пассивті түрлері пайда болды.

Ақпарат алудың активті түрі.

Теледидардың пайдасы

Саяси ақпаратты хабарларды көру – баланың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың бірден – бір көзі «Хабар»,«Жеті күн», «Айна» т.б. хабарлар арқылы ел жаңалықтарын әлем жаңалықтарын көруге мұғалім талпындыруға болады, балаладың саяси білімі артады. Оқушыладың саяси мәдениеттілігі сауаттылығын арттыруға пайдасы бар. «Айтыс», «XXIғасыр лидері» т.б. бағдарламалар оқушылардың білімін, біліктілігін, сөздік қорын дүниетанымын кеңейтеді. Сондықтан мұғалімдер өз сабағында осы бағдарламаларды көру тиімді екніне назар аударуы қажет. Кейбір бағдарламалар мақтауға тұрарлық. Мысалы: жануарлардың өмірі, балеттік қойылымдар баланың дүниетанымын мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.

Теледидарға құмар болудың зиянды жақтары

1.Ұлттық психологиялық денсаулық институты хабарлағандай мектеп оқушыларын теледидар алдында көп отыру салдарынан үлгерімі төмендеп кетеді.Үлгерімнің төмендеуі

2.Кітап оқуға уақыт бөлмейді.

3.Кейбір арналарда күнделікті телебағдарламалар жарылыстар атыстар, өлтіру, зорлық, порнография (жыныстық қатынас) көрсетіледі. Зерттеушілердің айтуынша осы телебағдарламалардағы зорлық-зомбылықты көп көретін бала қатігез, дөрекі болады. Мысалы қабырғаға жазатын, терезені сындыратын, ойын кезінде агресивный болады.